Имам Хұсейннің (ғ.с.) Арбағины – Маһдави үкіметтің құрылуының бастамасы
(last modified Sun, 26 Sep 2021 18:44:31 GMT )
Қыр 27, 2021 00:44 Asia/Almaty
  • Имам Хұсейннің (ғ.с.) Арбағины – Маһдави үкіметтің құрылуының бастамасы

Имам Мәһди (ғ.с.) шиіттердің әйгілі ғалымы шейх Муфидке жолдаған хатында: «Егер біздің шиіттер - бізбен келісім жасасу үшін бірігіп, жүректерін біріктіретін болса, онда біздің кездесуіміз туралы хабар кешікпейді және біздің кездесуіміз тездетіледі»,- деп жазды.

 

Ашура оқиғасынан қырық күн өтті. Ашура - қан мен көтеріліс, найзаға көтерліген кесілген бастар, ұрып-соғылған балалар.   Язидшілер Алла Елшісінің (с.ғ.с.) отбасының қорлыққа түскен көрсін деп,  қырық күн бойы жақындарынан айырылған хазіреттің перзенттерін  көгерген беттері мен жарақаттарына қарамастан дала мен көшелерді және қирандыларды аралатты. Бірақ...

 

Бүгін 21-ші ғасырда әлем басқа оқиғаның куәсі болуда. Миллиондаған халық Кербала қаласына жеткізетін жолдарға шығып, ағынды өзен сынды қасиетті қалаға қарай ағылды. Осы кезде Язид сарайында хазірет Зайнабтың дауысы кез келген уақыттан қаттырақ естілгендей. Бұл дауысты жүрекпен естуге болады. Тұтқынға түскен хазірет Зейнаб тақта отырған патшаға: «Әй, Язид, қолыңан келген кез келген айланы жаса, мүмкіндігінше әрекеттең, бар күшіңді қолдаң, бізді құрметтеген Алламен ант етемін, еш уақытта адамдардың жүрегінен біздің есімімізді жоя алмайсын»,- деді.

Имам Хұсейн (ғ.с.) хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) исламының мәдениетін жаңғырту үшін және ислам діні мен ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетінің өзгертілуінің алдын алу мақсатпен сол кезде халифа Язидке қарсы шықты. Имам Хұсейн (ғ.с.) хиджри-қамаридің 61 жылы куфе халқына жазған хатында: «Алла елшісінің тірі кезінде «Кім Алланың харам еткен нәрселерін халал деп санайтын, иләһи келісімдерді бұзатын, Алла Елшісінің дәстүрі мен әдепіне қарсы шығатын, Алланың қызметшілерінің арасында күнәмен және дұшпандықпен әрекет ететін   залым билеушіні көре тұрып,  оған ауызша немесе  іс-әрекетімен қарсылық білдірмеген адамды Алланың сол залыммен бір қатарға қосып, олардың екеуінің тағдыры ұқсас болады» деп айтқанын білесіндер»,- деді.  Имам Хусейн (ғ.с.) осы хатпен, өзінің шынайы оқырмандары яғни  әлемнің барлық еркін адамдарына  өз мақсатын жариялады және баршаны залымдарға қарсы  күресте ынтымақтастыққа шақырады. Қазіргі кездегі имам Хұсейннің (ғ.с.) Арбағиніне миллиондаған халықтың қатысуы олардың имамның жолдауын алуларына себеп болды.

Бізді қоршаған әлемге бір қарағанда, әлемнің мейірімділіктен бас тарту, бай мен кедей қоғамдар арасындағы алшақтықтың ұлғаюы, үлкен және кіші үкіметтер арасындағы айырмашылықтар мен қақтығыстардың күшеюі, қылмыстардың, моральдық, рухани және интеллектуалдық бұзылулардың және машиналық өмірдің қалаусыз және күтпеген өнімдерінің өршуі сынды апатқа бет алғанын байқаймыз. Барлық осы  факторларға қарамастан,  адамзатқа жарқын   болашақ әкелетін  Құтқарушының келетініне деген үміт бар. Құтқарушыға деген сенім хазірет Ибрахимге қатысты және қатысты емес барлық діндерде бар. Заратуштра дінінде «Саошиант» атты адамды күту ерекше орын алады. Ежелгі зороастрлық кітаптарда бұл уәде етілген адамның келуімен әлем әділдікке толып, жаңа тәртіп орнатылатыны, қысымның жойылатыны көрсетілген. Ол келгеннен кейін барлық адамдар діндар болады және достық пен мейірімділік орнатылады.

