Күлкінің оң әсерлерін ислам діні тұрғысынан сараптау 1
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i6334-Күлкінің_оң_әсерлерін_ислам_діні_тұрғысынан_сараптау_1
Ислам – шаттық пен қуаныш діні. Дінбасылар шаттану мен күлімсіреп жүруге көп кеңес берген. Бүгінгі бағдарламада осы тақырып туралы көбірек баяндайтын боламыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 26, 2016 18:13 Asia/Almaty
  • Күлкінің оң әсерлерін ислам діні тұрғысынан сараптау 1

Ислам – шаттық пен қуаныш діні. Дінбасылар шаттану мен күлімсіреп жүруге көп кеңес берген. Бүгінгі бағдарламада осы тақырып туралы көбірек баяндайтын боламыз.

Тұрмыс-тіршіліктегі қиындықтармен бетпе-бет келген кездегі адамның мүмкіндігі шектеулі. Ол қиындықтарға душар болған кезде шаршап, күші кемиді. Адам осындай жағдайда өзіне күш беретін факторларды қажет етеді. Адамның болмысының негізгі бөлімі – оның рухы. Дене тек ол үшін қалып қана. Сол себепті тамақтану мен физикалық тұрғыдан демалудың жалғыз өзі жоғалтқан күшті қалпына келтіру үшін жеткіліксіз. Адам өмірдің талпыныс сахнасында қайтадан құзырға ие болып, белсенділігін жаңадан бастауы үшін рухани тұрғыдан да нығаюы керек.

Адамның жан тыныштығы мен қиындықтармен күресте сарқылтқан күшін қалпына келтіруіне себеп болатын факторлар алуан түрлі. Күлкі мен әзіл-қалжың – солардың ең маңызды әрі қолжетімді жолдары. Шын мәнінде, күлкі – тек адамға ғана тән қасиет. Басқа жаратылыс иелері күлу, шаттану сынды сезімдерден кенде. Бәлкім, Құдайдың берген осы үлкен нығметі туралы азырақ ойлауымыздың себебі күлудің біздің барлығымыз үшін соншалықты оңай әрі қалыпты іс болғандығымен байланысты болар. Бірақ ғалымдар соңғы жылдары күлкінің таңғажайып әсерлеріне көбірек көңіл бөліп, ол туралы ғылыми-зерттеу нәтижелерін жариялады. Психологтар мен дәрігерлердің зерттеулері күлу мен күлімсіреп жүрудің психиканы нығайтып, рухани күйзелістерге, тіпті физикалық тұрғыдағы ауруларға да көңіл аударарлықтай деңгейде әсер ететінін көрсетеді. Рауаяттарда ислам пайғамбарының адамдардың барлығынан көбірек күлімсіреп, жақсы көңіл-күйге ие болғаны, бірақ Құран аяты түскенде қияметті еске алып немесе уағыз айтумен шұғылданғаны айтылған. Көңілді болған кезде хазіреттің адамдардың барлығынан көңілдірек болғаны айтылған. Бұл сөздерден кейбір адамдардың нағыз мүмін әрдайым түнеріп жүріп, ешқашан күлмеуі керек деген бос ойлары теріске шығарылады. Себебі Құдайдың махаббаты мен мағрифатының белгілеріне адамның басқа адамдармен қатынас жасағанда күлімсіреген жүзге ие болуы жатады.

 Хазірет Садеқ (ғ.с.) өзінің серіктерінің бірінен: «Сендер бір-біріңмен қаншалықты әзілдесесіңдер?» деп сұрағанда олар аз әзілдесетіндіктерін айтқан. Сонда имам: «Олай етпеңдер. Жақсы көңіл-күйге ие болып, қалжың айту жақсы – жақсы мінез. Сен бұл іс арқылы өзіңнің мүмін бауырыңның жүрегіне қуаныш пен шаттық сыйлайсың» деген. Алланың елшісі хазірет Мұхаммед адамдармен жақсы көңіл-күймен сөйлесіп, оларды шаттандыруы көп болған.

Бұл туралы ислам дінінің беделді дереккөздерінде көптеген хадистер кездеседі. Дереккөздер исламның ардақты пайғамбары мен пайғамбар ұрпағының тек өздері ғана көңілді күймен күлімсіреп жүргендерімен қатар, басқалармен де әзілдесіп, оларды да қуантуды құптағандарын, өздерінің серіктеріне осындай әрекетті табыстағандарын көрсетеді. Хазірет адамның түнеріп, қатал болып жүргенін жақтырмайтын, өзі де мұндай қылық танытпайтын. Ислам адамның жымиып, көңілді жүруін ахлақтық жақсы ерекшеліктер санап, тіпті оны лазым дегенімен, бірақ басқа кез келген ақлақтық сипат сынды оның шектен тыс болуын да қабылдамайды. Ислам діне күлімсіреу және әзілдесумен қатар жаратылыстың ең жоғарғы мақұлығы адамға кемелдік пен мәңгілік бақыт жолында көмектесу үшін сындарды кеңестерге де ие. Ислам тағылымдары артық күлуді қабылдамай, оны қапылдық пен надандықтың белгісі санайды.

