Газа күні
(last modified Wed, 19 Jan 2022 11:19:34 GMT )
Қаң 19, 2022 17:19 Asia/Almaty
  • Газа күні

Сионистік режим 2008 жылы 27 желтоқсанда Газаға басып кіріп, қарсыласуға қарсы «Балқыған қорғасын» деп аталатын операциясын іске асырып, қырып-жойды. Израильдің балаларды өлтіру режимінің басшылары 7-10 күндік қысқа мерзімде қарсыласу қозғалысын жоя алады немесе оны сионистік-американдық жоспарларға қарсы тұра алмайтындай әлсіретеді деп ойлады.

 

Бұл соғыста сионистік режим бар күшімен және АҚШ-тың қолдауымен ХАМАС-ты толығымен жоюды көздеді, бірақ ХАМАС сионистік режимге қарсы тұру  қабілетті екенін көрсетті.

Сионистер 22 күннен кейін, яғни 19 қаңтарда  Газа секторынан масқара болып шығуға мәжбүр болды. Осыған байланысты және ХАМАС пен Газа халқының қарсыласуын қолдау мақсатында ИИР жыл сайын 19 қаңтарды  «Газа күні» деп еске алады. Газа күнінің маңыздылығы – әлемге ынтымақпен әлемдегі залымдарды жеңуге болатынын еске салуында. Газа күні, Дүниежүзілік әл-Құдс күні сияқты, Газаның мазлум халқының дауысын әлемдіктерге жеткізетін күн.

Ұзындығы 40 шақырым, ені 10 шақырымдық Газа секторы Жерорта теңізінің бойында орналасқан және Мысыр мен басып алынған Палестинамен шектеседі. Бұл шағын, бірақ маңызды және стратегиялық аймақтың Мысырмен 11 км шекарасы, басып алынған Палестинамен 51 км және Жерорта теңізі жағалауы 40 км шекаралас. Газа секторының ең маңызды бөлігі бес жүз мыңға жуық халқы бар әлемдегі ең тығыз қоныстанған қала болып табылатын  Газа қаласы болып табылады. Газа сионистік режимге қарсы мұсылмандардың алдыңғы шебі және Израиль режимінің соққы беретін ең жақын жер болғандықтан стратегиялық маңызға ие. Екінші жағынан, Газа секторы да сионистік режим үшін өте маңызды. Өйткені Газа Израильдің энергиясы мен қауіпсіздігінің күре жолы болып табылатын Мысырға жақын және олар бұл аймақты басып алу арқылы бүкіл Палестинаны басып ала алады.

Газа қаласы

1967 жылы алты күндік соғыс кезінде сионистік режим Газа секторын басып алды, бірақ кейін 2005 жылдың қыркүйегінде Израиль күштерінің аймақтан артқа шегінуімен Газа секторы Палестина билігінің бақылауына өтті. Алайда сионистік режим 2007 жылдан бері ХАМАС үкіметіне қысым жасау мақсатында аймақты теңіз және құрлықтан қоршауымен аймақтың сыртқы әлеммен байланыс орнатуының жалғыз жолын Мысырмен шекарадағы Рафах өткелі етті. Осыдан кейін сионистік режим 2008 жылы 22 күнге созылған аяусыз және адамгершілікке жатпайтын шабуылда жойғыш ұшақтарымен Газа секторын нысанаға алды. Бұл шабуылдың нәтижесінде Газа секторында көптеген тұрғын үйлер, ауруханалар, мектептер, мешіттер, емханалар, инфрақұрылымдар мен нысандар қирап, көптеген бейбіт тұрғындар, олардың ішінде жазықсыз балалар мен  әйелдер қаза тапты.

Сионистік режимнің Газа тұрғындарын  бомбалаулары

Ұсынылған статистикалық мәліметтерге сәйкес, 22 күнге созылған соғыста 1455 адам шейіт болса, оның 404-і бала мен 115-і әйелдер. Сионистік режимнің 22 күнге созылған соғысында жараланғандар саны 5303 жетті, оның 1815-і балалар. Палестина ұйымдарының мәліметінше, 22 күндік соғыс кезінде 40 аурухана мен медициналық орталық тікелей нысанаға алынып, бомбаланған, нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігінің ауруханалары мен емханаларына 10 миллион доллар шығын келген.

Барлық шығындарға қарамастан ХАМАС пен Газа халқының 22 күндік қарсылығы басқыншыларды масқара болып шегінуге мәжбүр етті. Бұл соғыс шын мәнінде сионистік режимнің жеңілмейтіні туралы аңызды талқандады және әлем мен азаттардың қоғамдық пікіріне осы басып алушы режимнің қылмыстық сипатын түсіндірді. Бұл соғыста да көптеген жағдайда болғандай адам құқықтарын талап еткен халықаралық мекемелер мен Батыс қоғамдары және аймақтағы кейбір үкіметтер Израильдің Газаға жасаған аяусыз шабуылдарына үнсіз қалды. Өйткені олар бұл шабуылдарды «Израильдің өзін қорғауға құқығы бар!» деп дәйекті түрде ақтады. Бірақ олар «ауруханалар, мешіттер мен мектептерді нысанаға алу қандай халықаралық стандарттар мен жарғылар сай келеді» деген сұраққа ешқашан жауап берген жоқ? Олар жылдар бойы Газа секторының қоршауына үнсіз қалды.

