Американың Мемлекеттік департаментінің Ирандағы адам құқығының бұзылуы туралы уәждерін сараптау 5
Жақында жүкті әйелдердің құрсағындағы нәрестенің бойында жетіспеушіліктер мен мәселелердің туындауына себеп болатын «Зика» деген жаңадан пайда болған вирустың таралуы жайлы мәліметтер жарияланды.
Бұл Американың биологиялық соғыс жобасына қатысты зерттеулерінің бір бөлігіне тиесілі.
Зика вирусының ауруы денге безгегі мен сары безгек (амариллез) және Ніл өзенінің батысында кездесетін кейбір аурулармен ұқсастықтарға ие.
Аурудың таратушысы – Aedes деген маса. Бұл ауру аяғы ауыр аналардың арасында кең таралған. Олардың перзенттері микроцефалия ауруына шалдығады. Әлемдік Денсаулық ұйымының мәліметтеріне сәйкес, Бразилияның бір өзінде ғана кемінде 4 миллион адам осы ауруға шалдығу қатеріне іліккен. Зика вирусы жылдамдықпен әлемде таралуда. Осы уақытқа дейін аталмыш ауруды емдеп жазатын ешбір дәрі табысты болған жоқ. Оған қарсы тиімді вакцина да әлі табылмай отыр.
Көптеген ғалымдардың ойларын жаулап алған сауалдардың қатарын осы құпия аурудың факторы не және бұл ауру қалай таралды деген сауалдар құрайды. Зика вирусы бұрын Африкада таралған болатын, бірақ оның белгілері бірқалыпты, аса қатты емес еді. Ғалымдар оны таратушы масаның бойындағы генетикалық және биологиялық тұрғыдағы өзгерістер осы аурудың пайда болып, оның таралуына соқтырды деп санайды. Тәжірибе бұл ауруды таратудың қасақана болуының ықтималдығын көрсетеді.
Бір зерттеу орталығы біраз уақыт бұрын Зика ауруын қоршаған орта, экологиялық соғыс деген классификацияға жатқызып, Американы осы мәселеге кінәлі деп атап, зерттеу есебінің бір бөлігінде былай деп жазды: «Осы вирусты таратушы масалар атақты магнат Билл Гейтске тиесілі Латын Америкасындағы егістік жерлерде таратылған».
Рейтер хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Билл Гейтс 2015 жылдың тамыз айында Охфорд университетінен «Окситека» компаниясын 160 миллион долларға сатып алып, егістік жерлерді ғылыми сынақтар өткізуге берген.
Оның көптеген айғақтарын растайтын бұл болжам биологиялық соғыстың ащы шындығынан басталады. Оны микробтық соғыс деп те атайды. Адамзатқа қарсы әрекетте ауру тудыратын кез келген құрам, мейлі ол бактериялық, вирустық немесе табиғи улы заттарды қолдану болсын, соғыс құралы саналады.
Осы қорқынышты қылмыстардың тарихына жасалған шолу Американың осы тектес қаруларды өндіруші елдердің және соны қолданушылардың қатарында екендігін көрсетеді. Америка микробтық ауруларды тарату бойынша ұзақ тарихқа ие. Құжаттарға негізделген мәліметтер бойынша, америкалық дәрі шығаратын компаниялар Латын Америкасын, африкалық елдер мен кейбір азиялық елдерді өздерінің дәрілері үшін сынақ өткізуге пайдаланған.
Американың жергілікті халықтары қарудың осы түрінің құрбандары болып табылады. Христофор Колумб осы материкті ашып, басқа материктермен байланыс орнаған соң көптеген адамдар жұқпалы аурулардың таралуы салдарынан көз жұмды. Англия армиясы да шешекті микробтық қару ретінде кем дегенде бір рет пайдаланды. Олар 1763 жылы Понтиак соғысында осы микробқа шыланған көрпелерді америкалық қызылтүстілерге берген. Калифорнияның жергілікті тұрғындары да улы каштан жапырақтарына оралған гүл шоқтарын испаниялықтарға сыйлаған.
1763 жылы Америкада тұратын еуропалық мигранттар қорасан микробына шыланған көрпелерді қызылтүстілерге сыйға беріп, микробтық соғыс тәсілін қолданған. АҚШ мен Англия 1944 жылы, яғни алты маңызды қалаға шабуыл жасау жоспарынан бұрын Германияны топалаң микробтарымен бомбалады. 1952 жылы АҚШ солтүстік Кореяда биологиялық бомбаларды қолданды. Франциялық хабар сайты жақында осы салада құжаттарға негізделген, көптеген ғалымдардың зерттеулерін растаған есеп жариялады.
