Американың Мемлекеттік департаментінің Ирандағы адам құқығының бұзылуы туралы уәждерін сараптау 3
Американың 1945 жылдың тамыз айының 6-9 күндері Хиросима мен Нагасаки қалаларына жеке-жеке жасаған екі шабуыл 200 000-нан астам адамды ажал құштырып, мыңдаған адамды улануға шалдықтырып, оларды өмірлік мүгедекке айналдырды.
Американың әлемде әскери араласушылығының салдары болып табылатын қылмыстар әлі де көптеген адамдарды құрбан етуде, бірақ Америка қайраткерлері бұрынғысынша басқаларды адам құқығын бұзумен айыптап отыр.
Соңғы бір ғасырда Американың адам құқығына қарсы қылмыстарының тарихында осы елдің адам құқығын бұзған көптеген фактілер тіркелді.
1945 жылы Жапонияның екі қаласына атомдық бомбамен шабуыл жасауы осындай жайттардың бірі. БҰҰ-ның №4 бабының екінші тармағында кез келген басқа елдің аумақтық егемендігіне қарсы күш көрсетіп, қоқан-лоққы жасауға болмайтындығы қуатталған, тіпті БҰҰ-ның мақсаттарына қайшы келетін күш қолдану мен басқа да тәсілдерге тыйым салынып, бұлар елдерге қарсы қоқан-лоққының бір түрі деп аталған.
БҰҰ-ның адам құқығының 1970 жылғы декларациясы да кесімді түрде елдердің істеріне тікелей немесе жанама түрде араласпауды БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес халықаралық құқық принциптерінің қатарында атап: «Ешбір үкімет немесе ешбір елге қарасты топтың ешбір себеппен тікелей немесе жанама түрде басқа бір елдің ішкі немесе сыртқы істеріне араласуға хақысы жоқ» деп қуаттаған. Соған қарамастан Американың көптеген елдерге, соның ішінде Панама, Ирак, Ауғанстан, Ливия және Сирия сынды елдерге тікелей немесе жанама түрдегі әскери араласушылықтары мен сионистік режим мен басқыншы, адам құқығын бұзушы елдерге қолдау танытуы әлі көрініс беріп отыр. Американың осындай әрекеттері бұл елдің сыртқы саясатының тарихына тіркеліп жатыр. Америка үкіметінің басқа елдерге қарсы кез келген шабуыл жасауы мен әскери араласушылығы және Американың осы саладағы қайталанып жатқан қоқан-лоққысы БҰҰ-ның жарғысының принциптеріне қайшы келіп, халықаралық заңдарды әшкере түрде бұзушылық саналатын жағдайда жасалып отыр.
Есептерге сәйкес, Америка Екінші дүниежүзілік соғыстан осы күнге дейін елу үкіметті құлатуға әрекет жасаған. Әлемдегі атом бомбасын қолданған жалғыз жайт та екі жүз мыңнан астам адамның өліміне себеп болған Америка үкіметі тарапынан жүзеге асырылды.
Америка өзінің есепсіз қылмыстарымен Ауғанстан мен Иракта және Ливиядағы қазіргі соғыстарда адам құқығын қорғау деген уәжбен көп қылмыс жасады. Бүгінгі бағдарламада сол соғыстардың қандай салдарлары болды деген сұраққа жауап беріп көрейік. Американың халықаралық зерттеу институты дайындаған мәлімет бойынша, 2001 жылдан 2014 жылға Ауғанстан соғысында жүз мың адам өлген. «Соғыстың шығыны» деп аталған осы есепте Ауғанстандағы соғыстағы 2001 жылы халықаралық күштер енгеннен 2014 жылы олар сол елден шыққанға дейінгі адамдардың өлім-жітімі қарастырылған.
Осы зерттеулер ауғандық әскери емес адамдардың көбірек шығын болуы 2007 жылдан бергі жылдарға тиесілі екендігін көрсетеді. Есепте Пәкістандағы соғыс құрбандары да қарастырылған. Жалпы алғанда екі елде 149 мың адам өліп, 162 мың адам жарақат алған.
