Американың Мемлекеттік департаментінің Ирандағы адам құқығының бұзылуы туралы уәждерін сараптау 4
Америка үкіметі сыртқы саясатының тарихы адамзатқа қарсы қылмыстардың бір бөлігін қамтиды. Бірақ бұл елдің Мемлекеттік департаменті басқа елдердің адам құқығы мәселесін жыл сайын қарастырып, есеп жариялайды.
Еш күмәнсіз, Америка адамзатқа қарсы соғыстағы басқа елдермен сыбайлас ел. Бұл шындықты Американың Ирактың Иранға қарсы таңған соғысындағы тікелей және жанама рөлінен және Саддам режимін химиялық қарулармен қамтамасыз етуінен, Ирактың сол қаруларды Сердешт пен Халабджадағы кең түрде қолдануына қатысты үнсіздік танытуынан көруге болады.
Америка мен одақтастарының адам құқығын қорғау сынды құнды түсініктің тасасында өзінің зорлықшылдығын әлемге таңып жүргеніне жылдар болды. Олар өздерін адам құқығының қорғаушылары деп атап, елдерге әскери тұрғыдан араласушылықтары мен әйелдер мен балаларға қарсы жасап жатқан соғыс қылмыстарын осы уәжбен ақтамақ болады.
Америка мен одақтастарының адам құқығы мәдениетінде адамдар бірінші, екінші және үшінші дәрежелі азаматтар деп бөлінеді. Батыстың көзқарасы тұрғысынан Азия мен Африка және Латын Америкасындағы адамдардың жаны арзан, Америка мен Еуропаның батысында қымбат бағаланады. Шын мәнінде, Америка мен Еуропаның қауіпсіздігі маңызды, ал басқа адамдардың қауіпсіздігі олар үшін маңызды емес саналады. Батыстың көзқарасы мен қисыны тұрғысынан азаптау мен террор, егер Америка мен Израиль және осы елдердің қолшоқпарлары тарапынан орын алатын болса, рұқсат етілген құбылыс әрі оларға толығымен көзжұмбайлық танытуға болады.
Шындығында осы жәһілдік ойды Америка таңылған соғыс жылдары Саддам режиміне өзінің қолдауларын жасыру үшін пайдаланды. Сол себепті Саддам Иранның қалаларына кең ауқымды химиялық шабуылдар жасап, қорқынышты қылмыстарға баратын мүмкіндікке ие болды. Иранға қарсы жасалған химиялық шабуылдарда 100 мыңнан астам адам шәһид болып, уланып, химиялық қарулармен уланғандардың бірқатары әлі де тиген зардаптардан мехнат шегіп отыр.
Сердешттегі химиялық бомбалаулардың көбісіндегі химиялық қарулар тек Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Американың Вьетнамдағы соғысында қолданылған болатын. Вьетнам соғысында егістік алқаптары мен өсімдіктерді қурататын 80 миллион литр пестицид адамдардың ауылшаруашылық жерлеріне шашылды.
Осы қорқынышты апаттан бірнеше жылдан кейін жарияланған құжаттар Саддам режимінің химиялық және биологиялық қаруларға қол жеткізуінде еуропалық және америкалық компаниялардың тікелей рөлге ие болғандығын көрсетті.
Сол құжаттарға сәйкес, германиялық, голландиялық, франциялық, бельгиялық, ресейлік, америкалық көптеген компаниялар химиялық шикізаттар мен соларды қолдану технологиясын Иракқа жіберуде атсалысқан.
Сонда осы қолдаулардың салдары адам құқығын әшкере түрде бұзу саналмай ма?
Қауіпсіздік істерінің маманы Гордон Дафф жақында жаппай қыру қаруларымен күрес күніне орай берген сұхбатта Американы Саддам мен оның «баас» армиясының Иранға қарсы химиялық қарулар қолданған қылмыстарына қатысты деп атап: «Иран мен Ирак арасындағы сегіз жылда Саддам режимі Иран халқына қарсы химиялық қаруларды көп рет қолданды. Бірақ Батыс ешқашан сол жантүршіктірерлік оқиғадағы, яғни бүкіл әлемнің Иранға қарсы таңған соғысындағы рөлін айқын түрде мойындаған жоқ» деді.
Вьетнам соғысындағы АҚШ теңіз күштерінің осы байырғы сарбаздарының бірі
Гордон Дафф сұхбаттың жалғасында Американың 2003 жылы Иракқа жасаған шабуылдардағы мақсаттарына сілтеме жасап: «Американың Ирактың жаппай қыру қаруларының көзін құрту деген сылтаумен жасаған Ирактағы қылмыстарының бірі әлсіздендірілген уран оқ-дәрілерін қолдануы болды. Ол қарулардың әсері қоғамда біртіндеп көрінеді. Химиялық қарулар өте жоғары қиратушы мүмкіндігімен ұрпақтың көптеген буынын құрта алады» деді. Оның айтуы бойынша, АҚШ әрдайым «гуманитарлық әрекеттерді жақтайтын үкіметпіз» деген уәж айтады. Сөйте тұра басқа елдерге шабуыл жасап, сол елдерде азаттық пен демократия орнатуды қалайтыны туралы уәжденеді. Алайда осы салада Американың Грузия мен Болгарияда, Қазақстан мен Украинада химиялық қару өндіретін нысандарды басқаратындығы туралы құжаттар бар.
