Имам Мұса Казем (ғ.с.) шәһид болған күн
(last modified Wed, 15 Feb 2023 12:20:42 GMT )
Ақп 15, 2023 18:20 Asia/Almaty
  • Имам Мұса Казем (ғ.с.) шәһид болған күн

Бүгін имам Мұса Казем (ғ.с.) шәһид болған күн. Имам Мұса Казем (ғ.с.) Мекке мен Мәдине арасындағы Абуа деген жерде дүниеге келді. Хазіреттің анасы Хамиде ханым болды. Оның әйгілі лақап аттары – Абул Хасан және Әбу Ибраһим және лақап аттары – Казем, Абд Салех, Алам, Зейн әл-Мужтахидин және Баб әл-Хавайж.

Әкесі  имам Садықтен (ғ.с.) кейін имам Мұса Казем мұсылмандардың тура жол көрсетуі мен басшылығына жауапты болды және Пайғамбардың (с.ғ.с.)   Әһле Бәйтінің басқа мүшелері  сияқты оларды да өздерінің үлкен білімдері мен ілімдерімен нұрға бағыттады. Имам Казем (ғ.с.): «Тәулікті төрт бөлікке бөлуге тырысыңыз: бір бөлігі Алламен сырласу үшін, екінші бөлігі тірлік пен өмір үшін, үшінші бөлім – сенім артқан, қателіктеріңді есіне алатын, жақсылық жасаушы дін бауырларыңмен араласу,  төртінші бөлім – салауатты ойын-сауық пен заңды ләззатпен айналысу, осы бағдарлама аясында сіз қалған үш жағдайда да өз міндеттеріңізді жақсы атқара аласыз»,- деген.

Имам Казем (ғ.с.) дәуірінің кейбір ескі ағымдардың күшеюі және жаңа ағымдардың қалыптасуы үшін маңызы зор. Осы кезде халық арасында сенімдері әртүрлі және жат ағымдар пайда болып, имам олармен күресіп, пікір таластырды. Бұл мазхабтардың кейбірі имам Садық (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін пайда болып, ырымшыл ағымдар немесе зиялы ағымдар қатарына жатқызылды. Имам Мұса Казем (ғ.с.) дәуіріндегі мәзһабтардың басқа топтары имамның кезінде қалыптасқан шиизм тармақтары болды. Әртүрлі атақтары бар түрлі секталар имамдардың мұрагерлігін алға тартты. Осыған орай, алавиттерге дұшпандық танытқан Аббаси үкіметі бұл жалған талапшылдардың кейбірін мақұлдап, қолдап, мəссіз имамдардың алдына қойды. Осыған орай, алавиттерге дұшпандық танытқан Аббаси үкіметі бұл жалған талапшылдардың кейбірін мақұлдап, қолдап, пәк имамдардың алдына қойды. Осыған орай, алавиттерге дұшпандық танытқан Аббаси үкіметі бұл жалған талапшылдардың кейбірін мақұлдап, қолдап,  имамдардың алдына қойды. Әртүрлі адамдар имамдардың мұрагерлігін алға тартты. Осыған байланысты алевилерге дұшпандық танытқан Аббаси үкіметі бұл жалған талап қоюшылардың кейбірін мақұлдап, қолдады. Иләһи басшылардың қамауға және бақылауы алынуы адамдарды олардан алыстатып, бөліну мен ауытқуға көбірек негіз туғызды.

