Имам Садық (ғ.с.) тағылымдарының ислам әлемінің бірлігіне тигізген әсерлері
(last modified Tue, 03 Oct 2023 11:44:44 GMT )
Қаз 03, 2023 17:44 Asia/Almaty
  • Имам Садық (ғ.с.) тағылымдарының ислам әлемінің бірлігіне тигізген әсерлері

Имам Садық (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбары сынды Құран мен сүннетке сүйеніп, исламдық үмбеттің ой-пікірлерінде қайшылықтардың пайда болуының алдын алуға талпыныс жасады. Өйткені, бірлік – Ислам дінінің қажеттіліктерінің бірі. Сондықтан мазхабаралық қайшылықтар мұсылмандардың бірлігін бұзуға рұқсат бола алмайды.

Бүгін раби ал-аууал айының 17-ші жұлдызы – Алланың елшісі хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы. Хазірет милади күнтізбесі бойынша 570-шы жылы Мекке қаласында дүниеге келген. Пайғамбардың туған жылы мен айына қатысты барлық мұсылмандардың пікірі бір, бірақ күніне қатысты айырмашылық бар. Сүннит мұсылмандардың пікірінше Алла елшісінің туған күні раби ал-аууал айының он екісі, ал шиіт мұсылмандар хазіреттің туған күнін раби ал-аууал айының он жетісі деп санайды. Осыған орай ИИР шиіттер мен сүнниттердің көзқарастарын құрметтеп, әрі  әлем мұсылмандарының арасында бірлік орнату үшін осы айдың 12-17 аралығын «Бірлік аптасы» деп жариялаған болатын. Содан бері әлем мұсылмандары бұл аптаны ерекше күтіп қарсы алады.

Раби ал-аууал айының он жетісі сонымен бірге шиіттердің алтыншы имамы хазірет Джафар бен Садық (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы.  Оның танымал лақап аты – «Садық». Имамды кейде «сабыр», «пәк» және «айбынды» деп атаған. Имам Садық (ғ..с.)-ның замандас хадисшілері  шиіт мазхабынан болмағандықтан ол хазіреттің тек шындықты ғана айтатындығына байланысты осы лақап атпен мадақтаған. Сөйтіп «Садық» деген лақап аты халықтың арасында көбірек танымал болды. Сүнниттердің әйгілі ғалымдарының бірі Аттар Нишабури «Тазкарат ул-Оулие» кітабының  бірінші бөлімін имам Садық (ғ.с.)-ға арнаған. Аттар өзінің бұл мистикалық кітабында: «Егер тек оның сипатын айтайын десем, оған менің тілім мен сөзім жетпейді. Ол хазірет абсолютті тұлға, жетекші болды: һәм илаһи адамдар үшін шейх, һәм Мохаммадтың жақтастары үшін имам, һәм өнерсүйгіштер үшін жетекші, һәм ынтық жандар үшін көсем, һәм ғибадатта алдыда, һәм сопылықта құрметті болды»,- деп жазған.

 

Исламның ұлық пайғамбары өз өмірінде әрқашан адамзат қоғамында әділет пен қырағылық орнатуға талпынды. Ол бірлік пен тілеулестікті  өзінің жоғары мақсаттарына  жеткізетін алғашқы қадам деп санады. Сондықтан  Мединаға келіп, исламдық жүйені құрған соң өте маңызды келісімді іске асырды. Хазіреттің Мединедегі бірінші келісімі мұсылмандар мен мұсылмандар еместерге қатысты болды. Ол келісімінің бірінші бабында Медине тұрғындарының мазхабтарын таңдауда азат екендіктерін, дұшпанның алдында мұсылмандар мен еврейлерге бөлінбей, бірлік сақтау қажеттігін қуаттады. Екінші келісімі мүхәжірлер мен ансарлар арасындағы бауырластық келісімі болды.

Исламның ұлық пайғамбары әл-Наби мешіттерінің бірінде  мұсылмандарды бір-біріне бауыр болуға шақырды. Сөйтіп мұсылмандардың арасындағы махаббатты арттырып, халықтың арасында бірліктің тамырын қалыптастырды. Бұл тілеулестік пен бірлік олардың Аллаға иман келтіру және жүректерін илаһи жолдауға тапсыру мен пайғамбардың дана кеңестерінің аясындағы жеңісі мен беделін арттырды.

Пәк имамдар Исламның ұлық пайғамбарының тәсілдерінен үлгі алып, ғамал етеді. Пайғамбардың исламдық үмбеттің арасында қайшылықтарға рұқсат етпегені сынды пәк имамдар да Құран мен сүннетке сүйеніп, қайшылықтардың алдын алғу талпынды. Өйткені, бірлік – діни қажеттіліктердің бірі. Сондықтан мұсылмандардың бірлігін бұзуға рұқсат етпеу қажет. Имам Әли (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбары дүниеден озғаннан кейін исламдық қоғамның бірлігін қорғау үшін өзінің заңды құқығынан бас тартып, мұсылмандар арасында қайшылықтардың пайда болуының алдын алды.  Имам Әли (ғ.с.)-ның перзенттері де  өз өмірлерінің бойында ислам үмбетінің бірлігін қорғауға талпынды. Пәк имамдардың өмірінде олардың сүнниттерден бөлінуі байқалмады.  Олар сүнниттермен қарым-қатынас орнатып, олардың үйлеріне барып, олармен дастархан басында бірге отырып, бірге еңбектеніп, діни ғибадаттарға да бірге қатысатын. Олар өз серіктері мен жақтастарына  исламдық қоғамда күмәндер мен бүлік тудыратын кез келген себептен абай болуды насихаттады. Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде хазірет Абд ул-Ала деген серіктерінің біріне: «Біздің шиіттерімізге сәлем мен Алланың рақымдылығын айт. Сонымен бірге Джафар бен Мұхаммадтың «Алла  халықтың және біздің достығымызға ие болған пендесін кешіреді» деп айтқанын жеткіз»,- деген.