Сол елдерде ауылшаруашылық немесе медициналық зерттеулер жасау деген атпен өзінің жұмыстарын жалғастырып жатқан нысандар әшкере етушілер тарапынан белгілі болған соң басқа мекенге ауыстырылып, өздерінің жұмыстарын жалғастырады.
Әлемдік алпауыт елдердің көзқарасы тұрғысынан олар үшін әскери артықшылыққа кепілдік бере алатын жаппай қыру құралдарына ие болу престиждің бір түрі және дамығандықтың көрсеткіші саналады. Алайда мұндай қаруларды қолдану бір сәтте күнәсіз мыңдаған адамның ажалына соқтырып, ахлақтық және гуманитарлық тұрғыдан кешірілмейтін күнә саналады әрі адам құқығын бұзудың әшкере дәлелі болып табылады.
Ядролық қарусыздандыру тақырыбында да осы ой басым. 1950 жылдары атом идеясының жобалаушысы болған Америка бүгін 21 ғасырда ядролық арсеналдарында ең көп оқтұмсықтарды сақтап отыр.
Статистикалық мәліметтер бүгінгі әлемде шамамен 16 000 атом қаруының әлемнің тоғыз елінің арсеналдарында бар екендігін көрсетеді. Соның ішінде 90 пайызы Америка мен Ресейге тиесілі. 18 мың ядролық қару да атылуға дайын күйде тұр. Олардың көбісі Хиросима мен Нагасакиды жойған қарулардан анағұрлым мықты.
Обама 2009 жылы атом қаруларынан ада әлем құруға талпыныс жасайтын уәде беру арқылы атом қаруларының таралуымен күресетін әлемдік қозғалысты толқынысқа түсірді. Бірақ қазір оның президенттік кезеңі аяқталып қалған кезде атом қаруларынан ада әлем туралы арман бұрынғысынша қолжетпес күйде қалып отыр. Америка да өзінің ядролық арсеналын жаңартумен айналысуда. Америка өзінің стратегиялық атом құралдарын дамыту үшін 25 жылдық бағдарламаны орындауды мақсат етуде.
Бірақ Американың адамзатқа қарсы бұл ойы ертеден жалғасып келеді. Есептер 1940-1990 жылдары америкалық сарбаздар мен басқа елдердің жалдамалыларының зертханалық тышқандар ретінде қолданылғанын көрсетеді. Америка мен НАТО күштері Балкандағы соғыстағы, сонымен қатар Ауғанстан мен Ирак және Ливияға жасаған шабуылдарында да құрамында әлсіретілген уран бар тыйым салынған қаруларды қолданған. Батыс жиырмасыншы ғасырда демократия және адам құқығын қорғау деген уәждерімен әлемдік жүйенің жобасын жасады. Бірақ шындық Америка мен НАТО-ның 11 қыркүйек оқиғасынан кейінгі әлем халықтары, әсіресе аймақтағы, соның ішінде Ирак, Ауғанстан, Ливия үшін әскери жетістігінің лаңкестік, соғыс, жіктеу және бейберекеттіктен басқа ештеңе болмағанын көрсетеді. Мұның өзі Батыс уәж айтатын құндылықтары мен ұрандарының төмендегенін көрсетеді. Обама да өзінен бұрынғы президенттер сынды күшке жүгінуді Американың әлем деңгейіндегі ерекше орнына байланысты ақтамақ болады. Ол да америкалық құндылықтар мен Вашингтонның азаттық пен басқа құндылықтарға берік екендігі туралы айтады. Бірақ бүгінгі Американың бірегей ерекшелігі құндылық емес. Бұл қара тарих батыстың ой жүйесінің сырттай құндылық уәждері мен азаттық, демократия, адам құқығы және халықтарды қорғау сынды тартымды, алдамшы ұрандардың тасасында араласқанымен және батыстық өркениеттің реңкіне ие болғанымен бұл бар болғаны сыртқы қабыршақ әрі шынайы мазмұннан кенде. Оны тек қана батыстың, оның басында Америка тұрған құндылық жүйесінің артықшылығын әлемнің басқа елдеріне сендіру үшін қолданатын құралдың бір түрі деп санау керек. Олардың мақсаты, – Ислам революциясы жетекшісінің анықтамасы бойынша, аймақта ондаған жылдар бойы ықпал етіп, өздерінің төгілген абыройларын қалпына келтіру. Америка өзінің адамзатқа қарсы әрекеттерінің тасасында «қара бағдарламалар» деп танылған химиялық және биологиялық қару жасаудағы жасырын зерттеулері үшін миллиардтаған доллар жұмсайды. Бұл жұмыстары әдетте 80-жылдары Оңтүстік Африкада жүзеге асырылған жұмыстармен көптеген ұқсастықтары бар генетикалық және нәсілдік қаруларды қамтиды. Бұл туралы алдағы бағдарламаларда көбірек қарастыратын боламыз.