Ходжат әл-Ислам Раджали Теһрани, діни сарапшы имам Казем (ғ.с.) кезінде пайда болған мазхабтар туралы: «Имам Садық (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін шиизмде әртүрлі топтар мен секталар пайда болып, имам Казим (ғ.с.) имамдығы кезінде жағдайды қиындатты. Басқа жкінші жағынан, имам Каземнің жиі түрмеге түсуі оның шиіттермен қарым-қатынасын азайтты және осы себепті адамдар аздап рухани күйзеліске ұшырады. Имам Садық (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін алты мәзһаб пайда болды. Бірінші топ имам Садықтың (ғ.с.) махдавиятқа сенгендер болды. Олар «имам дүниеден кеткен жоқ және ол пайғамбар уәде еткен Мәһдидің өзі. Сондықтан олар имам Садық (ғ.с.)-ға тоқтап, келесі имамды қабылдамады. Құрылған тағы бір топ Исмаил  махдавиятына табанды болды. Исмаил имам Садықтың (ғ.с.) имамдыққа ешбір талабы жоқ  өнегелі әрі ғалым перзенттерінің бірі болды. Бірақ ол дүниеден өткеннен кейін біраз адамдар жиналып, «Исмаил дүниеден өтпеді, әлі тірі және ол имам Садықтан (ғ.с.) кейінгі имамымыз және ол уәде етілген Мәһди» деді. Сондықтан олар исмаилиттік мазхабты құрады, Исмаил дүниеден өткенде имам Садықтың (ғ.с.) өзі адамдарды жаназаға шақырып, жаназа рәсімі өтті. Содан кейін имам Исмаилдың табытын жерге қоюды бұйырды да, бетінен кепенді алып тастады. Адамдар бұл Исмаил екенін және ол адамдарды мойындауды сұрап жатқанын көреді. Адамдар Исмаилдың өлгенін, тірі емес екенін білуі үшін ол мұны талай рет жасады». Раджали Теһрани: «Имам Казем (ғ.с.) кезінде пайда болған тағы бір ағым Исмаилдың өлімін мойындап, оның ұлы Мұхаммадты уәде етілген Мәһди деп атағандар болды»,- деп сөзін жалғады. Тағы бір топ имам Садықтың (ғ.с.) ұлдарының бірі Абдулла Афтах деген атпен танымал Абдулла Ибн Джафарды имам Садықтың (ғ.с.) мұрагері деп санайтын топ болды. Сондықтан олар «Фатхия» мәзһабын құрып, осылайша танымал болды. Басқа мазһаб имам Садықтың (ғ.с.) басқа балаларының бірі болған Мұхаммад Ибн Джафарды өте әдемі, өнегелі және білімді деп есептеді және Мұхаммад Дибаж деген атпен танымал болған Мұхаммад Ибн Джафарды  өздеріне жетекші етті. Соңғы топ, олар да көпшілік болды, имам Мұса ибн Джафардың имамдығына сеніп, басқа мәзһабты ұстанбағандар болды. Демек, имам Казем (ғ.с.) тұсында шиіттер арасында алты мәзһабтың қалыптасуы сол дәуірдің өте сезімтал болғанын көрсетеді. Алайда Имам Казем (ғ.с.) бұл қиындықтарды жеңіп, адамдарды шынайы әрі таза Исламмен таныстыра білді.

 

Харунның имам Каземнің (ғ.с.) шиіттеріне қарсы әрекет етуінің бір себебі Мұса бен Джафардың (ғ.с.) әлеуметтік жағдайы мен рухани ықпалы болды. Имамды адамгершілігімен, жүріс-тұрысымен, білімімен танып-біліп, оның ізгі қасиеттерін пайдаланатындар көбейіп келе жатқаны табиғи болды және оларда «мұндай бірегей имам арамызда болған кезде, ол неге шетте қалып,  халифатты неге Харун басқарады деген сұрақ туындады. Харунның Меккеге жасаған сапарларының бірінде үкімет тыңшылары Харунға адамдардың имам Каземге барып, ақшаларын беріп жатқанын хабарлады. Харун Қағбада имам Каземді (ғ.с.) көргенде: «Адамдар жасырын түрде ант беретін адамы, сен бе?», – деді. Имам Казем (ғ.с.): «Ей, Харун, сен адамдардың денелерінің басшысысың, мен олардың жүректерінің басшысымын. Яғни, сен айла-шарғымен, күшпен адамдардың жүрегін жаулауға тырысасын, бірақ халықтың жүрегі сенімен емес. Біз адамдардың жүрегінде орын тапқан Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетіміз, олардың жүрегі бізбен бірге»,- деді.  Бір жағынан Харун имамнан қорқып, бұл қорқыныш имамға қарсы көптеген әрекеттер жасауға мәжбүр етті. Екінші жағынан, ол араласып, оны қуып, имамның үйіне шабуыл жасап, имамның рөлі мен танымалдылығын жойғысы келді, имамның мінезін бұзып, имамды түрмеге отырғызу арқылы жағдайды өз бақылауына алмақ болды.  Имамның шектеулері көп болғанымен, ол халыққа пайда болған секталар туралы мағлұмат берді.

حرم مطهر امام موسی کاظم (ع) و امام جواد (ع) در کاظمین

 

Имам (ғ.с.) бірнеше жыл бойы түрмеден түрмеге ауыстырылды. Қараңғы түрмелер мен қорқынышты зындандарда имам Казем (ғ.с.) өзінің сүйікті әрі шынайы ғашығымен (Алламен) сырласып, өзіне берілген ғибадаттың сәттілігі үшін Ұлы Аллаға шүкіршілік ететін.

Хиджридің 183 жылы 55 жасында имам Каземды (ғ.с.) Харунның бұйрығымен  Санди бин Шахак  деген жауыз адам уландырып, имам шәһид болды.   Имамның пәк денесі Бағдад маңында жерленді. Сол кезден бастап сол қабір ұлылық пен даңққа ие болып, Каземаин қаласы салынып, Пайғамбар ғашықтары мен шиіттердің зиярат орнына айналды.