35-ші "Ислам бірлігі" конференциясына шолу
(last modified Wed, 27 Oct 2021 10:08:30 GMT )
Қаз 27, 2021 16:08 Asia/Almaty
  • 35-ші

35-ші "Ислам бірлігі" конференциясы «Ислам бірлігі; Ислам әлемінде бейбітшілік орнату және бөліну мен қақтығыстардан аулақ болу» тақырыбымен ислам мемлекеттерінің ғұламалары және танымал тұлғаларының қатысуымен өтті.

Ислам соңғы илаһи дін ретінде барлық дәуірде адамзат баласына монотеистік және әдемдік жолдауды жеткізіп, ұстанушыларды сөйлесуге, ойлануға және жанашыр болуға шақырады. Ислам пайғамбары әрі бірлік елшісі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) таухид жырын айтып, Исламның күні надандықтың салқын және қараңғы  жеріне нұрын шашқаннан бері жүректерге үміт пен азаттық нұрына толды.  Ислам дінінің арқасында бытыраңқы тайпалар мен рулар бірігіп, бауырластық келісіміне отырды. Ғасырлар өтсе де сол шаттыққа толы жыр мүміндердің жүрегі мен санасын жақындатып, еі жақсы жолға шақырады. Пайғамбардың (с.ғ.с.) туған күніне орай бірлік конференциясын өткізу – мұсылмандар арасындағы ауызбіршілікті арттыру әрекет. 35-ші  "Ислам бірлігі" конференциясы  «Ислам бірлігі; Ислам әлемінде бейбітшілік орнату және бөліну мен қақтығыстардан аулақ болу» тақырыбымен ислам мемлекеттерінің ғұламалары және танымал тұлғаларының қатысуымен раби ул-аууал айының 12-17 күндері өтті. Бұл конференция әлем елдері, әсіресе ислам елдері бейбітшілік пен әділеттілікке бұрынғыдан да көбірек мұқтаж болып тұрған уақытта өтті.

35-ші  "Ислам бірлігі" конференциясының ашылу рәсімі ИИР Президенті Ибрахим Раиси, Исламдық мазхабтарды жақындату ұйымының Бас хатшысы Хамид Шахриари, жергілікті және шетелдік қонақтардың қатысуымен өтті.

Хаид Шахриари бұл рәсімде: «Өкінішке орай, қазіргі кезде Ислам әлемінде соғыс, қақтығыстар мен қантөгістердің куәсі болып отырмыз. Сондықтан 35-ші «Ислам бірлігі» конференциясының тақырыбын  «Ислам бірлігі; Ислам әлемінде бейбітшілік орнату және бөліну мен қақтығыстардан аулақ болу» деп таңдадық. Өйткені жаһандық үстемшілер әрқашан соғыс пен қантөгіс тудырып, ислам елдерін тонау арқылы өзінің аймақтағы орналасуын ақтауға талпынуда»,- деді. Раиси де қасиетті Имам және Жоғарғы қолбасшы   Ислам үмбетінің жақындасуы мен бірлігі идеясының ислам әлеміндегі стратегиялық және қажетті қадам екенін атап өтті. 

Исламның ардақты Пайғамбарының (с.ғ.с.) бірлігі мен ынтымақтастығы, имамның жақсы өміріне және дін басшылары мен үлкендерінің пәк өміріне назар аудару – Ислам әлемінің бірлігінің сыры. Халықаралық «Ислам бірлігі» конференциясының қонақтары ислам елдерінің білімді ғұламалары мен мүфтилері, саяси қайраткерлері, университет оқытушылары және ел ішіндегі және сыртындағы басқа да ғылыми-мәдени бірлестіктер өкілдері арасынан таңдалады. Осы күнге дейін конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген ойшылдар, ғұламалар, мәдени, қоғамдық және саяси белсенділер және елдің әртүрлі аймақтарынан көптеген шиіт және сүннит ғалымдары мен ойшылдары  қатысып, мақалаларын тапсырып, сөз сөйлеп, өз пікірлерін білдірді. Биылғы конференцияның сегіз тақырыбы: лаңкестікпен күрес және исламдық бауырластық, діни сенім бостандығы, діни ижтиһадты қабылдау және такфирлік пен экстремизмге қарсы тұру, шиеленіс пен қақтығыстардан аулақ болу және  исламдық жанашырлық,  ислам мазхабтары арасындағы өзара құрмет, келіспеушіліктер мен жанжалдардан және қорлаудан аулақ болу, біртұтас ұлт пен Ислам елдері Одағы, Палестина және Исламдық қарсыласу және аятолла Мұхаммад Әли Тахириді құрметтеу.