Ирак соғысының нәтижесі де бір миллионнан астам ирактықтың көз жұмып, төрт миллионнан астам адамның босқынға айналып, Ирак қоғамының қирап-ойранға ұшырауына соқтырып, бүгін осы елді Американың қолдауындағы ДАИШ пен тәкфірлік-сионистік басқа топтардың соғыс алаңдарына айналдырып отыр.
Джордж Буш Иракқа шабуыл жасаған кезде: «Спутниктен түсірілген суреттер Ирактың өзінің ядролық нысандарын қалпына келтіріп жатқанын көрсетеді» деген уәж айтты. Бірақ бұл уәждер толығымен негізсіз болды. АҚХА бұл уәждердің растығын дәлелдейтін ешқандай құжат немесе айғақ таппады. Америка Мемлекеттік департаментінің бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт таяуда «Евроньюс» телеарнасына берген сұхбатта өзінің дау тудырған сөзінде «Санкциялардың ирактық 500 мың баланың өліміне пара-пар құны болды» деп: «Бұл менің өз өмірімде айтқан ең ақымақ сөзім болды. Сол үшін кешірім сұраймын» деді.
Олбрайт сұхбатының келесі бір бөлімінде: «Джордж Буштың біздің елді Иракқа қарсы соғысқа енгізген тәсілі, яғни дипломатиялық жолды ұстанып немесе БҰҰ-мен үйлесімділік жасау мақсатында коалиция құрудың орнына ұстанған тәсілінің себептерінің бірі жаппай қыратын қару тақырыбына күмән тудыру болды деп ойлаймын» деді.
Америка мен Еуропа бірақ Ливияға қатысты да екіұшты қатынас жасады. Бұл елдер жылдар бойы тіпті қысқа мерзімге дейін, яғни, 2011 жылы Ливияның бұрынғы диктаторы Муаммар Каддафи режимін құлату үшін араласудан бұрын оның әскерін жабдықтап, екіжақты серіктестік жасады.
Ливия соғысында 600 мыңнан астам әскери емес адам елден қашты. Олардың 100 мыңы Ливия азаматы болды. Ливиялық 200 мың адам босқынға айналды. Бұл Америка мен НАТО-ның Ливия үшін берген сыйы болды.
2012 жылдың маусым айының он тоғызы күні Араб одағының адам құқығы, Адам құқығының Палестина орталығы және Гуманитарлық көмектер халықаралық консерциумы «НАТО әскери емес аймақтарды бомбалады. Бұл операция соғыс қылмысы саналады» деп есеп берді. Ливия бүгін Сириядағы бүлікшілерге арналып жіберілетін қару контрабандасының жолы болып отыр. Батыс 2011 жылы Ливияны жайына қалдырып немесе бірнеше он жылдыққа Ливияның ішкі істеріне араласпай тұра алатын еді. Оның есесіне Ливия мен оның азматтарына саяси және экономикалық көмектер көрсете алған болар еді. Бірақ Америка Ливяның мұнай байлығын колонизациялауды мақсат етті.
Соңғы жылдары да Америка нысанаға алған Ауғанстан, Пәкістан, Йемен мен Сомали сынды елдерде америкалық қырғи ұшақтар арқылы әскери емес азаматтардың өлтірілуі туралы хабарлардың жариялануы әдеттегі тақырыпқа айналды. Германиялық Fox басылымы сараптамада Америка үкіметінің лаңкестікпен күресте негізгі құралына айналған қырғи ұшақтар операцияларында адам құқығының бұзылуына сілтеме жасап, америкалық қырғи ұшақтарды адам құқығы саласындағы мәселе тудырушы фактор деп атады. «Экономикс» газетінің мәліметі боынша, 2005 жылдан осы уақытқа дейін қырғи ұшақтардың шабуылдары 1200 пайызға ұлғайған. Бұл іс заманауи соғыстың әскери қауіпсіздік саласына енгенінің белгісі. Жарияланған статистикалар бойынша америкалық ұшқышсыз басқарылатын қырғи ұшақтардың шабуылдарында үш мыңнан астам адам қаза тапқан. Олардың бір мыңы әскери емес азаматтар болған. Соның ішінде олардың екі жүзге жуығын балалар құраған. «Журналистикалық зерттеу» кеңсесінің есебі бойынша, 2004-2011 жылдың тамыз айы аралығында АҚШ-тың ұшқышсыз басқарылатын қырғи ұшақтары тарапынан 2347 адам көз жұмған. Олардың 392-ден 781-ге дейіні әскери емес адамдар болса, 175-і балалар болған.
