Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) шәһид болған күн
(last modified Sat, 16 Dec 2023 12:28:20 GMT )
Жел 16, 2023 18:28 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) шәһид болған күн

Ислам пайғамбарын (с.ғ.с.) үнемі келемеждеп жүретін Ас бин Уаил Пайғамбарды әл-Харам мешітінің есігінің алдында кездестіріп, онымен сөйлеседі.

 

 

Әл-Харам мешітінде отырған бір топ ақсақал Ас бин Уайл  мешітке кіргенде, одан кіммен сөйлескенін сұрады. Ас бин Уайл: "Мен «Абтармен» сөйлестім",- деп жауап берді. Оның бұлай айту себебі, сол күндері хазірет Хадиджадан Абдулла есімді Пайғамбардың баласы қайтыс болған, ал ұлы болмаған адамды "Абтар", яғни ұрпақсыз деп атаған.

Бірақ Алла Тағала «Кәусәр» сүресін түсіріп, Пайғамбарға: «Мен саған көп жақсылық бердім» деді. Бұл мол жақсылық хазірет Фатима-Захраның (ғ.с.) дүниеге келуінен басқа ештеңе емес еді. Осылайша Алла Тағаланың ең таза құлдарының ұрпағын жер бетіне таратып қана қойған жоқ, сол пәк ханымның келуі ғаламға көптеген нығмет пен қайырымдылықтың бастауына айналды. Тас жүркетердің ауыр шабуылынан Алланың қамқоршысының қасиеттілігін қорғау және оның жанын сақтау, тура тура жолды көрсету, Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннет жолымен жүру және көптеген соқыр діндарларға қарсы дәлелді аяқтау ол кезде Фатима-Захрадан (ғ.с.)  басқа ешкімнің қолынан келмейтін миссия болды. Бір жағынан, діннің көшбасшысы және діннің нәзік шекараларының қорғаушысы болған балаларды тәрбиелеу және Пайғамбардың  кітабы мен дәстүрін, көптеген илаһи аяттар мен жаңалықтарды түсіндіру және оларды жазбаларында тіркеу хазірет Фатиманың (ғ.с.) Кәусәрінан басқа ешбір бұлақтан шықпайтын садақа мен нығмет болып табылады. Иә, Фатима (ғ.с.) – Алла Тағаланың өз елшісіне ол үшін шүкіршілік етіп, намаз оқуды, құрбан шалуды бұйырған илаһи сыйы.

"Кәусәр" сүресі:

 

"Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһның атымен бастаймын.  (Мұхаммад с.ғ.с..) Шын мәнінде саған Кәусәрді бердік.  Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал.  Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз  қалады".

Рауаят бойынша хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болуы Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін 75 күннен кейін жұмади әл-ауаль айының 13-і күні болған. Әйгілі бір рауаятта Ислам пайғамбары (с.ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін 95 күн өткен, бұл хижридің 11-ші жылындағы жұмади әс-санидың үшінші жұлдызына сәйкес келеді.   Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) берекелі ғұмыр кешкеніне 18 жылдан аспағанымен қайғылы оқыға орын алды.

Бұл күні барша мұсылман қауымына, әсіресе ардақты Пайғамбардың жолын ұстанған еңбекқор әйелдерге көңіл айтамыз.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) кім болды?

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) сүйікті қызы,  хазірет Әлидің (ғ.с.) жұбайы,   имам Хасанның (ғ.с.),  имам Хусейннің (ғ.с.), хазірет Зейнаб пен  хазірет  Умма Күльсімнің анасы. Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) ардақты әкесі соңғы илаһи пайғамбар және Алланың ең жақсы жаратылысы болды, ал анасы Хадиджа құрайштың асыл әйелдерінің бірі және Исламды қабылдап, бар байлығы мен мал-мүлкін Ислам мен мұсылмандарға қызмет етуге жұмсаған бірінші ханым болды. Хадиджа жәһилият дәуірінде және Ислам келгенге дейін өзінің пәктігімен танымал болған.

Хазірет Заһра (ғ.с.) әкесі Мұхаммадтың (с.ғ.с.) барлық қасиеттерін бойына сіңіріп қана қойған жоқ,  Ислам ақиқаты сақталып, мәңгілік болуы үшін оны басқалармен бөлісетін.

Алламе Сейед Джафар Мұртаза Амели бұл туралы былай деп жазды: «Ардақты Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзінде және әрекетіндегі қайталанатын және үздіксіз қуаттаулары, сонымен қатар, хазірет Заһраның (ғ.с.) мәртебесі адамдардың онымен қарым-қатынас орнатуына және хазіреттің (ғ.с.) ерекше дәреже мен лауазымға ие болуына себеп болды. Өйткені оның үйі көптеген адамдар үшін тірек және баспана болды. Көрші әйелдерден басқа Мәдинаның басқа әйелдері де оның үйіне келетін».   

