Бірлік апталығы - 2022: Бірлік Құран Кәрім аяттары тұрғысынан
(last modified Sun, 09 Oct 2022 08:49:03 GMT )
Қаз 09, 2022 14:49 Asia/Almaty
  • Бірлік апталығы - 2022: Бірлік Құран Кәрім аяттары тұрғысынан

Сүннит мұсылмандар раби ал-аууал айының 12 жұлдызын және шиіт мұсылмандар осы айдың 17 жұлдызын Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) туған күні санайды. Бұл күндер ИИР-ның негізін қалаушы Имам Хомейнидің бұйрығымен Ислам әлемінің бірлігі мен ынтымақтастығы үшін және дұшпандардың алауыздығына қарсы тұру үшін «Бірлік апталығы» деп аталды.

 

Бұл күндер ислам елдерінде жыл сайын аталып өтеді. ИИР-да жыл сайын түрлі елдерден келген Ислам әлемінің ғалымдары мен бірінші дәрежелі тұлғаларының қатысуымен үлкен халықаралық конференция өткізіледі. Ислам елдерінің бірлігі мен жанашырлығы жолындағы кедергілерді мүмкіндігінше жою және мұсылман әлемінің бірлігі үшін ортақтықтарды нығайту үшін өзара пікірлесу, диалог пен пікір алмасу болуы керек. Дұшпандардың тынымсыз шабуылдары алдында Ислам әлемін қуаттаудың жалғыз жолы бірлік екені даусыз. Бірлік арқасында бүгінгі дүниеде Ислам үмбеті бұрынғыдан да құдыретті және берекелі болады.  Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) мен пәк имамдарының (ғ.с.) өмірбаянымен қатар, Ислам әлемінде бірлік құрудың негізгі біріктіруші және шабыттандыратын қайнар көзі – Құран Кәрім және осы иләһи кітаптың ілімдері.

 

Құран бәрінен де ерекше атап өткен негізгі мәселелердің бірі – Ислам дінін ұстанушылар арасындағы бірлік. Құран Кәрім елуден астам аятта бірлік мәселесіне тоқталып, бірлікке жетудің жолдарын көрсеткен. Мұсылмандарды бөліну мен келіспеушіліктен тыйған аяттардың саны бірдей дерлік. Мысалы, Құран Кәрімнің «Әнбия» сүресінің 92-аятында: «Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларың. Сондықтан Маған ғана құлшылық қылыңдар» және «Муменун» сүресінің  52-ші аятында: «Рас, осы топтықтар, бір-ақ топтық. Мен, Раббыларың. Менен ғана қорқыңдар»,- деп айтылған. Осы аяттарға сәйкес, барлық мүміндер мен мұсылмандар бір ұлт және бір бағытта және бір мақсатты, яғни бір Аллаға құлшылық етуді көздейтіндіктен, Құран ұранының маңыздылығын, оның ұлылығын түсініп, алауыздықты жоюы керек. Өйткені мұсылмандардың екі жақтылығы мен бөлінуіне әкелетін кез келген әрекет дұшпандардың қалаған және Құран үндеуіне қарсы әрекет. Сондай-ақ, Ислам үмбетінің бірлігі мен ынтымақтастығы  олардың әлеуметтік саяси саласында өте маңызды және тиімді болғандықтан, мұсылмандар оның нұрымен ұлылық пен мақтанышқа қол жеткізе алады. Қасиетті Құран Кәрімнің «Әли Имран» сүресінің 103-шы аятында: «Алланың арқанынан (діннен) бәрің де жабыса ұстаңдар, айрылмаңдар (бөлшектенбеңдер). Алланың берген нығметін еске түсіріп тұрыңдар. Бір кезде сендер бір-біріңмен дұшпан едіңдер, ал Алла жүректеріңді достастырып еді, Алланың нығметімен бір таңда өзара туысқандай болып қалдыңдар. Сендер тозақ ұрасының ернеуінде едіңдер, Алла сендерді одан құтқарды. Тура жолға түсулерің үшін, Алла өзінің аяттарын өстіп айқын баяндайды.  «Әл-Имранның» 103-аятының түсуіне қатысты бұл аяттың жүз жылдан астам уақыт араларында соғысып, алауыздық пен қақтығыс болған Әус пен Хазраж екі тайпасы және ұрпақтан-ұрпаққа қатысты түскені айтылады. Алла Тағала  мейірім мен рақым пайғамбарын жібергенге дейін  олардың арасында күндіз-түні соғыс пен ағайындық қырғын болды. Олар кейін Исламды қабылдап, Ислам мен Құранның нығметінің арқасында олардан ұзақ уақытқа созылған өшпенділік пен дұшпандық сейіліп, бауырлас болды. Бұл аят бірлікті ұлы нығмет ретінде атап, мүміндерден алауыздық пен аласапыранның ащы дәуірінен сабақ алып, бірлікті сақтауға тырысуды сұрайды.

 

Құранда бірліктің сыры мен Ислам бауырластығының түп-тамырына бірнеше аяттарда сілтеме жасалған. «Әнфал» сүресінің 46-шы аятынан: «Аллаға және оның елшісіне босұныңдар, керіспеңдер. Әйтпесе үрейде қаласыңдар, күш-қуаттарың кетеді. Сабырлы болыңдар. Анығында Алла солармен бірге»,- деп оқимыз.

Бұл аяттың және басқа да кейбір аяттардың дәлдігі мұсылмандық бірліктің сыры мен ислам бірлігінің уәжі Аллаға және Оның пайғамбарына мойынсұну екенін айқын көрсетеді. Бұл кемелдік пен діни сана сатысына қажетті сабырға ие болмайынша жету мүмкін емес. Бұл аятта Құран мұсылмандарды бір-бірімен ұрыс-керіс пен дау-дамайдан аулақ болуды сұрайды, өйткені бұдан кейін жалқаулық пен әлсіздік пайда болып, олардың ұлылығы, күші жойылады.

Құран аяттарына сәйкес, исламдық қоғамдардың бірлігі маңызды мәселе болып табылады және барлық исламдық қоғамдар өз істерінде бірлік пен тұтастықты бірінші орынға қойып, дұшпандық пен өшпенділіктен аулақ болуы керек. Мұсылмандар үшін маңыздысы – Ислам, Құран тағылымдары және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірі туралы білімімізді арттыру. Исламның пәк ілімдерін ұстану арқылы бүгінгі таңда Ислам әлемінің ең маңызды және үлкен дертінің бірі болып табылатын бөліну азабын жеңді. Бірлік ислам әлемінің қазіргі әлемдегі табысы мен мақтанышының кілті болмақ.