Батыстың Сирияға қарсы ақпараттық соғысы (3)
Батыс пен кейбір араб елдері соңғы жылдары лаңкестерді жабдықтап, оларға қажетті құралдарды жіберумен ғана шектеліп қалмады. Олар ақпарат құралдары арқылы түрлі хабарлар мен бағдарламалар дайындап, қоғамдық пікірді де өз жақтарына қарай бағыттап, ДАИШ-тің баскесерлеріне қатысты шындыққа жанаспайтын бейнелер ұсынды.
Аймақта Исламдық ояну қозғалысы тарала бастаған кезден-ақ Батыс бұл қозғалысты өзінің қалауы бойынша басқарып, Батыстың қолындағы қуыршағы болып табылатын диктаторларға қарсы қалыптасқан ояну толқынын өз мақсаттарына сәйкес келетін қозғалыстарға айналдырмақ болды. Батыссаясаткерлеріде осы ояну толқынына мүмкіндігінше тосқауыл қойып немесе әлемдіктерге бұл толқынды әуел бастан олардың мақсаты болғандай етіп көрсетуге тырысты.
Батыстың бұл мақсатты жүзеге асыру жолында жоспарлары, қаржыландыруы мен лоббизмімен қатар батыстың ақпарат құралдары да маңызды рөл атқарды. Тіпті Батыстың аймақ өзгерістеріне қатысты саясаттарының басым бөлігі олардың ақпарат құралдары тарапынан жүзеге асырылды. Мұнымен қатар осы уақытқа дейін Батыс өз ықтиярындағы ірі БАҚ-ын пайдалана отырып, аймақтағы өзгерістерді басқаша көрсетуге талпыныс жасады. Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе, хабар арналары ақпараттық айла-шарғыларды пайдаланып, оларды әрдайым өзгерту арқылы аймақтың өзгерістеріне ықпал етуге бар күштерін салды.
Жалпы алғанда, осы ақпарат құралдарының соңғы бірнеше жылдағы жұмыстарынан қарама-қайшы ақпараттық тактикаларға сүйенген осындай стратегияны байқауға болады. Мысалы, BBC сияқты арна ұлыбританиялық саясаткерлерге еріп, Тунистегі исламдық оянудың алғашқы ұшқынына қатысты үнсіздік танытты. Алайда бірнеше күннен кейін осы хабар арнасы түрлі тілдердегі бағдарламаларында ояну толқыны туралы хабарлар тарата бастады. Алайда осы хабарлардың барлығында бұл наразылықты қатардағы оқиға ретінде көрсетуге күш салып, бұл халықтық наразылықтардың толқынын маңызды емес етіп көрсетуге тырысқаны белгілі болды. Тунис өзгерістері жаңалықтар бөліміндегі үшінші және төртінші жанама хабар ретінде таратылды.
Ақпараттық стратегияның жалғасында осы хабар арнасы Reuters арнасымен бірігіп, Тунис өзгерістері туралы хабарларды маңызсыз етіп көрсету үшін басқа қатардағы жаңалықтарға ерекше көңіл аудару тактикасын ұстанды. Мысалы, осы арналар Ауғанстан өзгерістері немесе әлемнің жер-жеріндегі қатардағы оқиғаларды мамандарға пікір айтқызып немесе сарапшыларды шақыру арқылы маңызды етіп көрсетуге тырысып бақты. Осы әрекеттер Тунистің үстемшілдердің қолындағы қуыршағы болып отырған диктаторы үшін қосымша уақыт беріп отырған сияқты Батыстың ақпарат арналарының арасында үйлесімді түрде жүзеге асырылып жатты.
Бұл тактика еш нәтиже бермегеннен кейін батыстың ақпарат құралдары бірнеше күннің ішінде тактикасын өзгертіп жіберді. Өздерінің беделдеріне қауіп төніп тұрғанын көрген бұл арналар бұл жолы Батысты адам құқығы мен демократияны қолдап отырғандай етіп көрсетіп, халықты қолдай бастады. Бірақ ояну толқыны Тунистің жер-жеріне жеткеннен кейін Voice of America ақпарат торабы наразы халықты қыру сахналарын көрсету арқылы әлемнің қоғамдық пікірін алдап, АҚШ-тынаразы халықтың құқықтарына қол жеткізуге көмектесіп отырғандай көрсетті.