Имам Садық (ғ.с.) басқа да пәк имамдар сынды қоғамдық істерде шиіттер мен сүниттерді алаламаған. Оларды барлық исламдық құқықтар мен үлестер бойынша тең санап: «Мұсылман – мұсылманның бауыры. Мұсылман бауыры аш болған жағдайда  мұсылман адамның қарны тоқ болмайды, бауыры шөлден қиналған жағдайда ол өзінің шөлін қандырып отыра алмайды,  бауыры жалаңаш болғанда ол өзі ғана киініп отыра алмайды. Мұсылман адамның мұсылман бауырының алдындағы құқығы қандай көп!»- деген. Муавие бен Уаһаб имам Садық (ғ.с.)-нан  шиіт емес адамдармен қандай қарым-қатынас орнату туралы сұраған кезде: «Олардың имамдарына қарап, сол сынды ғамал етіңдер. Алламен ант етемін, олар науқастарының жағдайын біліп, біреу қайтыс болғанда жиналып, пайда мен зияндары туралы ойланбай куәлік етеді және аманаттарына қиянат жасамайды»,- деп жауап берді. Имамның өмірбаянынан  оның экономикалық тұрғыдан да қолында барымен халықпен бөліскенін көреміз. Имам Садық (ғ.с.)-ның шәкірттерінің бірі Муало бен Ханис: «Жаңбырлы кештердің бірінде имам Садық (ғ.с.) Зелле Бани Саеденің халін білейін деп үйінен шықты. Мен де артынан жүре бердім. Жолдың ортасында имамның қолынан бір нәрсе жерге түсіп кетті. Мен жақындап, амандастым. Иығына асқан қоржынынан бір бөлік нанның жерге құлағанын көріп, оны көтеріп, хазіретке бердім. Содан соң қоржынды көтеріп жүруге рұқсат сұрап едім, имам рұқсат етпей, өзі көтеріп таситынын айтты. Имаммен бірге Зелле Бани Саеденің үйіне дейін жетіп, ұйықтап жатқан адамдарды көрдім. Имам Садық (ғ.с.) алға шығып, оларды оятып алмайтындай ақырын-ақырын әрқайсының заттарының астына бір-бір наннан қойып кетті. Ұйықтап жатқандар имамның мазхабынан емес еді»,- деп есіне алатын.

Имам Садық (ғ.с.) сенім мәселесінде қисынды әрекет жасады. Сенімге қатысты қайшылықтар пайда болған кезде жұмсақ мінезімен пікірталас жүргізіп, сындарлы түрде сынап, ғылыми пікірлермен алмасып, дұрыс жолға қарай нұсқайтын. Ол еш уақытта сұраққа жауап беруден қашпайтын. Сондықтан сүннит ғалымдар да оңай түрде имамның мазхабының сенімдерін сынай алатын. Имам оларға түсінбеген мәселелерін түсіндіретін. Имам Садық (ғ.с.)-ның сүннит ғалымдарымен мұндай достық  қарым-қатынас орнатуы олардың көптеген ғалымдарының имамның білімінен пайдалануына себеп болды. Сүнниттердің үлкен төрт фикхі тікелей немесе жанама түрде пайғамбар әулетінің шәкірттері болып, пәк имамдардың ғылыми ұлылығын мойындады. Сүнниттердің төрт мазхабының бірінің басшысы Абу Ханифа: «Егер имам Садық (ғ.с.)-ның қасында екі жыл шәкірт болмағанымда, қазір болмайтын едім»,- деген. Келесі бір сөзінде: «Мен Джафар бен Мұхаммадтан дана адам көрмедім»,- деп айтқан.

 Сүнниттердің екінші имамы Малек бен Анас имам Садық (ғ.с.) туралы: «Ілім, ғибадат және иман тұрғыларынан Джафар бен Мұхаммадтан артық адам көрмедім»,- деді. Сүнниттердің төрт басшыларының бірі имам Шафи имам Садық (ғ.с.)-ді  терең ғылым мен білімнің иесі деп атап: «Ғалымдардың көбі имамның шәкірті болуды мақтан тұтады» деген. Мұтазалиттер әдебиетшісі Джахиз: «Джафар бен Мұхаммадтың ғылымы мен фикхы дүниеге таралды»,- деген.

Имам Садық (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінен: «Халықтың арасындағы қарым-қатынастар бұзылған кезде оларды өзгертіп, келісімге келтіріп, достастыру – Алла жақсы көретін садақа»,- деп оқимыз. Осы және осыған ұқсас басқа да рауаяттар барлық мұсылмандардың бірлігі мен достығының негізі бола алады. Өйткені тек қайшылықтар мен кектер ортадан кетіп, орнына достық пен бейбітшілік қалыптасса, дұшпанның үміті үмітсіздікке айналады. Негізінде бірлік пен тілеулестік орнатылған жағдайда дұшпан мұсылмандар арасындағы қарым-қатынасты әлсірету үшін әсерлі жол таба алмайды.

Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафа (с.ғ.с.) мен хазірет әулетінің пәк ұрпағының бірі имам Садық (ғ.с.)-ның туған күнімен құттықтаймыз!