Сахифе Саджадие – құлшылықтың жарғысы
Дұрыс жолға нұсқауды жалғастыратын илаһи пайғамбарлар мен имамдардың өмірі хақ пен илаһи заңдарды іске асырудың көрінісі.
Олар адамдарды Алла тарапына қарай шақыру үшін әртүрлі әдістерді қолданған. Пәк әрі беделді үлгі саналатын илаһи тұлғалардың өміріне қысқаша шолу жасау адамдардың жүректерін тыныштандырып, дүниенің сұлулығына назар аудартатын самал жел сынды әсер етеді. Тарихтағы әйгілі тұлғалардың дүниеге келген немесе дүниеден озған күндерінің жылдығы адамдарды олардың өмірлеріне шолу жасап, өздері үшін жаңа көкжиектерді ашуға жағдай тудырады. Бүгін Исламның ұлық пайғамбарының шөбересі имам Саджад (ғ.с.)-ның туған күнінің жылдығы. Хиджри қамаридың 38-ші жылының шағбан айының 5-ші жұлдызы күні имам Хусейн (ғ.с.) перзентінің дүниеге келгені туралы естіген кезде басын аспанға көтеріп, Аллаға рахметін айтты. Сол кезде атасы хазірет Әли (ғ.с.) немересінің есімін Әли деп қойды. Хазірет Әли бен әл-Хусейн әртүрлі лақап аттарымен танымал. Солардың арасындағы ең әйгілісі «Саджад» болды. «Саджад», яғни сәждені көп жасайтын адам деген мағынаны білдіреді. Имам Саджад (ғ.с.) Кербала оқиғасында әкесі шәһид болған соң маңызды рөл атқарды. Имам Саджад (ғ.с.) бұл оқиғадан кейін 34 жыл өмір сүріп, бұл кезеңде исламдық үмбеттің басшылығын өз міндетіне алып, әртүрлі жолмен зұлымдық және надандықпен күресті. Имам Саджад (ғ.с.)-ның әдістерінің бірі тәрбие негіздеріне дұға түрінде назар аударуы болды. «Сахифе Саджадие» – имамның дұға түрінде баяндаған илаһи тағылымдарының құнды жинағы. Дұға тілі – тәрбиенің ең жақсы тәсілдерінің бірі. Ақыл мен сезімге әсер ететін дұға тілі адамның болмысына оң әсерін тигізеді. Имам Саджад (ғ.с.)-ның «Сахифе Саджадие» еңбегі адам тану негіздеріне сүйенген дұғалар жинағы. Имам Саджад (ғ.с.)-ның «Сахифе Саджадие» шығармасындағы көзқарасы бойынша, тәрбиенің қорытынды мақсаты жақсы қасиеттерге сүйеніп, Аллаға жақындаудан басқа еш нәрсе емес. Имам Саджад (ғ.с.)-ның «Сахифе Саджадие» еңбегіндегі құнды сөздері Жаратушыны ұмытпауды насихаттайды. Имам Саджад (ғ.с.) дұға және Алламен сырласу түрінде адамзаттың өмірін Жаратушыны еске алып, Оған жақындаумен байланыстырды.Негізінде, дұға – тәрбиелеуші әрі жол нұсқаушы. Дұға рухтың тазаруына себеп болып, Аллаға жақындайтын жолды жеңілдетеді. Имам Саджад (ғ.с.) әртүрлі дұғаларында Алладан Оған жақындауға көмектесуді сұрайды. Бұл жоғары мақсатқа жету мүмкін іс. Өйткені, әр адам Аллаға жақындау үшін Оның жіптерінен айрылмайды. «Сахифе Саджадиенің» 45-ші дұғасында: «Сен Өзіңе жақындағысы келетін адамға жақынсың»,- деп айтылған. Имам Саджад (ғ.с.) «Сахифе Саджадие» кітабында адамды ақылмен тәрбиелеуді қуаттайды. Тәрбиенің бұл тәсілі болмаса құлшылық жолында илаһи ризалыққа ие болу қиын немесе мүмкін емес болады. Өйткені шайтан тәлім-тәрбие үдерісіне кедергі тудырушы ретінде адамның ішінде психикалық тұрғыдан тынышсыздық тудырып, оның қабілет, дарындарының дамуына тосқауыл болады. Имам Саджад (ғ.с.) «Макарем әл-Ахлақи» дұғасында бұл мәселені қуаттап, Алланың алдында: «Уа, Алла! Шайтанның маған айтқан өтіріктері мен күмәндарын Өзіңнің ұлылығың мен даналығыңды түсінуге айналдыр»,- деп сұрайды. Имам еңбегінде зікір айту, ойлану және сабыр сақтау мәселелеріне тоқталады. Келесі кезеңде адам Алланы еске алады. Адамның ұмытшақтыққа салынуы мен қамсыздығы табиғи мәселе. Еске салудың өзі ойлануға себеп болады. Сондықтан имам Алланың құдыреті мен мүмкіндіктерін шайтанның күмәндарымен қарсыласатын жол деп санайды. Сындарлы ойдың нәтижесі шайтанға қарсы шара қолдануға жеткізеді. «Сахифе Саджадиедегі» қарастырылған келесі мәселеге Аллаа жақындау жолында шынайы рөл атқаратын Жаратушыны танудың маңыздылығы жатады. Иман, тәуекел мен тақуалыққа Аллыны танудың аясында ғана қол жеткізуге болады. Адам Жаратушыны терең танымаса Алла мен пенделерінің арасындағы қарым-қатынастары осал болады. Бұл таным тереңірек әрі кеңірек болған сайын қарым-қатынастар күшейе түседі. Имам Саджад (ғ.