Иудаизм, кейбір еврейлер «Моших» деп атайтын, құтқарушыны және христиандар хазірет Исаның қайтып келуін күтуде. Исламда бұл құтқарушы – хазірет Мәһди (ғ.с.), хазірет келсімен бейбітшілік, әділет пен руханиятқа сүйенген әлемдік үкімет орнатылады.

Шиіттер мазхабының көзқарасынша, имам Мәһди (ғ.с.) имам Хұсейннің (ғ.с.) ұрпақтарынан және жолын жалғастырушы. Арбағинның миллиондаған зияратшылары әлемдіктерді имам Хұсейннің (ғ.с.) жолы және әдісімен таныстырады. Имам Мәһди (ғ.с.) келген кезде өзін Пайғамбарға (с.ғ.с.) емес, имам Хұсейнге байланыстырып: «Уа, әлем халқы, мен көзден ғайып жүрген Имаммын. Уа, әлем халқы, мен кек алудың семсерімін. Уа, әлем халқы, менің бабам - шөлдеген кезде өлтірілген хазірет Хұсейн (ғ.с.). Уа, әлем халқы, атам имам Хұсейнді (ғ.с.) өлтірген соң, жерде  жалаңаш қалдырды және жылқылар таптап кетті»,- деді.  

 

Адамзат құтқарушысының келетіні сөзсіз. Қайшылықтар оның келу уақытына байланысты. Рауаяттарға сәйкес, әлем мұндай үкіметті қабылдауы үшін дайындықтың бірнеше түрі қажет. Олардың ішінде  ең маңыздысы - адамдардың интеллектуалдық және мәдени дайындығы. Егер халық мұны қаламаса, психикалық және психологиялық жағдайлар қамтамасыз етілмесе, ол келмейді. Имам Хұсейннің (ғ.с.) қозғалысы халықтың қолдауының жоқтығынан жеңіліске ұшырады және хазірет (ғ.с.)  шәһид болды. Имам Мәһди  (ғ.с.) келуі де осы шартты талап етеді. Басқаша айтқанда, адамдар   адамзат әлемінің құтқарушысының ұлы көтерілісін қабылдайтын   деңгейіне жеткен болуы керек. Бұл дайындықтың болуы уәде етілген құтқарушының келуінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Имам Мәһди (ғ.с.) шиіттердің әйгілі ғалымы шейх Муфидке жолдаған хатында: «Егер біздің шиіттер - бізбен келісім жасасу үшін бірігіп, жүректерін біріктіретін болса, онда біздің кездесуіміз туралы хабар кешікпейді және біздің кездесуіміз   тездетіледі»,- деп жазды.

Көптеген діни сарапшылардың пікірінше, Кербала көтерілісін ұмыттырмайтын Арбағин – имам Мәһди (ғ.с.) билігі кезіндегі махдави қоғамының кішірейтілген үлгісі. Маңызды дереккөздер мен кітаптарда ақырзаманның шарттары мен Құтқарушының (ғ.с.) келу уақыты мен шарттары туралы былай делінген: «Адамдардың бәрі бір-біріне мейірімді, олар бауырлар сынды, іс-әрекеттері достық пен бауырмалдыққа негізделген. Адамдар қалталарынан қажет мөлшердегі ақшаны алып, бір-біріне қолдарынан келгенше көмектеседі». Бұл шарттардың барлығын Арбағинде көруге болады. Арбағин шеруінде кез келген діни және этникалық айырмашылықтарға қарамастан барлық зияратшылар  бейбітшілік пен тыныштықта бірге жолға шығады. Барлығы дос және бауыр болады. Кербала зияратшысы қалағанын жейді, қалаған жерінде ұйықтайды. Бірдеңе алу үшін ешкім ақша төлемейді. Барлығы имам Хұсейннің (ғ.с.) махаббаты мен сүйіспеншілігіне байланысты., Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи  Арбағин кезіндегі жая жүру туралы: «Соңғы жылдары бірегей және бұрын -соңды болмаған құбылыс пайда болды, бұл Наджаф пен Кербала немесе Наджафтан алыстау кейбір қалалардан Кербалаға дейінгі жаяу жүру. Адамдардың кейбіреулері Басреден, басқалары шекарадан, біреулер басқа қалаларданжаяу жолға шығады. Бұл махаббат пен сенім қозғалысы. Біз бұл жолға шыққандарға алыстан және қызғанышпен қараймыз»,- деді.