Абулфазл – жанкештілік пен жомарттықтың үлгісі
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i7297-Абулфазл_жанкештілік_пен_жомарттықтың_үлгісі
Бүгін хазірет Аббастың туған күнінің жылдығы. Хазірет Аббас – имам Әли бен Абиталиб (ғ.с.)-ның перзенті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 12, 2016 09:29 Asia/Almaty
  • Абулфазл – жанкештілік пен жомарттықтың үлгісі

Бүгін хазірет Аббастың туған күнінің жылдығы. Хазірет Аббас – имам Әли бен Абиталиб (ғ.с.)-ның перзенті.

Оның сырт келбеті мен мінез-құлқы көркем болды. Хазірет Аббастың ішкі жаратылысы мен сыртқы келбеті нұрланып, баршаны өзіне тартатын. Оның қарапайымдылыққа толы бейнесі ай сынды жарқырап, барлық мүшелері кемел әрі нұрланған жұлдыздарға ұқсап, Бани Хашим әулетінің арасында ол «Бани Хашимнің айы» деп танымал болды. Абулфазл толған айдай сұлу адам болды. Хазірет Аббасты сипаттағанда оны тек кең иықты, биік тұлғалы, қасы-көзі әдемі, жүзі толған айдай көркем болды деп айтумен шектелуге болмайды. Хазіреттің ерекшеліктері оның жүзінің бір бөлігі болды. Бір жағынан тақуа, діндар және уәдесіне берік адам болса, басқа жақтан жанкешті және Исламның қаһарман әрі жомарт тұлғасы еді. Имам Джафар Садық (ғ.с.) Пайғамбардың сөзіне сілтеме жасап, рауаяттардың бірінде: «Менің үмбетімнің жомарт жандарының он белгісі бар: шындықты айту, уәдеде тұру, аманатқа берік болу, өтірік айтпау, жетімге көмектесу, қолында барымен бөлісу, жақсылық тілеу, қонақты күту, ар-ұят пен иба сақтау»,- деп айтқан. Жомарттылықты өмір сүрудің бір тәсілі деп айтуға болады. Жомарт адам бұрынғы заманда арабтар үшін батылдығы мен ержүректілігі және адамгершілігі кемелдікке жеткен адам болды. Қоғамдық тұрғыдан да жомарттылық жанкештілік пен қайсарлықты білдіретін. Жанкештілік деген адамның әрқашан өзінен бұрын басқаны ойлайтын қасиеті. Жомарт адамдар өздерін ойламай жалпы халықтың тұрмысын жақсартуға талпыныс жасап, залымдарды құрықтап, зорлық-зомбылық жасаушыларға қарсы тұрады. Имам Әли (ғ.с.) адамгершіліктің іргетасын қалады. Имам Әли (ғ.с.)-ның рауаяттарының бірінде: «Имам күндердің бірінде Абдуррахман Мүлджамға: «Сен мені өлтіретін адам боласың»,- деп айтқан екен. Сонда Абдуррахман: «Мені өлтірсеңіз де мен бұл істі жасамаймын»,- дейді. Имам Әли (ғ.с.): «Біздің әдісіміз күнә жасалған соң кешіреміз, күнә жасалмастан бұрын айыптамаймыз»,- дейді. Имам Әли (ғ.с.)-ның перзенті хазірет Аббастың бойындағы ержүректік пен жомарттық оның есімінің ислам тарихында мәңгі қалуына себеп болды. Ол адами құндылықтарды, ахлақ, хақ пен әділетті жоғары көтеріп, қоғамның ой-пікірі мен ахлағын өзгертуды қалады. Тіпті олардың көбісі іс жүзінде орындалмағанымен әрқашан құрметтелген армандар мен мақсаттардың қажеттілігі айқын сезілді. Тарихта өзгерістер мен ғамалдардың өзгеруіне жол ашқан көптеген тұлғалардың есімдері тіркелді. Хазірет Аббасты олардан ерекшелендіретін нәрсе оның әділет пен хақ және иманға жету жолындағы ниеті мен ғашықтығы болып табылады. Ол сабыр сақтап, табандылық білдіріп, нәтижеге жетіп, оны барлық ұрпаққа мұраға қалдырды. Аббастың иманы мен қырағылығы және уәдеге табанды болуы баршаның аузынан түспеді. Пайғамбар әулеті әрқашан хазірет Аббастың бұл қасиеттерін еске салып, оны адамгершілігі мол үлгі ретінде мадақтады. Хазірет Аббастың өмірінің 14 жылы имам Әли (ғ.с.)-ның қасында өтті. Бұл кезеңде имам Әли (ғ.