Аятолла Хаменеидің діни басшылығы басталған күн
(last modified Sun, 05 Jun 2022 12:53:01 GMT )
Маусым 05, 2022 18:53 Asia/Almaty
  • Аятолла Хаменеидің діни басшылығы басталған күн

Имам Хомейнидің жоқтығы да революция жанашырларының алаңдаушылығын күшейтті.

 

Имам Хомейнидің  жоқтығы да революция жанашырларының алаңдаушылығын күшейтті. Олар «ғашықтарының жүрегіндегі бұл ұлы тұлғаны кім алмастыра алады?»  деп ойлады. Конституциялық төңкерістен кейін америкалықтар Иранның үлкен үлесін өз бақылауына  алуға талпынды. Олар Қаджар  әулетін құлатып, билікті әскери офицерге тапсырды. Пехлеви әулеті парламент пен оның заңдарына мән бермеді және күн сайын шетелдік жақтастарына көбірек ұпай берді. Осындай жағдайда шиіттер ең маңызды мәрджелерінің бірін жоғалтты. Шиіттердің  әйгілі мәрджесі аятолла Бруджерди қайтыс болғаннан кейін Иран халқын іс жүзінде басқаруға лайық болған аятолла Рухолла Хомейни болды. Ол патшалардың озбырлығымен күресудің жаңа әдісіне ие болды және ештеңеден қорықпады. Ол өзінің шешуші және өткір сөздерімен  мінберде патша мен билеушілерге ресми түрде сөгіс берді. Рухолла Хомейни ешқандай жағдайда монархиямен ымыраға келмеді және халық пен ғұламаларға: «Егер маңызды істермен айналыспасаңдар, Исламнан айырыласындар»,- деп бірнеше рет ескерткен болатын.

Рухолла Хомейни толығымен исламдық жүйе құруға бел буды.Ол күресін шамси күнтізбессінше 1341 (1962) жылы бастап, күрес барысында талай рет тұтқындалып, түрмеге түсіп, жер аударылды, бірақ күресін тоқтатпады. Қуғын-сүргін жылдарында «Велаят  факих» (діни билік) кітабын жазып, исламдық үкімет теориясын ұсынды. Шиіттер фиқһында «Велаят фақих» қағидасы үнемі талқыланып келеді, бірақ бұған дейін бұл маңызды мәселе біркелкі және тәуелсіз үкімет ретінде қарастырылмады. Имам Хомейни осы шашыраңқы сөздер мен тұжырымдардың барлығын бір кітапқа жинап, білімді,  батыл және тапқыр заңгердің тәуелсіз Ислам үкіметін құру қажеттігін жақсы түсіндірді. Ол бұл мәселені Наджаф семинариясында көтеріп, кейіннен «Велаят факих» кітабын шығарды.

Ұлы Хомейни Аллаға деген сенім және  иманымен Ислам үкіметін құру қозғалысын бастады. Оның мақсаты билікке қол жеткізу емес,   Алланың разылығы мен Исламның үкімдерін орындау болатын. Ешқандай қорқытудың да, параның да оны мақсатына жетуден тайдыруға күші жетпеді, ол әрқашан жүзінен байқалатын ерекше сабырлылық пен табандылықпен өз жолында берік болды.  Рухолла Хомейни жылдар бойы күресіп, өз мақсатына жете алды. Тарихта азап шеккен Иран халқы Ұлы Хомейнидің күшті басшылығымен ақырында пашалық жүйені біржола талқандай алды. Қазір Иран халқына имам Хомейни деген атпен танымал аятолла Хомейни Иран халқының айтып жеткізу мүмкін емес толқуы кезінде қуғында болған жылдардан кейін еліне оралды.

Имам Хомейни 1979 жылы 3 ақпанда елге оралды

Жаңадан құрылған Ислам үкіметінің әу бастан жаулары көп болды. Мұсылман үкіметін құлату үшін олар ғұламалар мен саяси және әскери беделді тұлғаларды өлтіруден бастап, экономикалық санкциялар енгізуге және кең ауқымды соғыс жүргізуге дейін қолдан келгеннің бәрін жасады. Бұл соғыстың бір жағында  қаруы жоқ қолы бос халық  болса, екінші жағында әлемдегі ең заманауи қару-жараққа ие  бар күшімен алға шыққан  және ұлы державалар болды. Бірақ бұл дұшпандықтардың ешқайсысы бұл даңқты революцияны жоя алмады. Имам Хомейнидің сөздері мен нұсқаулары осы жылдар бойы Иран халқын шабыттандырды. Оның бір ауыз сөзі мен бір нұсқауымен ирандықтар ешбір теңеу жасалмайтын істерге қол жеткізді. Олар өздерінің имандарымен және жүректерінде Хомейни жаңғыртқан нұрымен және  рухымен әлемнің барлық теңеулерін бұзып, Исламның заңдылығын дәлелдеді. Иран халқының жүрегі ұлы Хомейниге деген сөзбен жеткізгісіз махаббатқа толы болды. Таңдалған соғыстың аяқталуына көп уақыт қалмаған және Ислам үкіметі   алғашқы қадамдарын бастаған жағдайдағы  бұл жаңалық Хомейни ғашықтарын дүр сілкіндірді.  Халық оны жоғалтып аламыз ба деп уайымдады. Бұл келеңсіз оқиға ақыры 1989 жылы  3 маусым күні кешке орын алып, Хомейнидің ғашықтарының жүрегіне ауыр қайғы салды.

