Ешқашан өшпейтін жарық
(last modified Mon, 04 Oct 2021 14:16:18 GMT )
Қаз 04, 2021 20:16 Asia/Almaty
  •  Ешқашан өшпейтін жарық

Бүгін адамзат өмірінің бағытын өзгерткен және жаңа дінді әкелген тарихтағы бірегей тұлға Алла Елшісінің (с.ғ.с.) дүниеден озған күні.

 

Бүгін адамзат өмірінің бағытын өзгерткен және жаңа дінді әкелген тарихтағы бірегей тұлға Алла Елшісінің (с.ғ.с.) дүниеден озған күні. Хазірет Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағенің» 197-ші құтпасында Пайғамбардың (с.ғ.с.) өмірінің соңғы сәті туралы: «Алла Елшісі жан тапсырған кезде, басы менің кеудемде жатты.  Мен хазіретке ғұсыл құйдым және періштелер маған көмектесті. Үйдің есігі, қабырғасы мен ауласы жарылған. Кейбір періштелер жерге қайтты, басқалары аспанға көтерілді. Алла елшісін (с.ғ.с.) жерлегеніме дейін, ол үшін намаз оқығандардың дауысы үнемі естіліп жатты»,- деп жазды.  

Әлемнің барша мұсылмандарына Исламның ұлық пайғамбарының дүниеден озған күніне орай көңіл айтамыз.

 

Илаһи пайғамбарлар - адамзат керуендерін мақсатына апаратын жүректердің әміршілері. Тарих бір ел адасқан немесе қалып қойған  кезде, пайғамбарлардың бірінің оларға көмекке асығып, оларға жаңа жол ашқанынын куә етеді. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) – беғсат кезінен  жарқыраған илаһи пайғамбарлар тізбегінің соңғы буыны, теңдессіз тұлға. Бүгін Алланың таңдаулы пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) дүниелік өмірінің аяқталғанына бірнеше жүз жылдан астам уақыт өтті. Бірақ хазіреттің әсері 63 жыл өмірінен әлдеқайда асып түседі. Өйткені оның миссиясы адамзаттың бүкіл тарихы мен талпыныстарын қамтиды және ол адамзаттың болашақ бағытын көрсетеді. Мұхаммед (с.ғ.с) - бірегей көшбасшы. Оның ілімдері күн сайын жаңа жарқыраған таң сияқты жарқырап тұрады және шақыру үні көтеріңкі және қызықты. Оған және оның таза жанына – сәлем.

Исламның ұлық пайғамбары дүнеден озуынан бір ай бұрын: «Кететін уақыт жақындады, бұл Аллаға қарай қату. Мен сендер үшін екі нәрсені қалдырамын: Алланың қасиетті кітабы мен отбасымды. Алла маған бұл екеуінің Кәусардың жанында маған қосылғанша дейін, еш уақытта бір-бірінен ажырмайтыны туралы хабар берді. Сондықтан бұл екеуімен қалай қатынас орнату туралы ойланыңдар»,- деді. Бұл Исламның ұлық пайғамбары қатысқан соңғы кездесу болды. Сол күні ол өз халқының болашақ жолын белгілеуіне қуанышты болды. Пайғамбар айналасына жиналған адамдарға: «Уа, халайық, біліңіздер, менен кейін пайғамбар болмайды және менің сүннетімне кейін сүннет болмайды. Кімде-кім пайғамбармын десе, ол оның жеке талабы және оның орны тозақ болады.  Әй, адамдар, сендердің құқықтарың бар, тарамаңдар және мұсылман болып қала беріңдер»,- деді.

Илаһи пайғамбарлардың заңдылығын білудің ең жақсы жолдардың бірі - олардың ақлақ ерекшеліктерін зерттеу. Исламның ұлық пайғамбарының маңызды ерекшеліктерінің бірі исламның дамуына әсерін тигізген  жақсы ахлағы мен мейірім сөздері болды. Қасиетті Құранда Алла Елшісі (с.ғ.с.) талай рет мадақталып,   кейбір  қасиеттері туралы айтылды. «Әл-Имран» сүресінің159-шы аятында: «Оларға Алланың мейірімі бойынша, жұмсақ сыңай байқаттың. Егер тұрпайы, қатал жүректі болсаң еді, әрине олар маңайыңнан тарқап кетер еді. Сондықтан оларды кешірім етіп, олар үшін жарылқау тіле де іс жөнінде олармен кеңес қыл..»,- деп айтылды. Пайғамбардың 23 жылдық адал талпынысы адамзат қоғамында  адамгершіліктің және әділдіктің берекелі мұрасын қалдырды.  Жабайылық пен қантөгістен басқа ештеңе білмейтін және ғылым мен білімнен айырылған араб халқы үшін Исламның келуімен   ортақ пікір мен ынтымақтастық жағдайы туды. Пайғамбар (с.ғ.с.) жаратылыс пен өмірге жаңаша көзқараспен қарайтын сахабаларды дайындаған. Олардың жүректерінде Алла Тағалаға деген махаббаты толқып, бауырластық пен жанашырлық бұрыннан келе жатқан өшпенділік пен дұшпандықтың орнын толтырды. Мұсылмандар Алла Елшісінің мектебінде  әділдік және ізгілік сабағын алды. Пайғамбар мектебінде ең таза адамдар тәрбиеленді. Салман, Абузар, Аммар Ясер және басқалар еркін адамдардың үлгісі болып табылады.

