Американың Мемлекеттік департаментінің Ирандағы адам құқығының бұзылуы туралы уәждерін сараптау 2
Америка үкіметі жыл сайын есеп жариялап, әртүрлі елдердегі адам құқығының жағдайын қарастырады. Алайда сол елдің өзінде де адам құқығын бұзу жайттары орын алады. Соған қысқаша шолу жасау Америкадағы адам құқығының сорақы да апатты жағдайы туралы бейнені көрсетеді. Осы есептер кісі өлтіру, қылмыс пен шапқыншылық, азшылық пен жергілікті халықтардың азаматтық құқықтарының бұзылу фактілерінің сол елде алаңдатарлық жағдайда артып бара жатқанын көрсетеді.
Америкадағы адам құқығының жағдайы мен сол елдің әлемдегі адам құқығы ережелеріне табандылығының мөлшері адам құқығының әлемдік жарлығы бекітілгеннен кейінгі алпыс жылдың ішінде Американың әлемдегі адам құқығының шынайы құндылықтарын ілгерілету үшін ешқандай көңіл аударарлық қадам жасамағанын, керісінше әрдайым соны бұзу үшін, һәм елінің ішінде, һәм басқа елдерде ұйымдастырылған түрде әрекет еткенін көрсетеді.
Еуропа мен Азияда түрмелер ашып, жасырын азаптаулармен айналысып, мұсылмандар мен ұлыстық, тілдік және діни санды азшылықтар мен мигранттардың құқықтарын ауқымды түрде бұзуды, он бірінші қыркүйек оқиғасынан кейін үкіметтердің ішкі істеріне кең түрде араласуды, Талибан, ал-Қаида сынды лаңкестік топтарды құрып, солардың жұмыстарына қолдау көрсетуді және соларды тәуелсіз жерлерге шапқыншылықтың құралы ретінде пайдалануды, сол елдердің халықтарының құқықтарын бұзуды Америка үкіметі тарапынан адам құқығын бұзудың мысалдары санау керек. Осындай жайттардың мысалы ретінде Американың әлемде адам құқығын қорғау және қауіпсіздік пен терроризммен күрес атымен ашқан абақтылардың жағдайын қарастырамыз.
Сол зындандардың әрқайсындағы оқиғалар адам құқығын қорғау туралы уәж айтатын америкалық қайраткерлер үшін соңында масқарашылыққа айналды.
Хабарларға салынатын ауқымды цензуралар осы саладағы Американың қылмыстарының жариялануына кедергі болғанымен, кейбір тәуелсіз органдардың тақырыпқа қатысты есептері жарияланып, Америкадағы адам құқығына қайшы әрекеттердің бір бөліктерін әшкере етуде.
Құжаттарға негізделген есептер Американың өзі мен әлемнің әртүрлі жерлеріндегі Американың түрмелеріндегі жағдайдың, Американың тұтқындарға орта ғасырларға тән азаптаулар мен адамгершілікке қарсы қатынастар көрсетуіне байланысты Американың адам құқығын бұзуын теріске шығаруға келмейтін дәлелдер екендігін көрсетеді. «Ауғанстан Гуантанамосы» деп аталатын Баграм түрмесі сол жерде Америка үкіметі тарапынан адам құқығы сан рет бұзылғаны тіркелген жан түршіктірерлік мекендердің бірі. Ауғанстандағы Баграм түрмесінде Американың азаптаулары туралы адам құқығы бақылаушыларының зерттеулері әскери және әскери емес шамамен 600 америкалықтың түрмедегілерге жөнсіз қатынас көрсеткенін немесе өлтіруге қатыстылығын көрсетті. Халықаралық ақпарат құралдарының есептері бойынша, өткен бірнеше жылда Американың Ауғанстандағы түрмелерінде тергеушілер ауғандық азаматтарды мойындату үшін азаптаулардың түрлі тәсілдерін пайдаланып, олардың бірқатарының өліміне себеп болған. Сол түрмеге қамалғандардың кейбіреуі психикалық факторлар мен физикалық азаптаулардың салдарынан жантәсілім еткен немесе өз-өздеріне қол жұмсаған. Шын мәнінде түрмедегілер нақты ешқандай айыптаусыз америкалық «лаңкестікпен шексіз күрес» доктринасының құрбандары болды. Баграм түрмесінде америкалық күштердің еркіне берілген ауғандықтар әділетті түрде сотталатындай ешқашан Ауғанстанның ешбір құқықтық ограндарына қолжетімділікке ие болған жоқ.
