Бүгін имам Джафар Садықтың (ғ.с.) туған күні
(last modified Fri, 14 Oct 2022 02:28:18 GMT )
Қаз 14, 2022 08:28 Asia/Almaty
  • Бүгін имам Джафар Садықтың (ғ.с.) туған күні

Раби аууал айының 17-ші жұлдызы Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) және оның сүйікті немересі имам Джафар Садықтың (ғ.с.) туған күні.

 

Имам Садық (ғ.с.) хиджраның 83 (702) жылы Мәдина қаласында дүниеге келген. Ардақты әкесі имам Бақер (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін ол әлем мұсылмандарының имамы және жетекшісі міндетін мойнына алды. Имам Садық (ғ.с.) сол кезде 31 жаста болатын. Ол 34 жыл бойы аласапыран ортада имамдық кезеңін Ислам үмметі үшін өте құнды жетістіктермен өткізді.     

                                  

Бәни-Умайяд әулеті хиджраның 41-132 (661-750) жылдары, яғни шамамен 91 жыл бойы әлемнің көп бөлігін басқарды. Дүниенің түкпір-түкпірінде Омеядтардың әскери қуатын көрсетуі, бейберекет және мазасыз ішкі жағдай, дәрменсіз билеушілердің қазынаға деген аяушылықтары мен қалауы, кедейлік, ауру, кемсітушілік және әділетсіздік ислам қоғамында қайғылы және тынышсыз кеңістік тудырды.   Кедейлер мен жәбір көрген халықтың панасы болуы тиіс кейбір ғұламалар мен фиқһ ғалымдары, ойшылдар не билеушілерінің қолындағы құрал болып,  не қорқыныштан оқшау өмір сүрді. Бұл бейберекет жағдай езілгендердің құқығын талап ететін реформаторлық қозғалыстар мен көтерілістердің туындауына негіз болды. Әртүрлі және бір-біріне қайшы келетін теологиялық және фиқһи идеялары мен ойлары бар секталар мен топтардың, өздеріне жаңа жоспар құрған көрнекті аскеттердің пайда болуы және жаулап алулар арқылы шекараның арғы жағындағы материалистік идеялар мен жаңа идеялардың мұсылман қауымына таралуы.

Омаядтар билігінің соңғы жылдарындағы бейберекет жағдай және олардың билікке қол жеткізуге байланысты Умайядтармен болған қақтығыстары ақырында Умайядтардың құлауына және Умайядтардың билік басына келуіне әкелді. Бұл жағдай имам Садық (ғ.с.) мен оның әкесі имам Бақердің (ғ.с.)  қызметі үшін жағдай жасады. Бұл тұлғалар, билеушілердің қысымы аздап азайған жағдайда, Мәдина қаласын исламдық білімнің орталығына айналдырды. Мұндай жағдайда, бір жағынан, мұсылман ғұламалары мен ойшылдарының жаңа идеялар алдында ислам іліміне негізделген бірлік пен жақындасу және интеллектуалдық күш-қуатқа ие болу қажеттілігі қатты сезілді.

Имам Садық (ғ.с.) адамдардың жүрегіне білім мен жақсы ахлақ сынды екі құралымен еніп, тіпті алыс елдерден білім іздеушілер де оның сабағына келетін болды. Имам Садықтың (ғ.с.) ғылыми мектебінде біртұтас көзқарастың болуы дұшпандардың Пайғамбар әулетіне қарсы көптеген теріс насихаттарын залалсыздандырды. Күмәнсіз, имам Садықтың (ғ.с.) мақсаты – исламдық мәзһабтар арасындағы бірлікті сақтау,  Исламның негізі  және Құранның  тағылымдарын қорғау болды.  

Оның әдістерінің бірі сабақ сыныптарының ашық есіктері болды, яғни оның сабақтарына барлық   топтарға қатысуға рұқсат етілген. Тіпті атеистер имам Садықпен (ғ.с.) ғылыми отырыстар өткізді. Имам Садық (ғ.с.) төрт мыңға жуық шәкірт тәрбиеледі және хазіреттен төрт жүзге жуық кітап қалды. Ислам құқығы, фиқһ, этика және құқық саласындағы шиіт еңбектерінің көбігі имам Садықтың (ғ.с.) мазхабының жемісі. Осы себепті хазіретті шиа мазхабының басшысы деп атаған. Көптеген сүннит ғұламалары да имам Садықтың (ғ.с.) сабақтарына қатысқан. Ханафи мазхабының жетекшісі Әбу Ханифа «егер ол екі жыл бойы имамның (ғ.с.) сабақтарына қатыспағанда, ол өлетін еді» деді. Немесе  төрт сүннит мазхабының имамдарының бірі әрі имам Садықтың (ғ.с.) шәкірттерінен болған Мәлик ибн Әнас: «Біраз уақыт Джафар бен Мұхаммадқа (ғ.с.) баратынмын, білім, рақым, ғибадат жағынан имамнан жоғары  ешкімді көрген де, естіген де емеспін»,- деген.

