БАӘ-де балалардың құқығы бұзылуда
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i6499-БАӘ_де_балалардың_құқығы_бұзылуда
Кен шахталарындағы балалардың еңбегі туралы сөз болғанда мұндай әрекеттерді ешбір қисынмен ақтауға болмайды. Өкінішке орай, әлемдегі шахталардағы осындай заң бұзушылықтар туралы мәліметтер жарияланып жатады. Енді кезек БАӘ-не жетті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 29, 2016 10:01 Asia/Almaty
  • БАӘ-де балалардың құқығы бұзылуда

Кен шахталарындағы балалардың еңбегі туралы сөз болғанда мұндай әрекеттерді ешбір қисынмен ақтауға болмайды. Өкінішке орай, әлемдегі шахталардағы осындай заң бұзушылықтар туралы мәліметтер жарияланып жатады. Енді кезек БАӘ-не жетті.

БАӘ – Азия құрлығының оңтүстік-батысында, Арабстан түбегінің шығысында орналасқан ел. Бұл ел Таяу Шығыста оңтүстігінде Қатар және Сауд Арабстанымен, шығысында Оманмен, солтүстігінде Парсы шығанағымен шектеседі. БАӘ 1971 жылдың желтоқсан айының екісі күні Британиядан тәуелсіздік алған соң Абу-Даби, Дубай, Шарджа, Аджман, Фуджейра, Рас ал-Хайма және Умм ал-Кувейн деген кішігірім жеті әмірліктен құралып, қалыптасқан федеративті ел.

Дубай – БАӘ-ндегі жеті әмірліктің ішіндегі халқының саны ең көп әрі Абу-Дабиден кейінгі Әмірліктегі ең үлкен қала. Өткен онжылдықтарда бұл қала әлемдік алтын саудасы үшін маңызды орталыққа айналды. Әлемдік нарықтағы бүкіл алтын саудасының шамамен 40 пайызы өзін «алтынның қаласы» деп атауды жақсы көретін осы қалада жасалады.

Базарда мәмілелер жасалып, үлкен табыс әкелетін алтындар алдамшы, көз қызықтыратын сыртқы көріністерінің артында ащы ақиқаттарға ие. Алтын бұйымдарының кен орындарынан шығарылу кезеңінен базарға әкелінгенге дейін ауыртпалы сыр-құпияларға толы ақиқаттары бар. Алтын кеніндегі жұмыс әрдайым өте ауыр жұмыстардың бірі саналады. Соңғы 100 жылда кеншілердің жұмыс жағдайларын жақсартып, қауіпсіздік құрал-жабдықтарын арттыру жолында көптеген талпыныстардың жасалғанына қарамастан, қазірдің өзінде де кен орындарындағы жұмыс жағдайы қауіпті әрі үлкен ықтият пен қырағылықты қажет етеді. Бірақ кен оындарындағы балалар еңбегі туралы айтылған кезде мұндай әрекеттерді ешбір қисынмен ақтауға келмейді.

Адам құқығын қорғау ұйымының зерттеулері алтын дайындау жұмысында балаларға немқұрайды қараудың балалардың құқығына әсер ететіндігін көрсетті. Бұл ұйым Ганада балалар жұмыс істейтін лицензиясы жоқ кеніштен алтын саудагерлерінің алтынды қалай сатып алатынын, оны алтын шығаратын кен орындарында балалардың жұмысын анықтап, жеткілікті деңгейде қорғайтын ешбір механизмдері жоқ экспорттаушы компаниялардың сататынын көрсететін әртүрлі құжаттарға қол жеткізді. Гананың кейбір экспорттаушы компаниялары алтынды Дубайдағы алтын өңдейтін Kaloti, Emirates Gold сынды үлкен компанияларға экспорттайды.

Адам құқығын қорғау ұйымындағы зерттеуші Джулиан Киппенберг өзінің есебінде былай деп жазды: «Тек өткен айда ғана мен Гананың Ашанти аймағындағы өнеркәсіп кенішінде болғанымда күннің аптап ыстығында бұрғылау жұмысымен айналысып жатқан Ысқақ есімді кішкентай ұл баланы көрдім. Ол кеніштің терең жерінде басқа балалар және үлкендермен бірге жұмыс істеп жатты. Бұл көрініс мені осыдан бірнеше жыл бұрын Ганада кен орыны құлауы салдарынан 16 адамның жантәсілім еткен оқиғаны есіме түсірді. Ысқақ маған өзінің кеніште күнімен жұмыс істеуіне байланысты бастауыш мектепті тастап кеткенін айтты. Ол бұрғылау ісімен қатар ауыр тастарды да тасумен айналысып, сонымен қатар санитарлық тұрғыдан қауіпті, әсіресе балалардың денсаулығына қауіп төндіретін алтынды улы сынаппен өңдеу міндетіне де ие болды. Одан улы сынаппен жұмыс істеуі туралы сұрағанымда ол ештеңе білмеді».