Исламшыл топтарға қарсы қаралау хабарларын тарату тактикасын пайдалану батыстың ақпарат құралдарының келесі бір айласы болыптабылады. CNN сияқты америкалық арналар наразыларды қарақшылар ретінде көрсетіп, түрлі хабар бөлімдерінде оларды көбірек басып-жаншуға итермелеуге тырысты.
Келесі бір тәсіл қоғамдық пікірді бағыттау мақсатындадереккөздері белгісіз хабарларды пайдалану болды. FOX NEWS сияқты хабар арналары түрлі сарында, бірақ бірдей мазмұнда сараптамалар тарату арқылы көрермендердің саналарын нысанаға алып, кеңістік тудырып, исламшылдар төндіретін қауіп-қатерлер туралы ескертіп отырды.
Сирия дағдарысына келетін болсақ, алғашқы қақтығыстан бері ұзақ уақыт өткендіктенкөптеген түрлі стратегиялар пайдаланылды. Сирияда соғыс басталғаннан бері осы елдің әскерін қаралау үшін батыс және араб елдері өздерінің ақпараттық құралдарын жұмылдырды. Аталмыш ақпарат құралдары әдетте Сирия мен Иракта лаңкестердің химиялық шабуылдарында бейбіт тұрғындардың қаза болуы және Түркия шекаралары арқылы қарулы қарсылас топтарға әскери көмектердің жөнелтілуі туралы хабарларды таратпайды. Алайда Башар Асадтың біріккен күштері тарапынан бейбіт халықтың өлтірілуі туралы хабарлар таратып, халықтың сезімін нысанаға алады. Осы аяда Voice of America жариялаған бір мақаласында Алеппоның гуманитарлық апатқа тап болуындағы лаңкестердің рөлі туралы бір ауыз сөз айтпастан, Алеппоның шығысындағы қарсыластардың позицияларын Сирия мен Ресейдің бомбалау амалдарында бейбіт тұрғындардың қаза болғанын қуаттады.
Сонымен қатар, Алеппо лаңкестердің қолынан азат етілгеннен кейін ашу-ызаға булыққан Сирия әскерінің қас дұшпандары әйелдер мен балалардың ескі суреттерін жариялау арқылы Сирияның ұлттық әскерін қаралап, оны Сирия халқына қатыгездік жасап жатқан қылмыскер ретінде көрсетуге талпыныс жасады. Олар Палестинадағы Газа секторының ескі суреттері мен 2014-2015 жылдарға тиесілі суреттерді пайдаланып, Сирияның ұлттық әскерінің күресін Алеппо қаласының жапа шеккен халқына қарсы жан түршіктірерлік қатыгездіктер ретінде көрсетуге талпынуда.
Мысалы, Сирияәскеріне дұшпандық көзқарасымен танымал саудиялық әл-Арабия телеарнасы 2016 жылдың қыркүйек айының он төрті күні «Алеппоның соңғы жаңалықтарының егжей-тегжейі» деген атаумен хабар жариялады. Әл-Арабия арнасы бұл хабардың қасында White Helmets деп аталатын құтқару тобының бір ұл баланы қирандылырдың астынан құтқарып жатқанын көрсететін суреттерін жариялады. Айта кетер жайт, White Helmets тобын тілшілер өтірік айтуы мен ән-Носрат тобымен байланыстары үшін бірнеше рет сынға алған болатын.
Атлантаның Veterans Today басылымының бас редакторы әрі директоры Джим Дин былай дейді: «Батыс Сирия әскерін жауыз етіп көрсету саясатын тактика ретінде пайдаланып отыр. Олар жасап отырған жұмыстардың барлығы тек соғыстың барысын бақылауға бағытталған. Себебі, өкінішке орай, барлау ұйымдары, әсіресе, АҚШ, Ұлыбритания мен Канададағы аппараттар ақпарат құралдарымен тығыз байланыста».
