Қаз 16, 2022 16:10 Asia/Almaty
  • Ирандағы соңғы оқиғаларға шолу (1): Иран Ислам революциясының жеңісі мен сақталуындағы жастардың рөліне көзқарас

Иран Ислам Республикасындағы соңғы оқиғалар мен толқулар дұшпандардың саяси және үгіт-насихат әрекеттеріне және олардың асығыс әрі үстірт баға беруіне себеп болды.

 

Ирандағы соңғы бірнеше аптадағы оқиғалар АҚШ пен кейбір Еуропа үкіметтерінің ИИР-на қарсы саяси және үгіт-насихаттық әрекеттеріне себеп болды. Әдеттегідей Иранның аймақтық және аймақтан тыс дұшпандары соңғы оқиғаларға асығыс әрі үстірт баға беріп, тапшылық пен кейбір саясаттарға көңілі толмайтын кейбір жастарды айдап салып, толқулардың жалғасуына көмектесуге тырысты. ИИР-ның дұшпандары Ислам революциясының жеңісінен кейін қырық жылдан астам уақыт бойы Иранға шабуыл жасау үшін барлық құралдарды, мүмкіндіктер мен жағдайларды пайдаланып келеді. Ислам революциясының жеңісінен бері АҚШ пен оның еуропалық және аймақтық одақтастары ИИР-мен үнемі қақтығысқа түсіп келеді. ИИР-ның халықтық жүйесін құлатуға талпыныс пен қастандық АҚШ пен оның кейбір еуропалық одақтастарының тұрақты саясаты болды. Иранның Ислам республикасы жүйесі өзінің 44 жылында барлық дағдарыстар, толқулар, лаңкестік әрекеттер мен соғыстың куәсі болды. 1980 жылдың қыркүйегінде Саддамның Иранға басып кіруі және сегіз жылға созылған соғыста АҚШ пен кейбір еуропалық үкіметтердің, әсіресе Англия мен кейбір араб елдерінің ізінен көруге болады.

Еуропа үкіметтері экономикалық санкция,  әскери басқыншылық  және қарапайым халық пен Ислам революциясының жақтаушыларынан ең жоғары саяси қайраткерлерге дейін 17 мыңға жуық адамды өлтіру арқылы Ислам революциясын құлату мақсатына жете алмайтынын түсінген кезде,  Иранда дағдарыс туғызу үшін психологиялық және медиа соғысын бастады. Ирандағы соңғы оқиғаларда, өткен қырық жылдағы көптеген оқиғалар сияқты, АҚШ-тың және Иран халқының басқа дұшпандарының ізі көрініп тұр. АҚШ пен Еуропа үкіметтері араласып, бұқаралық ақпарат құралдары мен қауесет соғысында Ирандағы тәртіпсіздікті  жалғастыруға әрекеттенуде.

АҚШ Мемлекеттік департаментіндегі Иранға қарсы әрекет ету тобының жетекшісі Брайан Хук Ирандағы жуырдағы толқулардағы бұл елдің рөлін мойындады 

Ислам республикасының жетекшісі аятолла Хаменеи Ирандағы соңғы апталардағы оқиғалар туралы сөйлеген сөзінде былай деді: «Әлемде көптеген тәртіпсіздіктер орын алады. Еуропада, Францияда Париж көшелерінде анда-санда тәртіпсіздіктер болып тұрады. Менің сұрағым «АҚШ президенті мен Өкілдер палатасының бүлікшілерді қолдағаны туралы мәлімет бар ма?» «Біз сендермен біргеміз» деген хабарды жіберді ме? Америкалық капитализмге және АҚШ үкіметіне тәуелді ұжым және олардың жалдамалылары, өкінішке орай, кейбір аймақтық үкіметтер, соның ішінде Сауд Арабиясы үкіметі сияқты, үгітшіге қолдау көрсетуге кірісті ме? Мұндай оқиғаның тарихы бар ма? Олар бір-бірімен оңай тіл табысып, жұмыстарын қадағалап отыруы үшін бүлікшілерге анау-мынау интернет құралдары мен бағдарламалық қамтамасыз етуді беретінімізді жариялай ма? Әлемнің кез келген жерінде, кез келген елде мұндай оқиға көп кездесе ме? Бұл жерде бір емес, екі емес, көп рет болды».

 

