Ислам революциясы жетекшісінің имам Хомейни қайтыс болған күніндегі сөзі
«14 хордад келді, елдің түпкір-түпкірі уайым-қайғаға батып, халық ұлы тұлға, теңдессіз басшы, мейірімді жүрегі мен ерік-жігері мықты, иманы терең, дана, терең ойға ие кемеңгер адамды еске алуда...".
Ислам революциясының іргетасын қалаушы имам Хомейни 1989 жылдың 3 маусымында дүниеден озды. Яғни Ислам революциясының көсемі имам Хомейнидің қайтыс болуынан 32 жыл өтіп, аятолла Хаменеи 32 жыл бойы бұл тарихи тұлғаны еске алып, имамның жолын жалғастырып келеді. Имам Хомейнидің қайтыс болуының 32 жылдығына арналған сөзін аятолла Хаменеи былай деп бастады: «14 хордад келді, елдің түпкір-түпкірі уайым-қайғаға батып, халық ұлы тұлға, теңдессіз басшы, мейірімді жүрегі мен ерік-жігері мықты, иманы терең, дана, терең ойға ие кемеңгер адамды еске алуда. Біздің халқымыз бен мемлекетіміз бүгін және келешекте бұл тұлғаны еске алуды қажет етеді».
Аятолла Хаменеи «Ислам республикасын», яғни исламға және ислам ілімдерінен алынған демократияға негізделген үкіметтің құрылуын имам Хомейнидің ең маңызды бастамасы деп атады. Оның тұрақтылығына ешкім сенбеді және кейде партия немесе топ немесе жекелеген адамдар оның күйреуін болдаған. Имам заманында бұл кісінің қаталдығы мен табандылығы және соғыстағы жеңістері бұл болжауларды тоқтатты. Бірақ имам Хомейни қайтыс болғаннан кейін бұл сөздер қайталанып, соңғы кезде АҚШ-тың жоғары лауазымды басшыларының бірі (Джон Болтон): «ИИР қырық жылдығын көрмейді»,- деген болатын.
Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша, бұл сарапшылардың көбінің пікірлері әлемде орын алған және жылдам басылған революциялардың нәтижесінде туындаған көтерілістер мен жүйелерге сүйенеді. Мәселен, ұлы француз революциясы 15 жылдан кейін құлдырады. Иранның өзінде екі конституциялық және ұлттық қозғалыс, басталғанынан бірнеше жыл өткен соң, Реза ханның диктатурасының билікке келуімен және Мұхаммед Реза Пехлевидің төңкерісімен сәтсіздікке ұшырады. Аятолла Хаменеи «неліктен Ислам республикасы барлық осындай қастыққа қарамастан, басқа режимдер мен революциялардың тағдырына тап болмады?» деген сұраққа: ««Бұл жүйенің құпиясы және осы жүйенің мәңгілігі – «республика» және «исламдық» деген екі сөзде. Бұл екі сөз бірігіп, республика және исламдық, халық және Ислам, республика яғни халық және исламдық яғни Ислам, діни халық демократияны білдіреді»,- деп жауап берді. Аятолла Хаменеи имам Хомейидің ұлы ісіне сілтеме жасай отырып, ол Ислам республикасы теориясының қатаң қарсыластармен бетпе-бет келгенін еске салды. Ел жүйесі мен өмір жүйесінің исламдық нормалар мен ережелермен басқарылуы керек екендігін зайырлы діни емес адамдармен қабылданбады. Олар дінді әлеуметтік мәселелерге және елдің саясатына араластырғысы келмеді. Кейбіреулері дінді қоғамның апиыны және дін қоғамға зиянды деп санады. Секуляристер исламның билікке қатысуына қарсы болды. Аятолла Хаменеи Ислам республикасының халық республикасына болуына қарсыластарды екі топқа бөліп: «Қарсыластардың бірқатары зайырлы либералдар, олар демократияны либералдар мен технократтар құруы керек және мұның дінге еш қатысы жоқ деп санайтындар. Діни демократияның қарсыластарының екінші тобы дінге сенеді, бірақ халықтың діни басқаруға ешқандай қатысы жоқ және дін үкіметті халықтың сеніміне сүйенбей құруы керек дейді. Оның экстремистік түрі соңғы жылдары қалыптасқан ДАИШ болды. Бірақ имам Аллаға арқа сүйеп, адамдарға сеніп, дін туралы терең білімімен өз теориясын алға тартып, қоғамдағы осы үлкен жаңалықты жүзеге асырды. Революция жетекшісі діни билік алықтың қатысуына сүйенеді деп біліп: «Діни билік Құран Кәрімде айқын баяндалды. Басқа жақтан Құран «Ниса» сүресінің 64-ші аятында: «Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бой ұсынылуы үшін ғана жібердік»,- деп жариялайды. Және «Тәубе» сүресінің 12-ші аятында: «Егер олар, уәделескеннен кейін анттарын бұзып, діңдеріне тіл тигізсе, қарсылыққа жетекші болғандармен соғысыңдар»,- деді.
