Сауд режимі қажылық өткізу біліктілігінен кенде
Осыдан шамамен бір жыл бұрын қажылық рәсімінің Құрбан айт күні 5 мыңнан астам қажының, соның ішінде 400-ден астам ирандық қажының құрбан болуына себеп болған жантүршігерлік апат орын алды.
Осыдан шамамен бір жыл бұрын қажылық рәсімінің Құрбан айт күні 5 мыңнан астам қажының, соның ішінде 400-ден астам ирандық қажының құрбан болуына себеп болған жантүршігерлік апат орын алды. Сол апаттан бірнеше күн бұрын әл-Харам мешітінің үстіне құрылыс краны құлап, 120 қажының өмірін қиып кетті. Бұл оқиғалар өткен жылы көптеген алаңдаушылық тудырып, Иранның қажылыққа жауапты қайраткерлерінің орын алған оқиғаларды зерттеумен бірге олардың қайталануының алдын алу үшін ирандық қажылар аттанбас бұрын Сауд Арабиясының қажылық істерімен айналысатын қайраткерлерімен келіссөздер жүргізуіне себеп болды. Бұл келіссөздер Риядтың қастандықтары және сылтауларымен тұйыққа тірелді. Нәтижесінде ирандық азаматтардың биылғы қажылыққа қатыспайтындығы жарияланды. Бұл салада көптеген сұрақтар мен күдік-күмән туындайды. Солардың ішінде «Сауд Арабиясы қажылардың қауіпсіздігіне жауапты ма?» немесе «Өздерін қасиетті кесенелердің қызметшілері деп атаушылар қажылық рәсімінің саяси мақсаттармен араласуынан туындаған мәселелерге бейқамдық таныта алады ма?» деген сұрақтар пайда болды. Иранның Қажылық және зиярат істері жөніндегі ұйымының тобы өткен айда алаңдаушылықтарды шешіп, шешім қабылдап, келісімге келу үшін бірнеше рет келіссөздер үстеліне оралып, ирандық азаматтарға Мекке мен Мединеге қажылық рәсімдерін орындауға жол ашуға талпынды. Бірақ әр кездесуде саудиялықтар тарапынан жаңа мәселелер баяндалды. Олар бір жолы Теһрандағы елшілігінің жабылып, визаның берілмейтінін хабарлады. Келесі жолы қажыларды Иранның әуе жолдарымен тасымалдауға қарсылық білдірді. Мұндай әрекеттер Сауд Арабиясының ирандық қажыларды қабылдағысы келмейтінін көрсетеді. Нәтижесінде әртүрлі сылтаулармен уақыт созылып, келісімге қол қойылмады. Иранның Қажылық және зиярат істері жөніндегі ұйымының басшысы Саид Оухади: «Ирандық келісімгер топтың Сауд Арабиясындағы келіссөздері мен Исламдық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ияд Маданидің биылғы қажылық рәсімдерін өткізудегі қайшылықтарды шешу талпыныстары нәтижеге жетпеді. Сауд Арабиясының үкіметі қажылық пен қасиетті кесенелерді саяси мүдделері үшін пайдаланып, ирандық азаматтарға қажылық рәсімдерін өткізуге қарсылық білдірді»,- деп хабарлады. Сауд Арабиясы келіссөздердің басынан бастап, ирандық қажыларды қабылдамаудағы шынайы ниетін көрсетті. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі: «Ирандықтар қажылық істеріне қатысты келісімге қол қоймай, бұл елдің халқын қажылық міндеттерін орындаудан мақұрым етті»,- деген уәж айтты. Ұлыбритания Сыртқы Істер Министрі Филип Хаммондпен ортақ ақпарат отырысын өткізген Адель Джубейр: «Сауд Арабиясының королі, тақ мұрагері, тақ мұрагерінің орынбасары, үкіметі мен халқы қажылық рәсімін және оны орындауға келген әр қажыны құрметтейд. Сауд Арабиясы бұл діни міндетті орындау үшін ешбір адамға кедергі жасамайды. Сауд Арабиясы жыл сайын келісімдер мен кеңесулер бойынша қажылыққа келген адамдардың қауіпсіздігі мен саулығын қамтамасыз ету үшін 70-тен астам мемлекеттің қажылық істеріне жауапты қайраткерлерімен келіссөздер жүргізеді»,- деді. Аталмыш ақпарат отырысында Ұлыбританияның Сыртқы Істер Министрі Филип Хаммонд те Адель әл-Джубейрдің ирандық азаматтардың қажылыққа қатысуының алдын алуды ақтаған сөздерін қолдап: «Менің пікірімше, Сауд Арабиясы әрқашан бұл саладағы өз жауапкершілігіне шынайы назар аударады, өйткені Сауд Арабиясының королі – қасиетті кесенелердің қызметшісі. Менің ойымша әлемнің барлық мұсылмандары қажылық рәсімдерін орындай алады»,- деді.Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі: «Риядтың мақсаты – қажылықты қауіпсіз жағдайда өткізу. Рияд қажылардың ешбір қиындықтармен кезікпеуіне және қажылықтың саяси мәселеге айналмауына талпыныс жасайды»,- деген уәж айтты. Мұндай уәждер Сауд Арабиясының үкіметі бұдан бұрын да қажылықтың саяси мәселеге айналғанын көрсетіп, жыл сайын Иранмен жасалған келісіміне өзгерістер енгізген болатын. Сауд Арабиясының басшылары Мина оқиғасын тағдырдың салғаны деп, қажылықты басқару жауапкершілігінен құтылғысы келді. Осы кезде де міндеттеріне, тіпті одан да артық әрекет етіп, еніп, қажеттіліктерге жауап бердік деп көрсетуге күш салуда. Сауд режимінің пікірінше, егер кінәлілерді анықтайтын болса, олар – ирандықтар. Өйткені ирандықтар саудиялықтардың қорлаушылықтарын қабылдамай, келісімге қол қоймады. Сауд Арабиясының Қажылық және Умра істері жөніндегі министрлігінің негізсіз дәлелдері бойынша, Иран үкіметі Алланың және елінің халқы алдында оларды қажылық рәсімдерін орындаудан мақұрым еткені үшін жауапты. Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің Сыртқы Істер Министрлерінің отырысынан кейін журналистердің алдында сөйлеген сөзінде: «Исламдық елдер Иранның әрекеттерін айыптауы керек»,- деді. Сауд Арабиясының бұл сөздері Иранды қаралау мақсатында айтылды. Қажылық істеріндегі маңызды мәселердің бірі қажылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету болып саналады. Бірақ бұл маңызды мәселеге қатысты жауапкершіліктің осалдығы әшкереленген кезде Сауд Арабиясының басшылары оны жауып тастауға күш салуда. Иран қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың абыройын сақтауға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан Сауд Арабиясының қажылыққа жауапты қайраткерлерінен шынайы уәде алғысы келеді. Алайда келіссөздердің басынан саудиялық басшылардың әрекеттері олардың алаңдаушылықтарды жойғысы келмейтіндігін көрсетті. Саудиялықтар әртүрлі сылтауларымен уақытты созып, Иранды қорлаушы шараларды қабылдауға немесе қажыларын Сауд Арабиясына жібермеу сынды екі жолдың бірін таңдауға мәжбүрлеуді көздеді. Шын мәнінде саудиялық басшылар уақытты босқа кетіріп, қажылардың сапарға дайындалуына уақыт қалдырмайтындай әрекет жасады. Енді қазір өз мақсаттарына жетіп, Иранды өз азаматтарын қажылыққа жібермеуіне жауапты етіп көрсетпек. Иранның Қажылық және зиярат істері жөніндегі ұйымының басшысы Саид Оухади Иран теледидарының екінші арнасына берген сұхбатында ирандық және арабстандық топтардың келіссөздеріне тоқталып: «Сауд Арабиясы келіссөздер кезінде он бірден астам шектеуді ескертті. Бұл шектеулер өткен жылдардағы келісімдерде болмаған. Үш ай кешігіп орын алған келіссөздердің бірінші кезеңінде анық түрде Иранның талаптарын баяндадық. Сауд Арабиясының Қажылық және Умра министріне өткен жылы қажылық тарихында бұрын-соңды болмаған апатпен кезігіп, бірнеше мың қажының шәһид болғанын еске салдық. Олар біліксіздік пен дұрыс басқармаушылықтың құрбандары болды, бірақ Сауд Арабиясынан ешқандай жауап берілмеді. Саудиялық тарапқа келісімхаттарында ескерілген он бір шектеудің ешбір жағдайда қабылданбайтынын жарияладық. Өйткені келісім бұрынғыдай ұсыныс ретінде жазылмаған, ол бұйрық ретінде көрсетілген»,- деді. Саудиялықтар келісімхаттың мәтінінде: «Иранның ғимараттары мен ирандық қажылар өмір сүретін мекендері мен жүретін жолдарының бойында туларды ілуге тыйым салынады»,- деп жазылған. Негізінде қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралардың бірі ирандық қажылар көп жиналатын жерлер мен жол бағыттарында Иранның туы бар плакаттар ілінеді.