Жетекші көзқарасы: діни жетекшінің әлемдік еңбекшілер күніне орай сөйлеген сөзі
(last modified Mon, 02 May 2016 07:32:24 GMT )
Maм 02, 2016 13:32 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: діни жетекшінің әлемдік еңбекшілер күніне орай сөйлеген сөзі

Еңбекшілердің әлемдік күніне орай ирандық еңбекшілердің үлкен тобы ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесті. Осы бағдарламада хазіреттің еңбекшілердің алдында сөйлеген сөзінің маңызды бөлімімен таныстырамыз.

Еңбекшілердің әлемдік күніне орай ирандық еңбекшілердің үлкен тобы ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесті. Осы бағдарламада хазіреттің еңбекшілердің алдында сөйлеген сөзінің маңызды бөлімімен таныстырамыз.

Жұмыс пен талпыныс ислам дінінде өте құнды саналады. Бұл дінде өзі мен өз отбасының жағдайын қамтамасыз ету үшін қиындықтарға төзіп, еңбек ететін адам қадірлі әрі Құдайдың рақымына бөленеді. Ислам дінінде жұмыссыздық пен басқалардың көмегіне мұқтаж болу – жағымсыз, айыпталатын іс. Исламдық қоғамдағы ең жоғарғы діни тұлға, яғни исламның ардақты пайғамбары мен ол хазіреттің пәк әулеті жұмыс істеп, еңбек етуден ешқашан бойларын аулақ салған емес. Осы ұлы тұлғалардың құдық қазып немесе құрма бақтары мен өздерінің егістік алқаптарында жұмыс істеп, жер тырмалап еңбек еткендері, өз өнімдерімен қоғам мен мұқтаж жандармен бөліскендері көптеген рауаяттарда айтылған. Осындай мәдениетте еңбекші адамзат қоғамының қадірлі мүшесі болып табылады. Оның болмауы қоғамның қирауы мен ғиззатының жойылуына себеп болады. Ислам дінінде еңбек пен еңбекшіге көрсетілетін құрмет басқа көптеген мәдениеттерде жоқ. Сол себепті батыстың тарихында еңбекші мен жұмыс берушінің арасында шынайы қайшылықтар пайда болып, соңы қайғылы салдарларға соқтырды. Батыс қоғамдарында жұмысшыға қатысты әділетсіздіктер мен кемсітушіліктерге қарсы жұмысшылардың білдірген наразылықтарының нәтижесінде мамыр айының бірі «әлемдік еңбекшілер күн» деп аталған. Жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы қайшылық – батыстың материалды мәдениетіндегі айырмашылықтардың бірі. Олардың қоғамында физикалық ауыр жұмыс істеу қорлық пен тәуелділіктің белгісі. Мұндай қайшылық исламның асыл мәдениетінде жоқ. Себебі жоғарыда айтылғандай, діни тұлғалардың өздері еңбек етіп, жұмыс істеп, еңбек етуді шарапат пен бақыттың кілті санаған. Исламдық Иранда да ислам революциясының жеңісінен кейін революция жетекшілері тәуелсіздік пен елдің абыройындағы еңбекшілер мен жұмысшылардың ерекше және айшықты орындарын әрдайым қуаттап келеді. Революция жетекшілері әлемдік еңбекші күнін үнемі жұмыс пен жұмысшының маңызын еске салу үшін құрметтеп, атап өтеді. Биыл да бұрынғы жылдардағыдай ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи ирандық мыңдаған жұмысшымен кездесіп, сұхбаттасты.

 Иран ислам революциясының жетекшісі Иранның жұмысшыларын әлемдік жұмысшы күнімен құттықтап: «Бүгін сіздер мен елдің барлық еңбекшілеріне құрмет білдіріп, ұлы Алла Тағаладан жұмысшы қоғамына қатысты өзіміздің міндетімізді орындау жолында бізді табысқа жеткізуді сұраймын» деді. Хазірет аятолла Хаменеи жұмыс түсінігін ғылыми, діни, басқару, өндіріс, қызмет көрсету салалары және үгіт-насихат сынды жұымыстарды қамтитын өте кең ұғым деп атап: «Жоғарыда атап өткенімдей, жұмыс кең мағынасымен һәм адамның өзін, һәм қоғамды қалыптастыратындықтан құнды. Жұмыссыздық, жалқаулық, жастық шақ пен интеллектуалды, физикалық күшті, уақытты орынсыз зая кетіру айыпталады. Бұлар құндылықтарға да қарсы. Бұл – исламның қисыны. Қай жерде болмасын еңбек ететін әр адам – құндылық тудырушы. Егер ол іс Құдайға ниет етіп атқарылатын болса, ғибадат әрі сауап» деді.