Осы сайттың жазуы бойынша, Day Lily деп танымал жобаның негізін Парсы шығанағы соғысы синдромымен байланысты және америкалық 150 мың ардагер содан қиындық көріп отырған, сондай-ақ, мыңдаған адам соның салдарынан жантәсілім еткен, оны ресми тану және емдеу әлі қолжетімсіз құпия ауру туралы бейне материалдар құрайды.
Себебі аурудың тамыры жасырын қалуы керек. Осы ардагерлердің қандарында микробтық фактордың болуын америкалық екі ғалым ашқан. Шындығында мақсат әскерилер мен тұтқындарға кең ауқымды зерттеу бағдарламасын жүргізу болған.
Ғалымдардың зерттеуінің бір бөлігінде былай деп жазылған: «Мэрилэнд төбесінде Америка әскеріне тиесілі үлкен база бар. Екінші дүниежүзілік соғысы барысында және қырғи қабақ соғысы жылдары сол база осы елдің микробтық қару-жарақтық ауқымды зерттеу орталығына айналды. Сол жерде микробтық соғыс құралдары өндіріліп, сол факторларға қарсы өнімдер шығарылды».
Құжаттарға негізделген мәліметтер бойынша америкалық дәрі шығаратын компаниялар Латын Америкасы мен африкалық және кейбір азиялық елдерді өздерінің дәрілері үшін сынақ өткізуге пайдаланған.
1931 жылы Рокфеллер институты дәрігерлерінің бірі доктор Корнелиус Роудс медициналық зерттеулерінде обыр жасушаларын дендері сау бірнеше адамға еккен. Ол кейін осы сынақтарды америкалық әскерлер мен ауруханалардағы науқастарға қайталап жасады. 1932 жылы да сифилис ауруына қатысты зерттеулерінде «Tuskegee Syphilis» деген атаумен осы инфекция Гватемалада 200 негрге егіліп, олар «зертхана шошқалары» ретінде пайдаланылды. Зерттеу үдерісінде америкалық зерттеушілер осы екі жүз адамның сифилис ауруына шалдыққандарын білгендеріне қарамастан, қасақана түрде оларды емдеуден бас тартты. Сол адамдар қатты қиналып, аталмыш ауру салдарынан көз жұмды. Осы мәселе соңында Америка президенті Барак Обаманы ресми түрде Гватемала үкіметінен адамгершілікке қайшы осы әрекет үшін кешірім сұрауға мәжбүр етті.
Американың Гватемаланың кедей халқына жасаған сынақтары Уэлсли колледжінің оқытушысы Сьюзан Ревербайдың зерттеулері барысында әшкере болды. Яғни, Америка президенті Барак Обама сол кездегі Гватемала президенті Альваро Коломнан кешірім сұрайтындай жағдайға жеткізді.
Сол кездегі Американың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Денсаулық және гуманитарлық қызметтер министрі Кэтлин Сибелиус ортақ мәлімдеме жариялап, 1946-1948 жылдары Гватемале халқына жасалған зерттеулердің ахлаққа жатпайтындығын, айыпталатындығын жариялады. Бұл іс Массачусетс штатындағы Уэлслей колледжінің оқытушысы Сьюзан Ревербай Америка Денсаулық министрілігіне қарасты дәрігерлерінің алпыс жыл бұрын Гватемаледе жасаған зерттеулерінің жай-жапсарын жариялағаннан кейін орын алды. Ол мақаласында Гватемалада тұтқындар мен жүйке ауруларына шалдыққан науқастарға жасалған зерттеулерді Американың Алабама штатында негрлерге жасалған ұқсас сынақпен салыстырды.
Америкалық осы зерттеуші доктор Джон Катлер мен серіктері 1946-1948 жылдар аралығында жоғарыда аталған сынақтың болмысынан хабарсыз болған кемінде 696 гватемалалыққа алдымен жезөкшелер арқылы немесе тағы басқа жолдар арқылы жыныстық жолмен таралатын ауруларды жұқтыртып, кейін оларға пенициллин салғанын әшкере етті.
Бұл қорқынышты шындықтар адам құқығы туралы уәж айтатын америкалықтардың адамзатқа қарсы қылмыс болып табылатын микробтық аурулардың таралуында ұзақ тарихқа ие екендігін көрсетеді. 1925 жылы қарудың осы түрін пайдалануға халықаралық деңгейде Женева протоколы арқылы тыйым салынды. 1972 жылы Биологиялық қару туралы конвенция жоғарыдағы тыйымды кеңейтті. Содан бастап, тіпті осы тектес өнімдерді сақтау және тасымалдау заңсыз саналып, оларға рұқсат жоқ деп жарияланды.