 

Имам Хомейнидің қайтыс болуы революция жанашырларының алаңдаушылығын күшейтті. Олар бұл ұлы тұлғаның орнын кім баса алады деп ойлады. Хомейни сияқты көшбасшының мұрагерінің жүректерді тарту күші болуы керек. Тек қана фақиһ және ғалым болу жеткіліксіз, батыл, тапқыр болу маңызды, бірақ бұл да жеткіліксіз. Имамның орнын басатын адам илаһи және оның көзінен бір уақытта тыныштық пен күш байқалатын адам болуы керек. Ел-жұрттың тірегі боламын деген адам кез келген оқиғаға басын имейтін адам болуы керек.

Хордад айының 14-күні (4 маусым) алғашқы сағаттарында діни жееткшінің Хобрегон мәжілісінің отырысы өтті. Халық және олардың сүйікті имамы сайлаған бұл мәжілістің барлық өкілдері ұлы Хомейнидің мұрагерін анықтау үшін жиналды. Бірақ отырыс басталмастан бұрын, бұл мәселеде Хобрегон мәжілісі өкілдері арасында ортақ пікір болған сияқты. Хобрегон мәжілісінің кейбір мүшелері имам Хомейнидің көзі тірісінде әртүрлі сылтаулармен одан кейінгі басшылық мәселесін көтеріп, марқұм имамның пікірінде осыдан хабардар болған. Олар имам Хомейнидің өзінен кейін кімді басшылыққа лайық деп санайтынын білетін.

Имам әртүрлі жиындарда және түрлі сылтаулармен аятолла сейіт Әли Хаменеи сияқты біреудің қатысуымен басшылық үшін ешқандай проблема болмайтынын бірнеше рет айтқан болатын. Имамның ұлы Сейед Ахмад Хомейни имамның аятолла Хаменеиді басшылыққа лайық деп атағанын талай рет көріп, естіген болатын. Аятолла Сейед Әли Хаменеи имам Хомейнидің ерекше шәкірттерінің бірі болды. Ол жас кезінен имаммен бірге күреске қатысып, революция жеңісінен кейін көптеген маңызды, олардың ішінде Революциялық кеңеске мүшелік, Ислам Республикасы партиясын құру мен оның бас хатшысы болу, Конституциялық бақылау кеңесінің мүшесі, Имам Хомейнидің Жоғарғы қорғаныс кеңесіндегі өкілдігі, Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдігі және басқа да көптеген міндеттерді атқарды. Сонымен қатар, ол соғыс істерін басқаруда,   либералдар мен басқа да революцияға қарсы топтардың қастықтарына қарсы тұруда маңызды рөл атқарды. Ұстаз Мотахари шәһид болғаннан кейін имам Хомейни жастарды аятолла сейіт Әли Хаменеиге сілтеп,  студенттердің интеллектуалдық және идеологиялық мәселелерін шеше алатын зиялы әрі шешен адам ретінде таныстырды.

Революция жеңісінің алғашқы жылдарында тасжүрек екіжүзділер   аятолла Бехешти мен Бахонарды және Иран халқының сүйікті президенті Мұхаммед Әли Раджаиді өлтіргендей, Әли Хаменеиді де өлтірмек болды. Бұл сәтсіз террор аятолла Хаменеиді жаралады. Сонымен бірге имам Хомейни жолдауында аятолла Хаменеиді ұрыс даласында адал сарбаз, қасиетті жерде ғибратты ұстаз, жұма күні шебер шешен, революция алаңында жанашыр қауым мен жол көрсетуші ретінде таныстырды. Имам Хомейни басқа бір хатта аятолла Хаменеи туралы: «Мен Ислам мен ислам қағидаларын ұстанушылар мен достарымның арасында мен сізді күндей жарқыраған санаулы адамдардың бірі деп білемін»,- деп жазды. Имам Хомейни сол хатта аятолла Хаменеиді  фиқһ мәселелерімен және қағидаларымен таныс болып қана қоймай, іс жүзінде оларға берік Ислам республикасының қуатты өкілінің бірі ретінде таныстырады. Осы жазбаларға және имам Хомейнидің аятолла Хаменеидің көшбасшылық құзыреттілігін растауынан кейін   Иранның болашақ басшысы кім болатынына ешкім күмән келтірмеді. Бұған қарсы болған жалғыз адам аятолла Хаменеидің өзі болды. Ол ұлы Хомейнидің орынбасары болу өте қиын жұмыс және өте ауыр жауапкершілік екенін жақсы түсінді. Ол кішіпейілділікпен ұстазының орының басудан аулақ болуға талпынды бірақ Хомбрегон мәжілісі өз шешімін қабылдады.

(Хобрегон мәжілісінің аятолла Хаменеиді  діни басшысы етіп сайлау сәті)

 

ИИР діни басшысы сайланған аятолла Сейед Әли Хаменеи алғашқы сөзінде: «Мен бұл міндетті мойныма алмауға бүкіл күшімді салдым, бірақ бұл міндет маған тапсырылды. Алла Тағала пайғамбарларына  «...оны мықты ұста және еліңді басқар» деп өсиет еткендей, мен мұны мықты ұстаймын»,- деді. Іс жүзінде осылай болды.

Аятолла Хаменеидің басшылығынан хабардар болсымен, халықтың   жүректерінде үміт нұры жаңғырып, тыныштық, сенімділік пен болашаққа деген үміт қайта оралды. Керісінше революцияның  жауларының көңілдері түсіп, мазасызданды. Осы кезде сол ұлы және лайықты таңдаудан бері отыз үш жыл өтті және достары мен дұшпандары  имам Хусейн ибн Әли (ғ.с.) әулетінен шыққан  Әли Ибн әл-Джавад әл-Хусейни Хаменейдің  шын мәнінде білімді, батыл, алғыр басшы екенін мойындады.