с.) дұшпандармен күресті. Хазірет Абулфазл шамамен 12 жастағы жасөспірім болғанымен кейбір соғыстарға қатысқан болатын. Оның батылдығы мен ержүректігі сол кезден-ақ байқалды. Хазірет Аббас бен Әли өмірін имамат пен велаяттың қызметіне жұмсағанын мақтан тұтты. Әсіресе имам Хусейн (ғ.с.)-ды ерекше қолдап, қорғап, ағасының тірегі болды. Ол теңдессіз батылдығымен ағасының қасында қалып, өзін ержүрек әрі қырағы адам етіп есте қалдырды. Хазірет Аббас дана және білімді аадм болды. Оның біліміне қатысты «Аббас имамдардың перзенттерінің діни үлемі» деп айтылған болатын. Оның болмысы имам Әли (ғ.с.)-ның илаһи ілім бұлағынан нәр алған. Хазірет Аббас білімді имам Әли (ғ.с.)-нан үйреніп, жоғары деңгейге жетті. Ол бес жасында әкесінің тізесінде отырып, хазіреттен сабақ алатын. Әкесі оған санауды үйретіп: «Ұлым, «бір» де» дегенде Аббас қайталайтын. Әкесі «екі» де деген кезде хазірет Аббас: «Әкежан, Ж..шымның жалғыз, Бір екенін айтқан тіліммен «екі» деп айтуға ұяламын» деп жауап қайтарғанда әкесі баласын басынан сипап, оның көзін сүйген. Имам Садық (ғ.с.): «Біздің көкеміз Аббас терең ойға ие адам еді»,- деп еске алған. Әдептің көптеген көрінісі мен түрі бар. Бұл сипат қарапайымдылық және махаббатпен бірге болғанда әдемірек болады. Діни әулиелер исламдық тәрбиені, әсіресе әдепті адамның басқаны құрметтей білуімен байланыстырды. Мұндай іс-қимыл адамның жақсы адамға екі есе құрмет білдіріп, оның алдында қарапайым болуына себеп болады. Имам Әли (ғ.с.) бұл жоғары қасиетке ерекше көңіл аударып: «Әдепті болудан артық мұра жоқ»,- деп айтқан болатын. Хазірет Абулфазл өінің әкесінің ақыл-кеңестерін ең жақсы түрде орындап, оның есімі әдеп пен қарапайымдылық тіркелетін дәптерге тіркелді. Хазірет еш уақытта ағаларын олардың есімдері немесе күниелерімен атамаған. Ол оларды «А..елшісінің перзенті», «менің басшым» деп атап, оларды бауырлары деп ойламай, басқа жақтастары сияқты жоғары орынға ие тұлғалар деп санады. Бұл мәселе хазірет Аббастың ойының тереңдігін көрсетеді. Хазірет Аббас оларды біріншіден, Исламның ұлық пайғамбарының әулеті, пәк имамдар, содан соң өзінің бауырлары әрі жанұясы деп санады. Ол бауырларының арасында имаматтың орны ұмытылмағаны жөн деп санайтын. Аллаа иман келтіру әлемнің әйгілі тұлғаларының Алланың дұшпандарымен бетпе-бет келген кезде жеңіске жетулерінің сыры және залымдар мен дұшпандардың сарайларын қирататын күш болып табылады. Имам Садық (ғ.с.)-ның аузынан айтылған хазірет Аббастың зияратнамасының басында хазіретті «иманды және Алланы таныған» деп сипаттаса, соңында оның абсолюттік иманы мен жоғары қырағылыққа ие екені туралы: «Куә етемін, сен ешбір сәтте өзінді әлсіз көрсетпедің және кері қайтпадың. Бірақ сенің иманың мен діни қырағылығың баршаға танымал»,- деп айтылған. Хазірет Аббас пәк имамдар сынды болмағанымен оның иманы барлық ғамалдарынан байқалды. Ол да пәк имамдар сынды күнә жасамады. Шын мәнінде адамның иманы мен Алланы тану деңгейі көтерілген сайын адамның құлшылығы де тереңірек болады. Хазірет Аббас Жаратушысының шынайы пендесі болып, оның пәк жүзінен ғибадаттың белгілері айқын көрініп, маңдайынан сәждеге ұзақ жығылғанының әсері байқалатын. Хазірет туралы «Ол маңдайында сәжденің ізі көрінетін батыл әрі мейірімді адам болды» деп айтылған. Жанкештілік пен ержүректіліктің сахналарынан 1300 жылдан артық уақыт өткенімен тарих осы кезге дейін хазірет Аббас бен Әлидің ерекшеліктерін ұмытпады. Сол себепті ғасырлар өтсе де жомарт адамның бейнесі ақиқат талап ететін ұрпақтардың алдынан жарқырайды. Бани Хашим әулетінің жарқыраған айына сәлем жолдаймыз. Ол жанкештіліктің ең әдемі үлгісін көрсетті.