Хазірет Фатима (ғ.с.) өмірдің барлық саласында рөл атқара білген мұсылман әрі жауапкершілігі мол әйелдің кемел келбеті. Аятолла Хаменеи хазірет Фатима (ғ.с.) өмірін сипаттап: «Фатима-Заһраның (ғ.с.) өмірі барлық жағынан еңбек пен күш-жігермен және адамның рухани эволюциясы мен кемелдігімен өткен өмір. Жұбайы үнемі майданда, ұрыс даласында. Қоршаған орта мен өмірдің қиындықтарына қарамастан, Фатима-Заһра (ғ.с.) адамдар мен мұсылмандардың жүгінетін орталық іспетті. Ол Пайғамбардың қызы және өз өмірін абыроймен өткізуде: Хасан, Хұсейн және Зейнеп сияқты балаларды тәрбиелейді. Әли (ғ.с.) сияқты жар ұстап, Пайғамбар сияқты әкенің (с.ғ.с.) разылығын алады. Соғыстағы жеңістерден кейін  қолға олжалар түседі. Бірақ  Пайғамбардың қызы дүниелік ләззаттарды, рәсімдерді, сән-салтанаттарды және жас қыздар мен әйелдердің жүрегіндегі нәрселерді өзіне қалдырмайды.  Фатима-Заһраның (ғ.с.) ғибадаты – үлгілі ғибадат»,- деп жазды.

Хазірет Фатиманың (ғ.с.) қасиеті сонша, Пайғамбардың әулетінің құрметіне «Кәусар» сүресінен басқа да аяттар айтылған. Солардың ішінде «Ахзаб» сүресінің 33-аяты: «Әй, Пайғамбардың үй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден арамдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды». Бұл аятқа сәйкес, Алланың қалауы Пайғамбар әулетінің барлық  ластықтан таза болуын бұйырды. Хадистерге сәйкес Пайғамбардың Әһли Бәйті - Әли, Фатима, Хасан және Хұсейн.

Алайда Алла елшісінің қызы шыдай алмайтын, бұл қандай дүние? Әйелдің жаратылу сырына шыдамайтын бұл қай дәуір? Біртүрлі уақыт. Барша Пайғамбар қызының жақсы қасиеттеріне куә болған, Алла Тағаланың Фатимаға (ғ.с.) дүние әйелдерінен артықшылық бергенін Пайғамбардан естіген. Бірақ ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Фатима-Заһра (ғ.с.) Әһли Бәйттен (с.ғ.с.) Пайғамбарға (с.ғ.с.) қосылған алғашқы адам болды.

Фатимаға Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өлімін ауырлатқан нәрсе – Ислам қоғамында жікке бөліну мен ауытқудың пайда болуы. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) Пайғамбар оған кіргісі келсе, рұқсат алатын үйде өмір сүрды. Бірақ Пайғамбар (с.ғ.с.) қайтыс болғаннан кейін, хазірет Фатиманың (ғ.с.) үйіне басып кіріп, мүшелерін қорлап, қорқытты. Көп ұзамай хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) дене жарақаттары салдарынан шәһид болды.   Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) Әлиге (ғ.с.)   түнде және белгісіз жерде жерлеуді өсиет етеді. Мұның өзі қоғамның бұрмалануына наразылық еді.

Хазірет Фатима (ғ.с.) дүниеден озудан бұрын су сұрап, онымен вузу алып, әдемі көйлек киіп, құбылаға қарап отырып: «Уа, Алла, менің өлімімді маған келгенде, сүйікті адамым сапардан оралғандай ет. Уа, Алла, маған мейірімің мен қамқорлығыңды жібер гөр. Менің жанымды пәктердің рухтарымен, жанымды салихтармен, ал тәнімді таза денелермен және амалдарымды қабыл болатын амалдар қатарына қос гөр»,- деп дұға жасады.

 

Хиджри-қамаридің 11-шы жылының джамади сани айының 3-ші жұлдызында Алла елшісінің сүйікті қызы өмірден өтіп, мәңгілік құндылықтарды қалдырды. Сол түні Әли (ғ.с.) балаларымен және аз ғана туыстары мен достарымен бірге Фатиманың (ғ.с.) қасиетті денесін түн қараңғылығына жасырын түрде жерледі. Көздері жасқа толы, жүректері жаралы ең жақын адамымен қоштасты, сөйтіп ана жерленді. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) өсиеті бойынша ол ашуланғанның  ешқайсысы жаназасына қатыспаған. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) жақындарынан рәсімге оны қудалағандар қатыспайтындай жоспарлауды сұрады. Хазірет Әли (ғ.с.) әйелінің өсиетін орындап, Пайғамбар қызының (ғ.с.) өтініші орындалды...

Әлемнің барша мұсылмандарын хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күніне көңіл айта отырып, ардақты ханымның киелі мекеніне сәлем мен салауат жолдаймыз: «Сәлем саған, уа, Алла Елшісінің қызы. Сәлем саған, уа, дүниелік әйелдердің жетекшісі. Сәлем саған,  Алланың Пайғамбарынан кейінгі ең жақсы жаратылысы!»