Ислам революциясы жетекшісі бұл аяттар бойынша Пайғамбардың (с.ғ.с.) Мединеге енген кездеисламдық үкімет құрғанын еске салды. Пайғамбар (с.ғ.с.) дүниеден озғаннан кейін хазіреттің орынбасары туралы қайшылықтар болғанымен, ешкім үкіметтің дін мен Құран негіздеріне сай құрылуына күмәнденбеді. Діни жетекші Құран аяттары мен рауаяттарға сүйеніп, қоғамның барлық мүшелерінің оның жағдайына жауапты екеніне тоқталды. Құран Кәрімде де рауаяттарда да кез келген адамның жауапты болуы туралы айтылды. Аятолла Хаменеи халықтың қолдауы мен қажеттілігі туралы халықтың қолдауынсыз үкіметтердің күш пен қысымға жүгінуден басқа амалы қалмайтынын баса айтты. Ал исламдық үкіметте зұлымдыққа жол берілмегендіктен, оны құрып, жұмысын жалғастыру халықтың қолдауымен ғана мүмкін болады. Аятолла Хаменеи имам Хомейнидің елдің мәселелерін шешу үшін исламды ұстанудың және халықтың қатысуы керек деп білгеніне тоқталды. Имам Хомейни ұстанған ислам үстемшілдікке, жемқорлыққа, бөгделердің билеп-төстеуі мен бөгде құдыреттердің елдің ішкі істеріне араласуына қарсы болып: «Ислам - жемқорлықпен күресетін ислам, исламдық үкімет - жемқорлықпен күресетін исламдық үкімет. Ислам мақұрымдардың жақтасы»,- деген.
Аятолла Хаменеидің сөзінің бір бөлігінде Ирандағы алдағы президенттік сайлау туралы тоқталып, оны діни міндет деп деп тапты. Ислам революциясы жетекшісі, Алланың мейірімімен діни халық демократиясы мен Ислам республикасының қадір-қасиеті мен беделінің бүгінгі күні сақталғанына риза болып, халықты өздерінің ынта-ықыластарымен сайлауға қатысуға шақырды. Аятолла Хаменеи әртүрлі сылтаумен сайлауға қатыспау дұшпанның қалауына сай болатынын ескертіп, егел халық демократиясы мен дін негіздерінің бірі осалдығын білдірсе, Ислам мен Иранның зардап шегетінін мәлімдеді. Аятолла Хаменеи: «Егер билікте біліксіздік, тиімсіздік және әлсіздік болса, сайлауға қатыспау арқылы емес, керісінше жаппай қатысып, дұрыс таңдау жасау арқылы және халықтық-исламдық үкіметті сайлау арқылы дұрыстау керек»,- деді. Ислам революциясы жетекішсі үміткерлерден халыққа адал болуды және өздері сенбейтін ұрандар айтпауды сұрады. Аятолла Хаменеи сонай-ақ үміткерлерге жеңіске жеткен жағдайда, байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты азайтып, сыбайлас жемқорлықпен күресіп, отандық өндірісті өрістетіп, контрабанда мен заңсыз импортпен күресіп, ұлттық өндірістің алдындағы тосқауылдарды алып тастап, әлеуметтік әділеттілікті ұстану туралы ақыл-кеңес берді.