«Газа күні» шын мәнінде барлық жанжал бастаушы ағымдарды жоққа шығару және сионистік режимнің алдауларына «жоқ» деп жауап беру болып табылады. Газа күні - палестиналықтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге қарсылық көрсетудің символы. Туған жерлеріне оралу және Палестинаның бүкіл географиясын басып алуды тоқтату және өзін-өзі анықтау құқығы осы құқықтардың ең маңыздыларының бірі болып табылады. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Әлемдік Құдс күніне арналған сөзінде Палестинаны азат ету үшін күрестің жаңа тарауының ашылуы, Қарсыласу майданының пайда болуы мен күштер теңгерімінің күрескерлер пайдасына өзгеруіне тоқталып,   аймақтағы оқиғаларға жан-жақты талдау жасап: ««...Өкінішке орай, араб үкіметтерінің көпшілігі алғашқы қарсыласулардан кейін бірте-бірте беріле бастады және өздерінің адами, исламдық және саяси міндеттерін ұмытып, дұшпанның мақсаттарына көмектесті»,- деді. Аятолла Хаменеи Палестина тағдырының келешегіндегі  қарсыласудың маңыздылығы мен мақсаттары  туралы: «Бұл күрестің мақсаты – теңізден өзенге дейінгі барлық палестиналық жерлерді азат ету және барлық палестиналықтарды өз отандарына қайтару. Сондықтан оның осы жердің бір түкпірінде үкімет құруға дейін қысқаруы шындыққа ұмтылудың да, реализмнің де белгісі емес. Өйткені бүгінде миллиондаған палестиналық осы ұлы жиһадты өз күш-жігерінің себебіне айналдыра алатын және илаһи жеңіс пен түпкілікті жеңіске сенімді бола алатын ой, тәжірибе және өзіне деген сенімділік деңгейіне жетті»,- деп мәлімдеді.

Үстемшілдік пен сионизмнің түпкі мақсаты мұсылман санасында Палестина мәселесін маңызды емес көрсетіп, оны ұмыттыру екені даусыз. Осыған байланысты АҚШ пен сионистердің саясаты қақтығысты қарсыласу майданының артына көшіріп, азаматтық соғыстарды қарсыласу майданының шырау және сионистік режимге мүмкіндік беру болып табылады. Олар ДАИШ-ті құру арқылы Сирия, Йемен және Иракта істегендерін  жасағылары келеді. АҚШ-тың бұрынғы президенті тұсында Палестина-Израиль қақтығыстарын тоқтату үшін деп  жарияланған «Ғасыр мәмілесі» жобасы да АҚШ-тың кезекті айласы.

«Ғасыр мәмілесі» жобасы АҚШ-Израиль-Сауд Арабиясының   аймақтың қауіпсіздік теңдеулерін өзгертіп, Ислам әлемін толық бақылауға алуды көздейтін айласының жалғасы. Құдсты сионистік режимнің астанасы деп тану, Иордан өзенінің батыс жағалауының 30 пайызын Израильге беру, палестиналық босқындардың өз еліне қайтауына қарсылық білдіру және Палестинаны толық қарусыздандыру «Ғасыр мәмілесі» жобаның ең маңызды ережелерінің бірі болып табылады. Бұл арсыз жоба бойынша, Палестина мемлекеті Газа секторында тек А және В аймақтарында және Иордан өзенінің батыс жағалауының С аймағының кейбір бөліктерінде құрылады, ал Құдстың мәртебесін анықтау және босқындардың қайтарылуы келесі келіссөздерге ауыстырылады. Ақырында, сионистік режим мен Сауд Арабиясы бастаған араб елдері арасындағы «ымыра» келіссөздері басталады. Босқындар мәселесі де басып алынған Палестина жерлерінің сыртындағы «балама отан» формуласы негізінде шешіледі. Ал палестиналық босқындардың отанына «қайту құқығы» мәңгі ұмытылады.

Алайда Палестина халқы барлық қиындықтарға қарамастан,  қасиетті жерлерін қайтадан азат ету үшін бар күшімен қорғауда. Ислам революциясы  жетекшісі аятолла Хаменеи Ислам елдерінің 13-ші парламентаралық саммитіне қатысушы қонақтардың кездесуінде сөйлеген сөзінің бір бөлігінде: «Сионистік режиммен қарсыласу пайдасыз деп ойлауға болмайды, бірақ Алланың қалауымен қарсылық ағымы өткен жылдармен салыстырғанда ілгерегендей, сионистік режимге қарсы күрестер нәтижеге жетеді»,- деді. Ол сионистердің бір кездері «Нілден Евфратқа дейін» деп ұрандағанын, енді олар өздерін қорғау үшін қабырға орнатуға мәжбүр боулына тоқталып: «Күмәнсіз, Палестина күрделі және «теңізден өзенге дейінгі» тарих және Құдс оның астанасы және бұл фактіге ешқандай зиян келтіру мүмкіндігі жоқ»,- деп қуаттады.

ХАМАС қозғалысының Теһрандағы өкілі Халед Қодуми де Палестина халқының қарсыласуының сионистік қастандықтардың жеңілуіне себеп болғанына тоқталып: ««Ғасыр мәмілесі» жобасының басты мақсаттарының бірі – қарсыласу қаруына қарсы тұру»,- деді. Сионистер әлемдіктерге палестиналықтардың жерді иемденусіз өмір сүретін босқындар екенін сендіргілері келеді. Бірақ қарсылық пен интифазалар Палестина мәселесінің әлемдегі бірінші және басты мәселе етіп қойып, ымыраға келу жоспарлары  арқылы Палестина ісін шеттетуге мүмкіндік бермеді.

19-шы қаңтарды  «Газа күні» ретінде атау сионистік режимнің Газадағы езілген халқына қарсы қылмыстарын қайта еске салу мұрсат және Батыстың жанжақты қолдауына ие режимге қарсы тұрған аймақтың тұрғындарын мадақтау болып табылады.