Ганадағы лицензиясы жоқ кен орындары өте қауіпті. Ол жерлерде ешбір бала жұмыс істемеуі керек. Ганадағы алтын кеніштері шамамен бір миллион адамды жұмысқа алады. Аталмыш алтын кен орындары шамамен елдің алтын өндірісінің 40 пайызын құрайды. Бұл кеніштер көбінесе лицензиясыз жұмыс істейді. Балалар да отбасы мүшелерімен өздерінің тұрмыстарын қамтамасыз ету үшін және өздерінің мектеп ақыларын табу үшін жұмыс істейді. 15-17 жастар аралығындағы мыңдаған бала Ганадағы алтын кен орындарында жұмыс істеп жатыр. Осылайша қауіпті өнеркәсіп орындарында балардың жұмыс ітеуіне тыйым салатын халықаралық заңдар мен жасы 18 толмаған балалардың кен орындарында жұмыс істеуіне рұқсат бермейтін Ганадағы балалар туралы заң аяққа тапталады. Кішкентай балалар жұмыс істейтін заңсыз кеніштер шамамен Гананың жұмыс кен өнеркәсіптерінің үштен бірін құрайды. Бұл балалар ол жерлерде ешқандай бақылау жасалмайтын жағдайда жұмыс істейді. Олар қараңғы туннельдер арқылы өтіп, өздерінің салмақтарынан да ауыр жүктерді тасиды.

Бұл кеніштердегі жұмыс балаларды дағдарысқа тіреуі мүмкін. Себебі онда ауыр құрылғылар мен күрек, қайла сынды үшкір, кесіп кететін саймандарды тасу және у саналатын сынаппен жұмыс істеу балалар үшін шарасыз істер. Қауіпті кеңістіктің жайы мынадай: оларға жарылғыш заттар мен химиялық улы заттардан туындайтын аурулар мен улану қатері төніп тұр. Кішкентай кен орындарындағы кішкентай жұмысшылар аштан өліп, көштен қалмайтын мардымсыз жалақы алады. Олардың кейбіреуі кен орының 25 метрлік тереңдігінде жұмыс істейді, келесі біреулері алтынды сынаппен өңдеумен айналысады. Улы металл олардың денсаулықтарына орны толмас нұқсан келтіруі мүмкін. Алтын өңдеу ісінде пайдаланылатын сынап алтын сататын дүкендерде болады. Олар алтын саудагерлері арқылы өз кен орындарында балаларды жұмысқа алатын кеніш иелеріне жеткізіледі.

Бүгінгі күні Дубайда немесе өздері айтатындай «алтын қалада» делдалдар мен алтын сатып алатындардың саудасында сатылатын алтын осындай жағдайларда өндіріліп, өңделеді.

Қалай болғанда да Әмірлік Гана сынды басқа елдердегі алтын кеніштерінде балалардың еңбегін пайдаланып, өздерінің алтын өнеркәсіптеріне еселенген табыс әкелетін жалғыз ел емес. Бұл жағдай азиялық және африкалық басқа да көптеген елдерде байқалады. Әлем бойынша бір миллион бала кішкентай кеніштерде жұмыс істейді деп есептелген. Бұл балалар ақылға сыймайтындай ең қиын жағдайларда өмір сүреді. Олар жарақат алу және созылмалы науқастарға шалдығу немесе өлім қатеріне душар болу жағдайында жұмыс істейді. Әлемнің көптеген жерлерінде кездесетін кен орындарында ауыр жүк тасымалдау және зиянды шаң-тозаңмен демалу, сондай-ақ, шикізатты ұсақтау үшін қауіпті құрал-саймандарды қолдану салдарынан балалардың өмірлері мен денсаулықтары қатерге тіреледі. Өкінішке орай, жағдайды жақсарту жолындағы барлық талпыныстарға қарамастан әлі де ауыр және төзуге келмейтін жағдайларда жұмыс істеп жатқан көптеген балалар бар.

Өткен жылдары да бұл жағдай аса жақсара қойған жоқ. Тек соңғы 15 жыл ішінде соның үштен бірі азайды. Бүгінде Азия мен Африка және Латын Америкасында балалардың еңбегін пайдалану өте нашар жағдайларда іске асырылуда. Бұл жағдай азиялық және африкалық балалар үшін алаңдатарлық деңгейде. Азиялық 11 баланың біреуі жұмыс ісетуге мәжбүр. Африкада бұл статистика төменірек болғанымен кен орындарында жұмыс істейтін балалардың саны өте көп. Бұл жағдай 2015 жылға дейін балалардың жұмыс күшін пайдалану толығымен жойылуы тиіс болған жағдайда орын алып отыр.

Қалай болғанда да алтын өнеркәсібінде маңызды жауапкершілікке ие адамдар балалардың осы үдеріске қатыспайтындықтарына сенімді болуы керек. Сонымен қатар бұл өнеркәсіптің дамуы мен өркендеуі адами құқықтарға қатер төндіретін жол болмауы тиіс. Кен иелері мен алтын саудагерлері және алтын өнеркәсібіндегі басқа да мәміле жасаушылар алтын шығаратын және сататын орындардағы өздерінің маңызды міндеттерін орындауда үздіксіз әрекеттер мен талпыныстар жасауы керек. Олар кен орындары мен алтын өңдеу зауыттарында кеніште жұмыс істейтіндердің адами құқықтарын бақылау үшін, соның ішінде балалардың жұмыс істеуіне тосқауыл қоятын принциптер мен ережелердің сақталуына сенімді болуы керек. Экономикалық және даму серікстестігінің халықаралық ұйымы сынды кейбір органдар алтын саудасына қатысты халықаралық нормаларды сақтауды қуаттайды. Ганадағы алтын сататын компаниялар өздерінің алтын дайындайтын жұмыс орындарында қосымша бақылау жасап, кен орындарының ешбір жерінде бала еңбегінің пайдаланбайтындығына сенімді болуы керек.