Имам Садықтың (ғ.с.)  пікірталастағы әдісі бөліну мен қақтығыстың көзі емес, бірлік факторы болды. Өйткені ол Алланың «Нахл» сүресінің 125-ші аятында Пайғамбарға (с.ғ.с.) айтқан «Адамдарды Рабыңның жолында даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен көркем түрде күрес. Күдіксіз, Раббың Ол тура жол тапқандарды да жақсы біледі» деген сөзін іске асырады. Имам Садықтың (ғ.с.) пікірталастары мазмұны мен діни және ғылыми тағылымдарымен қоса жақсы ахлақтың көрінісі болып табылады. Хазірет тіпті қарсыластары алдында да  мейірім болды. Имам Садық (ғ.с.) қасына үлкен жамағатты жинай алған және мұсылмандар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда өте құнды қадамдар жасай алған барлық уақыттағы ең жақсы жетекшінің үлгісі болып табылады.                                     

Имам Садық (ғ.с.) мұсылмандарды ислам перзенті, бір-бірінің бауырлары деп атады. Имам Садық (ғ.с.) өзінің  Зейд есімді сахабаларының біріне арнаған рауаятында:  «Әдепті және мінезі жақсы адамдармен олардың амалдарына сай әрекет етіңдер,  олардың жамағат намаздарына, жаназа намаздарына қатысыңдар. Егер олардың жамағатына имам  болу немесе олардың мешіттерінде азан айту мүмкіндігі болса, оны орындаудан тайынбаңдар.  Өйткені, егер сіз шиіттер осы істерді орындасаңыз, олар: «Бұлар шиіттер мен оның серіктерін өте жақсы тәрбиелеген имам Садықтың (ғ.с.) ізбасарлары, Алла оны рахым етсін, дейді»,- деді.

Имам Садықтың (ғ.с.)  ғылыми және мәдени талпыныстары шынайы Исламды түсіндіруге және өздерін Исламның уағызшылары санаған Аббаси халифтерінің жалған талаптарының әшкереленуіне себеп болды. Имам Садық (ғ.с.) әшкерелеу жұмыстарымен қатар өз шәкірттерін халифат жүйесімен кез келген ынтымақтастықтан сақтандыратын. Имам Садықтың (ғ.с.) өмірі мен амалы оның танымалдылығын күннен-күнге арттырып, айналасына көптеген фиқһшылар мен ойшылдарды жинады. Аббаси халифалары, әсіресе Мансур Даваниғи имам Садықтың (ғ.с.) ғылыми, фиқһ және рухани болмысын төмендетуге тырысқанымен, бұл дұшпандық имам Садықтың (ғ.с.) беделін арттырды. Мансур билігі Ислам тарихындағы ең тұншықтырушы кезеңдердің бірі болып саналады. Имам Садық (ғ.с.) өмірінің соңғы он жылын Мансур халифаты кезінде өткізіп, оның қолынан шәһид болды. Мансур имам Садықты (ғ.с.) халифаттың орталығына бірнеше рет шақырды.   Сылтау таба алмағандықтан, имамды (ғ.с.) қайтадан Мәдинаға қайтаруға мәжбүр болды. Имам Садық (ғ.с.) әдетте Мансурдың сарайына барудан бас тартты және осы себепті ол оған қарсылық білдірді. Бір күні Мансур хазіретке: «Неге дүниеге басқалар сияқты  келмедін?»- деді. Имам: «Біз сенен қорқу үшін ешнәрсе істеген жоқпыз, ақыретте де үміт күтетін ештеңе жоқ»,- деп жауап берді.

 Имам Садықтың (ғ.с.)  ғылыми және рухани жәдігерлерінің бірі – таухид пен Алланы тану туралы өте жан-жақты хадис. Имамның бұл монотеистік сөзінің   тыңдармандарының бірі  Муфзал деген шәкірті болғандықтан, бұл хадис «Муфазлдың таухды» деген атпен белгілі. Имам Садық (ғ.с.) бұл хадисті Муфазалға төрт күн және төрт кездесуде жеткізген. Муфазал оны төрт тарауда: бірінше тарау адамзат жаратылысының ғажайыптары, екінші тарау жануарлар жаратылысының ғажайыптары, үшінші тарауда табиғаттың керемет жаратылысы және соңғы тарауда қиындықтар мен азаптар туралы жазды. Бұл таңғажайып хадис Аллаға деген иман негіздерін нығайту үшін жаратылыстану, философия және әлемтану әртүрлі аспектілерін қарастырады.