Құдс – илаһи діндердің бесігі
Бұл бағдарламада Трамптың Бейт-ул-Мұқаддасты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми түрде тану үшін келтіріп отырған сылтаулары мен Бейт-ул-Мұқаддастың тарихы және оның илаһи діндердегі, әсіресе, Исламдағы орнына тоқталамыз.
Ұлыбританияның бір кездегі Сыртқы істер министрі Палестина жерінде еврей елінің құрылуы туралы Бальфур декларациясынбекіткеннен жүз жыл өткеннен кейін АҚШ президенті Дональд Трамп мұсылмандардың бірінші құбыласы Бейт-ул-Мұқаддасты Израиль режимінің астанасы ретінде ресми түрде таныды. Бейт-ул-Мұқаддастың Израиль режимі үшін астана болуы израильдіктердің Палестина жерін басып алғаннан бері көздеп келе жатқан мәселелердің бірі болып табылады. Алайда, осы қаланың қасиеттілігі, онда әл-Ақса мешітінің орналасуы мен мұсылмандардың осы мәселеге қатысты сезімталдығына байланысты сионистер Бейт-ул-Мұқаддасты астана ретінде тануға қатысты әлем елдерінің, әсіресе, батыстың ризашылығын ала алмады. АҚШ Конгресі 1995 жылы сионистік лоббилердің ықпалымен осы мәселеге қатысты жоба дайындады. АҚШ-тың бұрынғы президенттеріөткен жиырма жыл бойы бұл жобаны бекітуді кейінге қалдырып келді. Бітім келіссөздеріндегі Бейт-ул-Мұқаддастың тағдыры мәселесінің күрделі болғаны соншалықты, бұл мәселе сионистік режим мен палестиналық бітімгер ағымның арасындағы АҚШ-тың араағайындығымен өткен бітім келіссөздерінің күн тәртібіне енгізілмеді. Бейт-ул-Мұқаддастың тағдыры мәселесі көтерілмесе де, бітім келіссөздері тығырыққа тірелді. Шын мәнінде, аймақтағы өзгерістер мен АҚШ-тың Сирия мен Ирактағы жобаларының сәтсіздікке ұшырауын назарға алсақ, Трамптың Бейт-ул-Мұқаддасты Израиль режимінің астанасы ретінде ресми түрде тану әрекеті қарсыласу өзегін жою үшін жасалды.
Олар ДАИШ лаңкестік тәкфіршіл тобын қолдау арқылы Ирак пен Сирияны бөліп, Құдсты басып алушы режимнің орнын нығайтуды көздеді. Алайда, Сирия мен Ирактың әскері мен халықтық күштерінің Иран, Ливан Хезболласы мен Ресей сияқты одақтастарының көмегімен табандылық көрсетуі күш теңгерімін қарсыласу өзегіне қарай бұрды. Қазір Ирак пен Сирияда ДАИШтобының ісі жабылды. Тәкфіршіл лаңкестік қозғалыстарды қолдаушы үкіметтердің, әсіресе, Арабстанның ойын алаңын өзгерту және қарсыласу өзегімен күресу үшін Ливан майданын ашу бағытындағы барлық талпыныстары сәтсіздікке ұшырады.
Осындай жағдайда АҚШ президенті Дональд Трамп Бейт ул-Мұқаддасты сионистік режимнің астанасы ретінде ресми түрде таныды. АҚШ президенті осы әрекетімен соңғы бірнеше жылда қарсыласу өзегімен күрестегі сәтсіздіктерінен кейін сионистердің талап-тілектерін жүзеге асыруға талпынуда. Трамптың осы әрекетіне көрсетілген реакциялар сионистер мен АҚШ-тың әлемде оқшауланғанын көрсетеді. Қылмыскер әрі бала өлтіруші сионистік режимнің жетекшілерінен басқа ешбір ел Бейт ул-Мұқаддасты Израильдің ресми астанасы ретінде тану ұсынысын қолдаған жоқ. АҚШ пен сионистік режимнің Еуропадағы ең жақын одақтастары да Дональд Трамптың осы әрекетіне теріс реакция көрсетіп, оны бітім келіссөздерін толығымен сәтсіздікке ұшырату деп атады. Трамптың Бейт ул-Мұқаддасты Израильдің ресми астанасы ретінде тану әрекеті бұл қаланың палестиналықтар мен әлем мұсылмандары арасындағы орнына еш әсер етпегенін және әсер етпейтінін айта кету керек. Осы бағдарламада Бейт ул-Мұқаддас пен оның қасиетті жерлерінің шарықтаулары мен құлдырауларға толы тарихына шолу жасаймыз.