New York Times газетінің жазуы бойынша, 2002 жылы екі тұтқын оларды жіліншіктерінен асып қойғандықтан өліп кеткен. Тұтқындар өте қиын жағдайда күндерін өткізуде. Осындай қатігездіктер Ауғанстан үкіметінің америкалық күштерден аталмыш түрменің басқаруын өздеріне беруді сұрауына себеп болды. Ауғанстанда жылдар бойы америкалық әскерилер тарапынан жасалып келе жатқан жантүршіктірерлік азаптаулар мен адамгершілікке жат қатынастар адамгершілікке жат әрекеттерді жасайтындар үшін көңіл көтеретін ермекке айналған. БАҚ осы ретте былай деп жазды: «Досым, күнің жақсы болсын!» сынды сөздер мен тіркестер америкалық әскерилердің Ауғанстан соғысында көз жұмғандарға жасаған ұят әрекеттерін еске салады». Бұл сөйлемді Ауғанстандағы Американың құрлық күштерінің үшінші батальонының сарбаздары ауғандық құрбандардың мәйіттеріне құрметіздік көрсеткен соң бір-біріне айтқан көрінеді. Интернетте жарияланған бейнематериал америкалық әскерилердің осы сөйлемді қайталаумен өздерінің ахлаққа жат әрекеттерінен қаншалықты ләззат алғандарын көрсетеді. Шын мәнінде америкалық сарбаздар көз жұмған ауғандықтарға құрметсіздік көрсету арқылы өз ойларынша, Ауғанстанда күндерін жақсы өткізген. Осы жүрек айнытатын, ахлаққа жат және халықаралыық нормалар мен адамгершілік принциптеріне қайшы әрекеттер өркениетті деп аталатын америкалықтар үшін көңіл көтерудің, сауық-сайраның бір түрі саналады. Мұндай қылмыстардың келесі мысалы ретінде Америка армиясының сержанты Келуин Гибзтің ауғандық үш әскери емес адамды өлтіруі мен құрбандардың саусақтарын шауып, соларды жинағаны туралы мойындауларына сілтеме жасауға болады. Америка армиясы әскерилерінің бір тобы да ауғандықтардың шабылған саусақтарын жинау және Кандагар провинциясында гранаталарды пайдаланып, балаларды айуандықпен өлтіргендері туралы мойындады. Осы қылмыстар туралы жарияланған құжаттардың бір жайтында америкалық сарбаздардың ауғандық ұл баланы өлтіру туралы бір-бірімен жарысқа түскендерін көрсетеді. Олар ұл баланы шақырып алып, оған бес метрлік қашықтықта бір мезгілде гранатаны лақтырып, сарбаздардың бірі балаға қарай алты оқ атқан. Осы жарыста кімнің қаруынан атылған оқ ауған баланың өліміне себеп болатын адам жеңіске жеткен...