Халықаралық Қызыл крест ұйымының мәлімдемесі бойынша, соғыс алаңындағы өлім-жітімнің 25 пайыздан астамы мен ауруханалардағы өлім-жітім мөлшерінің 5 пайызын арттыратын қаруларға тыйым салынған. Бірақ адамзатқа қарсы осы қылмыстар жалғасуда. Адам құқығы саласындағы батыстық ұрандармен жасалып жатқан қақтығыстар мен демократия және адам құқығы туралы уәждер іс жүзінде шындықтардан өте алыс.
Гуантанамо мен Абу Грейб түрмелері мен Американың Еуропадағы жасырын түрмелеріндегі оқиғалар мен сол түрмелердегі қорқынышты азаптаулар әлі әшкереленіп жатыр.
Барак Обама бірнеше ай бұрын Кубаға барғанда Гаваннада елінің демократиялық принциптерден ешуақытта жалтармайтыны туралы уәж айтты. Бірақ Гуантанамодағы түрмедегі тұтқындарға қатынасы Америка президентінің уәждеріне қайшы әрекетті дәлелдейді. Америка – шын мәнінде адам құқығының ең үлкен бұзушысы. Сол себепті Обаманың басқа елдерде адам құқығының жағдайы туралы пікір біддіруге хақысы жоқ. Гуантанамоны жабу Барак Обаманың сайлануының бірінші кезеңінің бағдарламасына енгізілген болатын. Бұл түрмені Америка Кубадағы соғыс кемелерінің базасын жалға алған кезде салған.
Гуантанамо 2002 жылы түрмеге айналдырылып, ол жерге лаңкестік жұмыстармен айналысады деген және америкалық күштермен қақтығыстарға қатысты деген күдіктілер қамалды. Обама 2009 жылы Ақ Үйдегі екінші күні Гуантанамо түрмесін жабуға жарлық шығарғанымен қазір Обама президенттігінің екінші кезеңінің аяқталуына таяп қалғанымен, осы уақытқа дейін Обама бұл салада ешқандай әрекет жасаған жоқ.
Америка тарапынан адам құқығы бұзылуының келесі жайтына сионистік режимді Газа соғысында кең түрде қолдау танытуына және лаңкестік топтарды, соның ішінде ДАИШ тобын қолдауына сілтеме жасауға болады.
Америка Сенатының соңғы есебіне сәйкес, кемінде 26 адамды қателесіп ұстағандықтан олар Американың ОББ тарапынан тергеліп, азаптауларға ұшыраған. Бұл ұйым жанжал тудыратын түрмелерін «қара мекендер» деген атпен әлемнің жер-жерінде ашып, басшылардың бақылауынсыз,тұтқындарды азаптаған. ОББ қызметкерлерінің бірінің Сенатта сөйлеген сөзі бойынша, бұл мекеме орталықтарының бірінің қамау орындарының жағдайы жәһаннам деп суреттелген. ОББ басшыларының қатаң тергеу тәсілдері тұтқындалғандарды психикалық тұрғыдан қиын салдарларға ұшыратқан. Бұл қылмыстар Американың әскери араласушылықтарының салдарларының бір бөлігі. Осы мәселе Америка тарапынан әлемде адам құқығын бұзу саласында шынайы түйткілге айналды.
Бұл мәселелер Американың соғыстардағы рөлі және араласушылығымен соғыс қылмыстарының, соның ішінде Ирактың Иранға қарсы химиялық шабуылдарының орын алуына негіз дайындаған ауқымды түйткілдерден тұрады. Американың адам құқығына қарсы қылмыстары туралы бұл тарауын келесі бағдарламада қарастыратын боламыз.