35-ші "Ислам бірлігі" конфеернциясы

 

Палестина мәселесі - әлемдегі ең үлкен және ең ұзаққа созылған, әлі шешілмеген мәселелердің бірі. Бірақ егер ислам әлемі Палестина халқына қолдау көрсетуде біріктірсе, палестиналықтар міндетті түрде көптеген құқықтарына ие болады. 1,5 миллиард халқы  бар және мол ресурстарға ие исламдық елдердің бірігуі езілген палестиналықтар үшін күшті қолдау болмақ. Сондықтан биылғы конференцияның тақырыптарының бірі – Палестина және Исламдық қарсыласу. Франциядан келген ұстаз және саясаттанушы Эмад Хамруни бұл конференцияда: «Біздің бүгінгі рөліміз исламдық бірлікке қайта оралу, ал исламдық бірлікке оралудың бауырластықтан басқа жолы жоқ. Яғни, Ислам үмбетін құрайтын мұсылмандар, түрлі топтар мен ұлттар арасында бауырластық тудыратын механизм мен тәртіп құруы керек. Бұл халық бүгінде қиналып,  Батыс отаршылдығынан кейін бес ғасырдан астам уақыт бойы басынан өткерген соғыстар мен аяусыз азап шегіп келеді. Демек, бүгінде Палестина басып алынғанын, Сирияның бір бөлігі басып алынғанын және әртүрлі аймақтардан келген тәкфиршіл топтармен күресудің нәтижесі болып табылатын бірнеше соғыстар болғанын көреміз. Бұл мәселе Ислам әлемі ойшылдарының, Ислам үмбетінің ғалымдары мен саясаткерлерінің бауырластық тудыру жолындағы жеңілістерін білдіреді. Алайда мұсылмандар ретінде мұсылман халқының бірлігін құра аламыз. Біз зиялы қауым, ғалым, зерттеуші, саясаткер, дін қайраткері ретінде өз сөзімізде бауырластыққа мән беруіміз керек»,- деді. Ливан мұсылман ғұламалары қауымдастығының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Шейх Ғази Юсеф Ханина ислам қоғамдары арасындағы бірлікті сақтау қажеттігін қуаттап: «Біздің ең маңызды мәселелеріміздің бірі – Палестинаны азат ету.  Исламдық бірлік пен қарсылық екі маңызды және өзара байланысты мәселе. Қарсылықсыз бірліктің және   бірліксіз қарсылықтың мағынасы жоқ. Бірлік – жүрек пен ақыл мәселесі, біз Палестинаны азат ету және Палестина халқының  өз жерлеріне оралу жолындағы қарсыласуын қуаттап, қолдауымыз   керек»,- деді.

35-ші  "Ислам бірлігі" конференциясы мәлімдеме шығарып, аяқталды. Бұл мәлімдемеде былай деп айтылды: «Исламдық және исламдық емес елдердегі мұсылмандар арасында исламдық бауырластық түсініктемені насихаттау өте маңызды және болашақ ұрпақтар осы түсінік негізінде тәрбиеленуі керек. Бұл исламдық және адамдық парызды орындаудың жалғыз жолы жүректердегі ренішті жою екенін атап өткен жөн. Бауырмалдықты кекпен, нәсілшілдікпен және менмендікпен біріктіру мүмкін емес. Алла Тағала Құран Кәрімде бұл тақырыпқа тоқталып: «Олардың жүректеріндегі кекті шығардық. Туыс болып, тақтардың үстінде бір-біріне қарсы отырады»,- деді. («Хижр» сүресі, 47-ші аят)».

35-ші «Ислам  бірлігі» конференциясының мәлімдемесі Ислам діндерін жақындастыру жөніндегі Дүниежүзілік ассамблея бас хатшысының «Ислам елдерінің одағы» атты жаңашыл ұсынысымен   аяқталды. Бұл одақты құру туралы ұсыныс – біртұтас ұлт пен жаңа ислам өркениетін жүзеге асыру жолындағы тамаша қадам. Бұл ұсыныс ислам елдері арасындағы ынтымақтастықты арттырып, ислам әлеміндегі кез келген бөліну мен агрессияның алдын ала алады. Конференцияға қатысқан ғалымдар осы үлгіні жақын арада жүзеге асырудың жаңа атқарушы жоспарын әзірлеуге шақырды.  «Ислам бірлігі» конференциясының соңғы күні ойшылдар мен ғалымдар Ислам революциясының жетекшісімен кездесті. Ислам пайғамбары хазірет Мұхаммад Мұстафа (с.ғ.с) мен   имам Джафар Садықтың (ғ.с.) туған күнінде Ислам революциясының жетекшісі "Ислам бірлігі" конференциясына қатысқан қонақтар жəне жүйенің жауапты тұлғаларымен кездесуінде ислам үмбетінің екі маңызды міндетін "адам өмірінің барлық саласында ислам заңдарын түсіндіріп тарату" жəне "мұсылмандардың бірлігін нығайту" деп атап: «Ислам бірлігі – Құрандағы қағида және парыз және жаңа ислам өркениетін құру жөніндегі биік мақсатты жүзеге асыру шиіттер мен сүнниттердің бірлігінсіз мүмкін емес», - деді.