Америка өткен жылдың қазан айында жантүршіктірерлік қылмыстарында Кандагардағы шекарасыз дәрігерлердің ауруханасын бомбалады. Сол шабуылда 42 адам көз жұмды. Пентагон қараша айының соңында сол шабуылды адами фактордың салдары деп атады, бірақ «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы адами фактормен қатар бұл әрекеттің америкалық күштердің салақтығы мен көңіл аудармаушылығының салдары, сонымен қатар соғыс заңдарын бұзушылық деп мәлімдеме жасап, шабуыл туралы зерттеу жасауды сұрады. Бірақ соңында Америка бұл қылмысты жасаушыларға тек тәртіптік жаза ғана қолданатындықтарын, оларға қатысты басқа жазаның қолданылмайтынын мәлімдеді. Мұндай оқиғалар Американың Иракпен, Ауғанстанмен соғысында немесе Пәкістанда лаңкестікпен күрес сылтауымен сан рет қайталанды әрі бұл Американың әскери күштерінің Ауғанстандағы адамгершілікке жатпайтын және адам құқығын бұзушы әрекеттерінің алғашқысы мен ақырғысы емес. Бұлар әлі келешекте де қайталанады.
Абу Грейб – ол жерде жасалып жатқан апаттар әлемді үрейлендірген америкалықтардың өте қорқынышты келесі түрмелерінің бірі. Абу Грейб түрмесіндегі америкалық әскерилердің қылмыстары мен сол түрмеде адам құқығының ауқымды түрде бұзылуының жантүршіктірерлігі соншалықты, әлемнің көптеген ақпарат құралдары соны өздерінің газеттері мен журналдарында және сайттарында жариялады. Сондай бейнелердің ішінде Ирактық тұтқындардың мәйіттерінің үйіндісінің үстінде темекі тартып, күліп тұрған америкалық бір әскеридің немесе азаптауды күтіп, жендеттердің алдында жалаңаш тұрған ирактық әйелдің суреті болды.
Бірақ сол кезде бейнелердің жариялануындағы ащылықты арттырған нәрсе, ол тұтқындарды мойындату үшін қолданылған тәсілдердің әшкереленуі болды. Тұтқындарды жерге жатуға мәжбүрлеу, олардың денелерінің үстінен америкалық әскерилердің аяқтарындағы бәтіңкелерімен секіруі, тұтқындарды тыр жалаңаш шешіндіріп, әйелдер мен ерлерді суретке түсіру, тұтқындарды бірнеше топқа бөліп, оларды ахлаққа жат істерге мәжбүрлеу, тұтқындарды бір-біріне қарсы тұрғызып қою, сорақы, қорлаушы түрде тұтқындардың жалаңаш денелерінен төбе тұрғызу, тұтқындардың мойындарына иттің қарғыбауын тағып, оларды жерге жатқызып, тұтқынды иттің қимыл-қозғалысын жасап, үруге мәжбүрлеу америкалық әскерилердің ирактық тұтқындарды мойындату үшін қолданатын құрал- тәсілдерінің қатарын құрайды.
2014 жылдың қараша айының 28 күні Американың адам құқығы саласындағы масқарашылығының келесі бір құжаты жарияланды. Онда БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің азаптауларға қарсы комитеті бір есепте Американың халықаралық құқықты сорақы түрде бұзу жайтына сілтеме жасап, Американың адам құқығын бұзуын қатаң сынға алып, алаңдаушылық білдірді.
Есепте Американың лаңкестікке қарсы әрекеттері мен осы елдің қауіпсіздік органдарының елінің шекараларынан тыс елдердегі әрекеттері, Америкадан тыс жерлердегі түрмелерінде азаптаулардың жүзеге асырылуы, ОББ мен Федералды Тергеу Бюросы қызметкерлерінің тергеу әдістері, жеке камераларға қамау, осы ел полициясының шектен тыс күш пен қатігездікке жүгінуі, жыныстық тұрғыдан зорлық көрсету және Америка армиясындағы қатігездік сипатқа ие басқа да әрекеттер мен соған ұсқас жайттар сынға алынды. Американың адам құқығын бұзу әрекеттері тек қана тұтқындарға көрсеткен қатынасымен шектелмейді. Оның кең ауқымы әскери емес адамдарды да қамтиды.