Ислам революциясының дұшпандары Иранның жас және жігерлі ұрпағына көп қаржы жұмсауда. Кез келген қоғамдағы жастар өзінің қабілеті, жігері мен дарыны арқасында сол қоғамның болашағында шешуші рөл атқара алады.  Кез келген қоғамдағы жастар сол қоғамның негізгі қоры болып саналады, сол қоғамның ғылым, мәдениет, экономика, саясат, өнер, спорт және т.б түрлі салалардағы өсу мен ілгерілеу өрістерін қамтамасыз ете алады. Иранда жас ұрпақ елдің дамуына  үлкен рөл атқарды. Жастар революцияның қалыптасуынан оның жеңісіне дейін және Ислам революциясының жеңісінен кейін әртүрлі салаларда қатысты. Алла елшісі Мұхаммад (с.ғ.с.) мен имам Әли  (ғ.с.)  жастарға ықпалды, серпінді және жаңарып келе жатқан ұрпақ ретінде  назар аударуға назар аудартты.  Өйткені кез келген тап пен топтан гөрі жастар Исламның уахиі мен әділетінің тыңдарманы болды. Жастардың көмегімен дін мен қоғам тарих күнтізбесінде мәңгілік және өшпес байланысқа қол жеткізіп, Иран халқының тағдырына әсер етті. Ислам революциясының ұлық жетекшісі имам Хомейни (р.а.) осы рухани қордан хабардар бола отырып, оны Исламға қызмет ету және патшалық режимді құлату үшін пайдаланды.  Ислам революциясының сәулетшісі 1963 жылы Ислам қозғалысының басынан бастап Алланың құдіретіне сүйеніп, жастарға сенім арту арқылы Алла дінінің дұшпандарымен бетпе-бет келетінін жария етті. Имам Хомейни (р.а.) Ислам революциясының жеңісі кезінде және одан кейінгі 1980-ші жылдардағы Саддам режимі таңған сегіз жылдық соғыста жастарды және олардың ынталы қатысуын пайдаланып, жұмылдыру арқылы тәуелсіз және қуатты Иран туын көтерді.

Имам Хлмейни жастар ортасында

Ислам революциясының ұлық жетекшісі ирандық жастардың ар-намысқа ұмтылуын даусыз ақиқат деп санап, осыған орай екі «тәуелсіздік» және «еркіндік»  деген маңызды ұранды іске асыру деп санады. Сондықтан Иран халқы, әсіресе жастар Ислам республикасының көтерілуінде осы негізгі ұрандарды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін аямады және ешқандай   күшпен келіссөздер жүргізбеді және ымыраға келмеді. Имам Хомейни революцияның жеңісіндегі жастардың үлесін маңызды санады. Сөзінің бір бөлігінде: «Жастар, сендердің күш-жігерлеріңіздің арқасында жеңіп, Ираннан жемқорлықтың тамырын белгілі бір дәрежеде жойдық. Исламды жат, жау қолынан құрбандықпен аман алып қалған сендерсіңдер жастар. Сөз бен күш бірлігімен Исламды осы сатқындардың қолынан құтқаратын да сендерсіңдер»,- деді.

Сегіз жылдық соғыста Саддам режиміне қарсы күрес іс жүзінде жастардың мойнында болды. Жиырмадағы немесе отыз жасқа аяқ басқан жастар. Сегіз жылға созылған  соғыста олар Иранның құлдырау және шарықтау тарихында көптеген ерлік көрсетті. Соғыс аяқталғаннан кейін Иран жастары осындай батылдық пен жанқиярлық рухымен елдің экономикалық және ғылыми салаларда өсіп-өркендеуіне үлкен қадамдар жасады. Иран өз жастарының білімі мен дарынының арқасында бейбіт мақсатта пайдалану үшін ядролық энергияның отын өндіру циклі туралы білімге қол жеткізді. Негізінен отыздан асқан жастардың арқасында. Сондықтан сионистік режим мен АҚШ бейбіт мақсаттағы ядролық білімнің дамуына жол бермеу үшін Иранның ядролық ғалымдарына қастандық жасауды күн тәртібіне қойды. Аятолла Хаменеи Иранның өсіп-өркендеуіне тосқауыл қоюды АҚШ пен Иран ұлтының дұшпандарының Иранда дағдарыс тудыратын әрекеттерінің себептерінің бірі деп атады. Ислам революциясыны қазіргі таңдағы жетекшісі: «Менің сезінгенім,  олар елдің құдіретті күшке айналып бара жатқанын сезеді және бұған шыдай алмайды. Олар мұны сезінеді, көреді. Аллаға Қшүкір, ескі түйіндердің біразы ашылып жатқанын көріп отыр. Әрине, елде түйткілді мәселелер көп, бұл мәселелердің біразы жылдар бойы жалғасып келеді, [бірақ] осы мәселелерді шешуге, осы түйіндерді ашуға үлкен жұмыс жасалуда. Олар елдегі даму қозғалыстың жылдамдықпен алға ілгерлеуін  көреді. Бұл шындық. Адамдардың барлық салалардағы  қозғалысын олар да байқайды және сезінеді. Олар бұлай болғанын қаламайды. Жартылай істен шыққан зауыттардың іске қосылғанын, білім базаларының іске қосылғанын, кейбір салаларда алдыңғы қатарлы өндірістің күннен-күнге өзін көрсетіп жатқанын көреді. Олар  жаудың   қаруы болып табылатын санкцияларын  залалсыздандыруға болатын істердің жасалып жатқанын көреді. Олар мұны көреді. Олар бұл қозғалысты тоқтатқысы келеді»,- деді.  

Қорыта айтқанда, ИИР-ның дұшпандарының жас ұрпақты Ислам республикасынан ажырату мақсатындағы соңғы толқуларды бастаудағы талпыныстары бұрынғыдай сәтсіздікке ұшырайды.

 

Тегтер