Ислам діні осы дүниедегі еңбек пен талпынысты адамның ақыреттегі бақытының мәйегі санап, оны ғибадат деп есептейді.

Бірде пайғамбар серіктерінің бірінің қолын қысқан соң, одан: «Қолыңның осыншалықты қатты мүйізденіп кетуінің себебі неде?» деп сұрағанда ол: «Уа, Алланың елшісі! Күрекпен жер қазып, арқан есіп, отбасымның қаржысын табамын» дегенде пайғамбар оның қолын сүйіп: «Бұл қолды ешқашан тозақ оты шарпымайды» деген екен» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи сөзінің жалғасын өндіріс пен кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы мен қызмет көрсету салаларында еңбек етіп жатқан жұмысшы қоғамы тақырыбына арнады. Хазірет Иранның жұмысшы қоғамын ислам жүйесі мен елге адал, берілген қоғам деп атап, оларға революцияның басы мен содан кейінгі маңызды оқиғалардағы құзырына алғыс айтты. Революцияның мәртебелі жетекшісі Иран халқының революцияшыл күресі барысында марксистердің жұмыстың тізгіні мұсылман халықтардың қолы мен діни ағымдардан шығуы үшін осы халықтық қозғалысты марксистердің анықтамасындағы жұмысшы революцияларына айналдырмақ болғанын айтты. Бірақ жұмысшы қоғамдары қырағылық және көрегенділікпен ондай қастандықтарға тосқауыл қойды.

Хазірет аятолла Хаменеи «Қарсыласу экономикасы: әрекет пен талпыныс» деген Иранның биылғы жылғы ұранын тілге тиек етіп, жұмысшы қоғамының ролін осы мақсатқа жету жолында өте маңызды деп атап: «Жұмысшының міндеті бірінші кезекте жауапкершілік сезіміне ие болуы, яғни жұмысшы өзіне жүктелген істе жауапкершілікті сезініп, оны жауапкершілікпен орындап, жұмыстың сапасын арттыруы керек. Жұмысшылардың барлық бөлімі жұмыстың сапасын жоғарылатуды мақсат етуі керек. Бұл һәм өзіне, һәм қоғамға береке әкеледі» деді.

Исламның ардақты пайғамбары былай деген: «Құдайдың рақымы жұмысты орындаған, оны мықты орындаған адамға түседі».

Хазірет аятолла Хаменеи жұмыстың сапасын жоғарылатуды қажеттілік деп атап, сапаны арттыру үшін жұмысшылардың шеберліктері жоғарылауы керек деп қуаттады. Хазірет техникалық және кәсіби оқытудың маңыздылығын баса айтып, үкімет пен мердігерлердің осы саладағы рөлін маңызды деп атады. Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сапаны арттырудың келесі жолдарының бірі ретінде жұмысшылардың кәсіби қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп атап, осы маңызды жауапкершілікті үкімет басшылары мен жұмыс берушілердің міндетіне жатқызды. Ол кісі жұмыс шеберханаларының жабылуын жұмысшылардың кәсіптік қауіпсіздігі үшін үлкен апат деп қуаттап, басшылардан жұмыс берушілердің мүмкіндіктерінің тапшылығына байланысты зауыттар мен жұмыс орындарының жабылуының алдын алу қажеттігін сұрады. Хазірет аятолла Хаменеи кейбір пайдакүнемдердің теріс, асыра пайдаланушылықтарын да жұмыс орындарының жабылуындағы маңызды себеп деп атап, тиісті органдарға осы мәселені қадағалауды тапсырды.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі ирандық тауарларды таратудың маңыздылығын қуаттап, бұл істі жұмысшылардың табысқа жетуінің дәлелдерінің бірі деп атап көрсетті. Ол кісі сонымен қатар жұмыс кеңістігінің салауаттығы мен өндіріс қаржысында еңбек ақының үлесін арттырып, қажетсіз шығындарды азайтуды жұмысшылардың табыстылығының келесі факторларының қатарына жатқызды. Хазірет аятолла Хаменеи мердігер мен жұмысшы арасындағы қайшылық пен кикілжіңді маркстік идеяның негізі деп атап, ислам дінінің негіздерінде жұмысшы мен жұмыс берушінің бір-біріне қарсы, қарама-қайшы екі мүше емес, керісінше әріптес, серіктестер екендігін айтып, өндіріс пен тауар экспортының мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін үшін оларға көмектесуді басшылардың өндірісті дамыту жолындағы маңызды міндеттері деп атады.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі ішкі өндіріске қолдау көрсетуді қажеттлік деп қуаттап, елдің ішінде өндірілетін заттардың шетелдерден импортталмауы керектігін баса айтты. Шетелдік тауарлар саудасы мен тұтынысы құндылыққа қарсы іс саналу керектігін айтып, басшылардан импортты мақсатты түрде және қырағылықпен бақылауға алуды тапсырды. Хазірет аятолла Хаменеи контарбанданы ішкі өндіріске қарсы у деп атап, контрабандалық тауарларға қатысты орын алған осалдықтарды сынға алып, басшылардан ұйымдастырылған контрабандалық әрекеттермен шынайы түрде күресуді сұрады.