с.) көптеген дұғаларында Алланың Өзі мен илаһи тағылымдарды тануға тоқталып, «Сахифе Саджадиенің» бірінші дұғасында: «Бізге өзімізді тануға көмектесетін және Өзінің нығметтерін бізге сыйлап, біздің алдымыздан ғылымның есіктерін ашып, таухид пен Алланың Бір болуына қарай нұсқайтын және Өзіңе қатысты ғамалдарға күмәнданудан алыстатақан Жаратушыға шүкіршілігімізді білдіреміз» дейді. Имам Саджад (ғ.с.) «Сахифе Саджадие» еңбегінде келтірген дұғаларында Алланы тану туралы ерекшелікке тоқталып, адамдардың арасындағы ортақ ішкі сезімді тәрбие мақсаттарына пайдаланады. Хазірет «Сахифе Саджадие» дұғаларының көптеген бөлімдерінде адамды Аллаға қарай жақындататын ішкі күштерді еске алып, осынау көркем сезімдерді мадақтайды. Имам Саджад (ғ.с.) «Сахифе Саджадиеде» тәрбие үшін адамның ішкі болмысын пайдаланады. Өйткені, көбінесе адамның махаббаты мен мейірімділігінің негіздері адамның өзін жақсы көруіне байланысты болады. Хазіреттің дұғалары, соның ішінде өзі мен жақындары, науқастанған кезде шипа алу, қиындықтарды шешу, денсаулыққа қатысты, уайым-қайғыны жою және тағы да басқа көптеген дұғалары адамдардың өзін жақсы көру рухын көрсетеді. Расында, егер адамның өзін жақсы көруі тәрбие негіздері ретінде қарастырылса, сонда ол адамның абырой, беделге ие болуына, оның кемелдігі мен бақытты болуына себеп болады. Бұл ішкі сезім бұрмаланса, тәкаппарлық пен үстемдік рухы пайда болып, адамды өзіне табыну мен дүниеқұмарлыққа душар етеді. Имам Саджад (ғ.с.)-ның «Сахифе Саджадиеде» қолданған келесі әдісі хабарды жеткізіп, адамдарды үміттендіру болып табылады. Бұл әдісте имам адамды үмітсіздіктен алыстатып, оған рақымдылық, мейірімділік және алдағы нығметтер туралы хабар береді. Аталмыш тәсілді пайдалану адамның жүрегінің тынышталып, жағымсыз әрекеттерінен алыстатып, іс-әрекеттерін өзгертуге әкеледі. Имам Саджад (ғ.с.) «Сахифе Саджадиенің» 50-ші дұғасының бөлімінде «Зүмар» сүресінің 54-ші аятына сілтеме жасап: «Уа, Алла! Мен Өзіңнің кітабыңнан «Әй, пенделерім! Алланның Рақымдылығы мен Мейірімділігінен үмітсіз қалмаңдар. Алла Тағала барлық күнәларынды кешіреді» деп айтқан хабарыңды оқыдым» деген болатын. Имам Саджад (ғ.с.) «Сахифе Саджадиесінде» Алла тарапынан пендесінің ғамалына төрелік етуді кейінгі қалдыруын тәрбие құралдарының бірі деп атады. Тәубе имам Саджадтың «Сахифе Саджадие» еңбегінде адамның ойлары мен ғамалдарына әсер ететін құрал ретінде көрсетілген. Имам Саджад (ғ.с.) тәубені тек күнә жасап, А..ға бағынбау кезімен ғана байланыстырмаған. Хазірет илаһи ризалықтан алыстаудың әр түрі тәубені қажет етеді деп санаған. «Сахифе Саджадиенің» 41-ші дұғасында: «Иә, Алла! Өзіңнің бұйрықтарына қайшы ойлар, көзқарастар мен сөздерден алыстап, Өзіңе қарай оралып, тәубеге келуге көмектесе гөр»,- деді. Имам Саджад (ғ.с.)-ның маңызды әрі терең ойларға ие сөздері әрқашан адамдарды имандарын нығайтып, білімдерін өрістетіп, нәпсілерін тазартуға шақырды. Құнды ақыл-кеңестер, жүрек пен рухты, ой-пікірді нығайту арқылы әртүрлі күнәлардан тазарып, шынайы құлшылық етейік.