Ғалымдар адамның күлуінің негізгі себебін таңданыс деп атайды. Таңданысқа себеп болатын көріністі көру немесе сөзді есту адамды күлкіге итермелейді. Күлкінің адамға ғана тән сипат екендігі осындай себептердің бірі. Басқа тіршілік иелері таңдана алмайды. Хазірет Сүлейменнің бір құмырсқаның екінші бір құмырсқаға айтқан кеңесін естіп, таңданып барып, күлімсіреуі туралы хикая Құранның «Нәміл» сүресінің 19 аятында айтылған. Бұл хикаяда құмырсқаның өздерінің жағдайларын ойлауы хазірет Сүлейменнің таңырқап, жымиюына себеп болған. Ақылды да дана адамды кез келген оқиға таңдандырып, күлімсірете алмайды. Бірақ, ақылсыз адам кез келген кішкентай оқиғаға таңырқап, күлуі мүмкін. Сол себепті рауаяттарда көп күлуді надандықтың белгісі деп атаған.

Исламдық рауаяттар мен мәтіндерде шектен тыс күлудің келесі дәлелі ретінде қапылдықты аталған. Адам – дамып, Алланың рақымына бөлену үшін осы пәни дүниеге келген жаратылыс.

Оның өмірі бұл дүниеде үлкен мақсатқа ие. Сол мақсаттан бір сәтке қапыл қалу оны діттегеніне жетуге тосқауыл қояды. Егер адам өзі ие ұлы жауапкершілік пен алдындағы қатерге толы жол туралы ойланса және кемелдікке жетуді мақсат етсе, өз уақытының көп бөлігін орынсыз, себепсіз күлкімен немесе жөнсіз қалжыңдармен өткізбейтіндігі шәксіз. Ақылды, мақсатқа ие адамның күлкісі мен қалжың оның өміріндегі негізгі мақсатына нұқсан келтірмейтіндей деңгейде болады. Сонымен қатар, адам ерекше жағдайлардағы ең табиғи, қалыпты реакциясы болып табылатын көңілді қалжыңды өзінің рухани және психикалық күшін нығайту үшін пайдаланады. Осылайша, ол өзінің даму жолын өткеру үшін көбірек күш-қуатқа ие болады.

Имам Резадан егер адам жиында сөйлесіп отырып, әзілдесіп, күлсе бұл істің ерсілігі бар ма деп сұрағанда хазірет: «Жөнсіз сөз айтылмаса, еш әбестігі жоқ. Яғни, егер біреуді келеке ету, ғайбаттау, өтірік немесе жөнсіз сөздер сынды күнәлар жасалмаса, жиында адамдардың күлкісіне себеп болатын сөздер айтылса ерсілігі жоқ» деген болатын. Алланың елшісі өзінің өсиеттерінің бірінде Абузарға: «Уа, Абузар! Адамдарды күлдіру үшін өтірік айтатын адамның жағдайы қиын болады» деген.

Исламда айыпталатын күлкінің келесі бір түріне мазақтау сипатына ие күлкі жатады. Адам басқа біреудің кемшіліктері мен мінін күлкіге айналдырса және басқаларды мазақтау арқылы өзінің шаттығына дәлел дайындаса, ислам діні тұрғысынан айыпталуымен қатар күнәға батады. Мұндай күнә адамдардың құқығын зая ету саналып, адамның кемелдігі мен бақытына бүлдіргі түрде әсер етеді.

Исламның тәрбиелік тағылымдарында күлудің бүлдіргі салдарларына көп сілтеме жасалған. Көп күлу ойлану мен ғибрат алуға, өлім мен ақыретке көңіл бөлуге кедергі болады. Бұл қапылдық күнәға батудың себебі. Күнә мен қапылдықтың ең жаман салдарына адамның ғылым нұры мен ажырату сезімін жоғалтып, жүрегінің қарайып, соңында жүрегінің мүлдем өлуі жатады. Адамның абыройы мен ғиззатының жойылуы да көп күлудің салдарлары деп аталған. Сонымен қатар күлкіге шектен тыс салынған адам күлу үшін жаңа себептер іздейтіндіктен және күлу үшін шынайы себептер шектеулі болғандықтан, шарасыздықтан ғайбаттауға, келеке етіп, өтірік айтуға және жөнсіз сөйлеуге бет бұрады. Осылайша ол басқалардың ренжіп, кекшілдігіне себеп болады. Сол себепті исламдық рауаяттарда кекшілдік те көп күлудің салдары деп аталған.

Исламның тәрбиелік тағылымдары көп күлу мен қатты күлуді айыптап, оны надандар мен қапыл адамдарға тән қылық деп атап, орнына күлімсіреп, жылы жымиюға кеңес беріп, мүміннің мүмін бауырының жүзіне қарап күлімсіреуін илаһи сауап деп атаған. Сол себепті күлкінің ең жақсы түрі күлімсіреу болып табылады. Яғни, дыбыссыз жымию. Бұл – қатты, қарқылдап күлуге қарсы қылық. Біліп жүргеніміз абзал: ғалымдардың жаңа зерттеулері күлімсіреудің қатты, қарқылдап күлу механизмінен айырмашылығы жоқ екендігін көрсетті. Күлген кезде адамның бетіндегі белгілі бір бұлшық еттер тартылып, кеңейіп, организмде ферменттер мен кейбір гормондар бөлінеді. Соның нәтижесінде физикалық және рухани тұрғыдан адамның бойында саламаттық пен сергектік пайда болады. Ғалымдардың зерттеулері бұл механизмнің жымию мен қарқылдап күлуден еш айырмашылығының жоқ екендігін, яғни, адамның күлкінің оң нәтижесіне жетуі үшін міндетті түрде қарқылдап, қатты күлуінің қажеті жоқтығын дәлелдеді. Келесі маңызды жайт, сол зерттеулердің шынайы емес, біреуді келеке еткен немесе қорлаған күлкі сынды күлкілердің таңданыс пен шаттықтан күлу механизмінен айырмашылығы бар екендігін көрсетті. Сондықтан жасанды күлкілердің оң нәтижесі болмайды.