Ислам революциясының жетекшісі жаңа технологиялар саласындағы дамуды ішкі өндірістің сапасын арттыруда маңызды деп бағалап, дамыған технологияларға қол жеткізу үшін университет ғалымдарының мүмкіндіктері мен әлеуеттерін пайдалану керектігін, бұл істің университет пен өндірістің байланысы арқылы жүзеге асатынын қуаттады. Ол хазірет ирандық жас ғалымдардың әртүрлі салалардағы жетістіктеріне тоқталып: «Ирандық ғалымдар өндіріс саласында әлемдік дамыған технологияларға қол жеткізу әлеуеттеріне ие. Осы мүмкіндікті пайдалану керек» деп баса айтты.

Хазірет аятолла Хаменеи исламдық Иранның дұшпандарының, соның ішінде Американың келтіріп отырған кедергілеріне сілтеме жасап: «Біздің америкалықтарға сенбеуіміздің себебі – олардың әшкере түрдегі дұшпандықтарында. Америка Иранмен арадағы ядролық келіссөздерде өздерінің міндеттерін орындаған жоқ. Міндеттеріне қарсы, тіпті іс жүзінде банк істері мен қаржы және сауда мекемелерін Иранмен серіктестік жасаудан тыйып отыр. Біздің осы дұшпанымыздың пайда болғанына 37- 38 жыл болды. Соған қарамастан біз дамыдық. Егер дұшпандық тағы жүз жылға созылатын болса да, олардың көрсоқырлығына қарамастан, біз сол жүз жылда да үздіксіз дамитын боламыз. Америка – Иранның дұшпаны. Америка халықтық жаппай қозғалыс пен революцияның негіздеріне, сонымен қатар жүйе негізіне қарсы. Америка бір кезде Иранда осы елдің барлық ісін басқарды. Бүгін, тіпті біздің елде бір елшілігі де жоқ. Билікке ислам жүйесі келгендіктен олар исламдық жүйемен жауласып отыр. Америка бұрынғы жағдайын қайтарғысы келеді. Бірақ Иран барлық көрсетіліп жатқан езгіге қарамастан, мықты ел. Америка өзінің мақсаттарына жете алмайды» деді.

Ислам мәдениетінде жұмыс істеп, еңбек ету Құдай жолында ғибадат етіп, джиһадқа шығу сынды қасиетті. Исламның ардақты пайғамбары былай деген: «Ғибадат жетпіс бөліктен тұрады. Оның ең жоғарғысы – халал ас сұрау».

Діни жетекші еңбектің қасиеттілігі туралы: «Еңбектің қасиеттілігі мен жұмысшының құрметі үкіметтік бағдарламалардың басынан орын алуы тиіс. Исламның қисынында еңбек түзу ғамал мен ғибадаттың бір түрі. Бұл жұмысшының ислам жүйесіндегі мәртебесі мен құнын айқындайды» деді.