Илаһи пайғамбарлардың көрнекті ерекшеліктерінің бірі - көпқұдайшылыққа, ырымшылдық пен зұлымдыққа қарсы күресуі. Ислам пайғамбарының миссиясы кезінде немқұрайлылық пен надандық Арабстан халқының ерекшелігі болды. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) монотеистік ойды насихаттай отырып, сол кездегі қоғамға үлкен өзгерістер әкелді. Өзінің ағартушылық ілімімен ол ыдыраған халық үшін үлкен өмірлік жоспар құра алды. Құран кітабы ұйықтап жатқан адамзатқа айқын дәлел болды. Бірте-бірте бөлінудің тамыры жойылып, халық бауырлас болды. Хазірет исламдық үкімет құрумен айналысқанымен, ешқашан билікке ұмтылмаған. Оның мақсаты - жалғыз Аллаға ғана табынуға болатын әділ үкімет құру. Исламдық үкіметте мұсылман еместер де әлеуметтік құқықтар мен міндеттерге ие болды және Алла мен Оның Елшісінің (ғ.с.) қорғауында жайлы өмір сүрді.

Адамның ең басты парызы – Пайғамбардың (с.ғ.с.) жолы мен дініне бағыну деп айтуға болады. Құран Кәрім «Ниса» сүресінің 64-ші аятында: «Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бой ұсынылуы үшін ғана жібердік...»,- деді. Алла Елшісі адамзатты  азғындау  жолын кемелдікке қарай өзгертіп, надан және жабайы адамдарды өркениетті және мәдениетті халыққа айналдырды. Алла Тағала Пайғамбарды адамның үлгісі, үлгілі билеуші ​​және барлық әлеуметтік, саяси, экономикалық және діни мәселелерде тиімді тұлға ретінде жіберді. Хазірет Алланың ризалығынан басқа ештеңені ойламайтын, кез келген тайғақтаудан сақталған,  өзінен гөрі адамдарға көбірек жанашырлық білдіретін тақуа адам. Ол - жақсы ақлақ пен Алланың ұлылығының көрінісі. Пайғамбардың жолымен жүру адамзатты кемелдік пен бақытқа әкеледі. Құран Кәрім халықты Пайғамбардың сөзі, амалы мен әдет-ғұрыпын үлгі тұтуға шақырады. Алланың елшісі (с.ғ.с.) адам болмысымен үйлесімді және әр заманда және әр уақытта оның қажеттіліктерін қанағаттандыратын тартымды дінді әкелді. Қазіргі кезде үстемшілердің ойын алаңына айналған бостандық, адамгершілік, жанашырлық және адам құқықтары сияқты ұғымдар шын мәнінде Пайғамбардың күш-жігерімен шынайы мағынаға ие болды. Оның жолдауы - адамдар арасында достық пен бауырластық және әділеттілікті орнату. Бұл әдіс мәңгілікке созылады. Сондықтан бақытты өмір сүргісі келетіндердің барлығына Пайғамбар (с.ғ.с.) үлгі болып табылады.

Алла елшісінің (с.ғ.с.) ағартушылық және тақуалық ілімдері сондай шынайы болғандықтан, тіпті Пайғамбар (с.ғ.с.) дүниеден озғаннан кейін де оларың жарығы сөнбеді, керісінше ақиқатты білгісі келгендер хазіреттің берекелі тіршілігінің жарығынан пайдалагуды жалғастыруда. Әсіресе қазіргі кезде рақымсыздар бостандық пен адам құқығы және адамгершілік сынды сөздерді өз мүдделеріне пайдаланып,  адамзатты келеке етіп жатқан кезде, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) мен тақуалық дініне деген қажеттілік жүректерде бұрынғыдан көбірек орын табуда. Исламның ұлық пайғамбары өзінің ұлы және қажымас рухымен адамның құтқарылуы үшін азап шегіп, 63 жасында дүниеден озды. Бірақ әлемге таралған жарық күн сайын жарқырауда.