Джим Дин Сирия қарулы күштеріне қарсы ақпарат құралдарындағы үгіт-насихаттар мен олардың Алеппоның шығысында қатыгездікті пайдалану туралы уәждерін теріске шығарып: «Алеппода бөшкелерге қойылған бомбаларды пайдалану және бұл қаланы ұжымдық көрге айналдыру туралы айыптаулар негізсіз. Сирия әскері бейбіт тұрғындарды өлтіру және олардың баспаналары мен мал-мүлкін қиратуды көздемейді. Себебі, бұл мәселе олардың мақсатына жетуге, яғни, Алеппо қаласын азат етуге еш көмектеспейді» деді.
Ұлыбританиялық The Independent газеті де майдандағы шындықтарға тоқталып, Сирия соғысы туралы хабарларды жариялаудағы батыстың ақпарат құралдарының бейтараптығына күмән келтірді. The Independent Сириядағы Алеппо қаласы мен Ирактың Мосул қаласын азат ету амалдарының ұқсастығына сілтеме жасап, осы ұқсастықтарға қарамастан, халықаралық БАҚ-ның осы екі оқиға туралы өзгеше мәліметтер таратқанын жазады. Батыстың ақпарат құралдарында Сирия президенті Башар Асадтың үкіметі Алеппода бейбіт тұрғындардың өлтірілуіне жауапты деп аталғанымен, БҰҰ-ның гуманитарлық істер жөніндегі басшысы Стефен Обрайанның Алеппо қаласының шығысындағы наразылардың бейбіт тұрғындардың шығарылуына кедергі болғанын мәлімдеді. Өкінішке орай, бұл мәселе жайлы батыстың ақпарат құралдарының үнсіздік танытқанын көріп отырмыз.
Осы мәліметте келтірілгендей, Алеппоның шығысындағы немесе Мосулдың шығысындағы өзгерістер туралы әртүрлі мәліметтердің таратылуына бұл аймақтарда шетелдік тілшілердің болмауы себеп болуы мүмкін. ДАИШ және ән-Носрат лаңкестік топтары бұл тілшілерді тұтқынға алып, кейбіреулерін бауыздап, немесе бопсалау үшін кепілдікке алды.
Айта кетер жайт, Алеппода ән-Носрат майданы мен Ахрар әш-Шам топтарының шамамен 10 мың содыры Сирия үкіметімен соғысып, Алеппоның шығыс аудандарының басым бөлігін бақылап отырды. Шетелдік тілшілердің барлығы дерлік Лондонда немесе Түркияда орнығып, Сирияның майдандық өзгерістері туралы хабарларды таратуға талпыныс жасады. Олардың кейбіреулері осы өзгерістердің куәларымен бетпе-бет жүздесіп, сұхбаттасу жолында лаңкестердің қолдарына түсіп, жандарын қиды.
Сирияға өз қаражатымен және өз еркімен барған Ұлыбританияның англикалық дін қызметшісі Эндрю Эшдаун өз еліне қайтып оралғаннан кейін орыс тіліндегі ұлыбританиялық телеарнаға берген арнайы сұхбатында былай деді: «Батыстың ақпарат құралдарының Сирия туралы мәліметтері біржақты әрі тек Алеппоның шығысындағы лаңкестік көздерден алынған. Ұлыбритания мен Еуропада жолдаулардың барлығы біржақты болып келеді. Менің айтпағым, біз тек Алеппоның шығысындағы лаңкестерден келген шектелген ақпараттарды ғана тыңдаймыз. Бірақ мен тәуелсіз түрде өз қаражатыммен Сирияға барып, халықтың басым бөлігінің лаңкестер тарапынан көрген жауыздық туралы толығымен бір-біріне ұқсайтын әңгімелер айтатынын көрдім».
Сіздің ойыңызша, қанша адам осы ұлыбританиялық дін қызметкері сияқты Сирияға барып, батыстың ақпарат құралдарының жасанды мәліметтеріне емес, өз көзімен көргеніне сене алады?