Имам Хусейн (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы
Мәдине қаласында хиджри қамаридің 4-ші жылының шағбан айының үші күні Исламның ұлық пайғамбарының әулетінде сәби дүниеге келді. Исламның ұлық пайғамбары «Татхир» аяты жіберілген соң оларды «набават әулеті» деп атап, оларға сәлем жолдады.
Бұл тарихи күні пайғамбар хазірет Фатима (ғ.с.)-ның бөлмесінің есігінің алдында тұрды. Ол Хусейн (ғ.с.)-ның болмысындағы нұрдың жарқырауын күтті. Дүниежүзі Хусейн (ғ.с.)-ның болмысының нұрына бөленген кезде пайғамбар: «Асма сәбиді әкел»,- деді. Асма: «Иә, Алла елшісі: «Оны әлі тазалап дайындамадым»,- деп жауап берді. Пайғамбар: «Сәбиді тазалайсыз ба?»- деп таңғалды. Асма пайғамбарға қарап, ақиқатты түсініп, Хусейн (ғ.с.)-ды пайғамбарға әкеледі. Пайғамбар баланы құшақтап, сүйіп, онымен ақырын сөйлесті. («Бухар әл-Анвар», 23-ші том). Имам Хусейн (ғ.с.) пайғамбардың сүйікті немересі болды. Ол пайғамбардың құшағында тыныштық тауып, хазірет оны көргенде қуанышқа бөленетін. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның балалық шағы атасы Исламның ұлық пайғамбарының қасында өтті. Пайғамбар немересін кейбір кезде иығына отырығызып, кейде көтеріп жүретін. Барша халық пайғамбардың Хусейн (ғ.с.)-ды жақсы көретінін байқаған болатын. Хазірет онымен баланың тілімен сөйлесіп, махаббатын аямады. Ондай махаббат пайғамбардың кейбір сахабаларын таңырқататын. Пайғамбар: «Менің оған деген мейірімділігім мен махаббатым болмысымды кернейді. Сезімім сыртқа көрінгеннен де жоғары»,- деп мойындайтын. («Бухар әл-Анвар»,43-ш том). Пайғамбар бұл сөздерімен баршаның назарын өзінің бұл балаға деген махаббатының тек немересі болғанына байланысты емес деген ақиқатқа бұрды. Алла елшісі қарапайым халықтан өзгеше болды. «Наджм» сүресінің 3-4-ші аяттарында Алла Тағала: «Ол өз ойынан сөйлемейді.Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана»,- деп айтқан болатын. «Ахзаб» сүресінің 21-ші аятында: «Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін; Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар»,- деп айтылған.Пайғамбардың ерекше махаббаты тек тек имам Хусейн ( ғ.с.) мен имам Хасан (ғ.с.)-ға қатысты байқалды. Исламның ұлық пайғамбарының имам Хусейн (ғ.с.)-ға деген ерекше мейірімділігі мен махаббаты сүнниттердің көптеген кітаптарында әртүрлі баяндалған. Рауаяттардың бірінде: «Бір топ адам пайғамбармен бірге қонаққа барады. Хазірет олардың алдында жүріп бара жатады. Жолдың ортасында хазірет Хусейн (ғ.с.)-ды көреді. А.. елшісі оны құшақтағысы келгенде бала оңға, солға қашады. Пайғамбар күлімсіреп, оның артынан қуып жетіп, құшағына алып, мейірленіп, халыққа қарап: «Халайық, біліңдер! Хусейн менен. Кім Хусейнді жақсы көрсе, Алла Тағала оны жақсы көреді»,- деді. («Маснад Ахмад», 4-ші том; «Сунан Ибн Мадже», 1-ші том; «Манақеб Ибн Шухр Ашуб, 3-шы том). Имам Хусейн (ғ.с.) әртүрлі тұрғыдан танымал тұлға болды. Ол адамгершілігі жоғары, кемел, тіпті ғибадаттарын орындау тұрғысынан да ең жақсы адам болды. Имам Хусейн (ғ.с.) Аллаға ерекше құлшылық ететін. Өйткені анасы хазірет Фатима (ғ.с.)-ның тұла бойында оның нұры пайда болғаннан Омеядтардың надандығының найзаларынан шәһид болғанша үзбестен, қай жерде болса да Алланы мадақтаап, Алланың қасиетті кітабін оқитын. Хазіреттің перзенті имам Саджад (ғ.с.) әкесінің ғибадаты туралы: «Әкем Хусейн бен Әли күндер мен түндерді Алланың алдында рукуһ пен сәжде жасап, Оны мадақтаумен өткізіп, түндерде көп намаз оқитын»,- деп айтқан болатын. Имам Хусейн (ғ.с.) діни құндылықтар мен Пайғамбардың сүннеттерін қорғады. Хазірет Исламның жоғары мақсаттарын ілгерілету үшін бар күшін салды. Имам Хусейн (ғ.с.)-ның ерекшеліктеріне оның азаттық талап етуі мен зұлымдық пен қорлықты қабылдамауы болды. Хазірет зорлық-зомбылыққа қарсы тұруымен бірге азаттық жолына түскен және зұлымдықпен күресетіндер үшін үлгі болды. Имам Хусейн (ғ.с.) үстемдік пен діннің атын пайдаланып, жалған түсініктер кең таралған және халық Омеяд билігінен қорыққан жағдайда, сондай-ақ, зұлымдық, қорлық, үстемдік пен отаршылыққа бағыну немесе қаһарман сынды солардың барлығына қарсы тұрып, шәһид болатын жолайрыққа жеткен жағдайда көтеріліп: «Жоқ! Еш уақытта былай болмайды, Хусейн қорлықты қабылдамайды»,- деп жариялады. Бұл зорлық-зомбылықтан босап, құтылуға жеткізетін ұран болды. «Жоқ! Алламен ант етемін, шапқыншылардың қорлығына бағынбаймын. Джиһад майданынан қашпаймын» деді. Имам Хусейн (ғ.с.) халықты құрметтеп, мұқтаждардың зардап шегулері мен олардың кемсітушілікпен бетпе-бет келуіне төзе алмады. Ол басқаларды оқытқан кезде оларға құрметпен қатынас көрсететін. Рауаяттардың бірінде хазіреттің вузу алуды білмейтін және үйретуді қажет ететін адамды көргені айтылған. Хазірет бұл адамға вузуды дұрыс алуды үйретуге шешім қабылдайды. Енді ол адамға ұятқа қалдырмай үйрету әдісі туралы ойланады. Осыған орай хазірет ағасы имам Хасан (ғ.с.)-нан көмектесуді сұрап, қарт адамның алдында вузу алуға жарысып, ер адамнан төрелік етуді сұрайды. Қарт адам ағайындылардың вузу алуын бақылап, өзінің қателерін түсініп, вузуды дұрыс алуды үйреніп: «Сендер екеуің де вузуды дұрыс алдыңдар. Мен өзімнің қателерімді түсіндім. Сендер мені үйреттіңдір»,- дейді. Имам Хусейн (ғ.с.) халықтың құқықтарын құрметтейтін. Абдуррахман деген адам перзенттерінің біріне «Хамд» сүресін үйретеді. Хазірет бұл адамға мәдени жұмысы үшін мың динар мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар сыйлап, өзінің рухани құқықтарының осылай бағалануына таңғалған мұғалімге: «Мұның барлығы сенің жұмысыңның құндылығының жанында ештеңе емес»,- дейді. Хазіреттің келесі ерекшелігіне адамгершілігін, әсіресе уайым-қайғыға салынған немесе көптеген қиындықтармен кезігіп, тұйыққа тірелген адамдарға достығын білдіруі болды. Хазірет Асаме бен Зейдтің жағдайын білу үшін оның үйіне барып, оның алаңдап жатқанын көріп, себебін сұрайды. Асаме терең күрсініп, өзінің ішіндегі уайымы мен қайғысын айтып: «Қарыздарым бар. Өлгенімше берешегімді таратып, дүниеден қарызсыз кеткім келеді»,- деді. Хазірет сол жерде оның қарыздарын өтеуді бұйырады. Асаме өзін жеңіл сезініп, дүниеден озды. Хазіреттің келесі ахлақи ерекшелігіне таныстары мен бөтендерге шын ниетімен көмектесуі жатады. Ол түнделетіп, мақрұмдар мен жетімдерге қажетті азық-түлік пен қажетті заттарды арқалап, олардың үйлерінің есіктерінің алдына апарып беретін. Сол себепті Ашура күні хазіреттің денесінен ауыр зат тасымалдағанның белгілері көрінді. Хазірет Саджад (ғ.с.)-нан олардың себептері туралы сұраған кезде: «Бұл түндерде әкемнің иығына салып, жетімдер мен мұқтаждарға таратқан жасырын садақалары мен берген сыйлардың орны»,- деп жауап берді. Хазіреттің жақтастарының бірі бұл туралы: «Ол түндерде мақұрымдарға қажетті нәрселер мен садақаларды өзі арқалап тасыды. Ашура күні зұлымдардың зұлымдықтарынан күйреді» деді.