Бейт ул-Мұқаддас туралы қолда бар деректер бұл қаланың барлық қасиетті мекендерімен сионистер тигізген барлық зардаптарына қарамастан басқыншылықтан құтылатынын көрсетеді. Бейт-ул-Мұқаддас илаһи үш дін: ислам, мәсихи және яһуди діндерінің шыққан жері болғандықтан, осы илаһи діндерді ұстанатын халықтардың арасында ерекше орынға ие. Тарихы бірнеше мыңжылдық бұрын басталатын бұл қала көне тарихын бастан өткергеннен кейін өзінің биік жартастары сияқты тарихтың төрінде жарқырай бастады. Бейт ул-Мұқаддас қаласының атауы әрдайым қасиетті деген сипатпен қатар жүреді. Бұл көне қала ең басынан бейбітшілік пен амандық қаласы деп аталған. Құдс илаһи елшілер мекендеген жер болды. Онда сақталып қалған тарихи ғимараттар осы қаланың барлық илаһи діндер үшін тарихи құндылығын аңғартады. Бейт ул-Мұқаддаста сақталған тарихи шіркеулер мен мешіттер, соның ішінде, Қиямет шіркеуі мен әл-Ақса мешіті Құдс қаласының теңдессіз тарихын айғақтайтын айқын дәлел болып табылады. Бейт ул-Мұқаддас сонымен қатар мұсылмандардың алғашқы құбыласы болған. Мұсылмандар илаһи бұйрықпен пайғамбар (с.ғ.с.) қоныс аударғаннан кейін бір жылға жуық Бейт ул-Мұқаддасқа қарап намаз оқыған.
Құдс – мұсылмандар үшін ерекше маңызды мекендердің бірі. Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) миғражы да тарихи әл-Ақса мешітінің "Пырақ қабырғасының" (яһудилер оны "Жылау қабырғасы" деп атайды) қасынан орын алған болатын. Миғраж – соңғы пайғамбар Алланың елшісі хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) мұғжизаларының бірі. Миғраж – тарих бойындағы ең қасиетті сапар: жолаушысы –хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.); түсетін жері – әл-Харам мешіті; өтетін жері – әл-Ақса мешіті; қонақ иесі – Алла; мақсаты – илаһибелгілерді көру; әкелген сыйы – аспандардың хабарлары, адамзаттың түсінігін материалдық дүниеден жоғары көтеру. Әл-Ақса мешіті мен пайғамбардың миғражы туралы Құранның Исра сүресінің бірінші аятында келтірілген: "Құлын (Мұхаммед Ғ.С. ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла, әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз, Ол – естуші, білуші. (Мұхаммед Ғ.С. бір түні Жебірейіл Ғ.С. арқылы Бұраққа мінгізіліп, Месжід Харамнан Месжід Ақсаға апарылып, ол арадан көкке шығарылып, бір демде адам баласының өлшеулі сезімінен тыс дәрежеге ие болып қайтқан “Миғраж” уақиғасы."
Рауаяаттарға сәйкес, пайғамбар қоныс аударғанға дейін бір жыл бұрын әл-Харам мешітінде мағриб намазын оқығаннан кейін Алла елшісі әл-Ақса мешіті арқылы пырақтың көмегімен аспандарға ұшқан. Қайтып келгеннен кейін әл-Харам мешітінде таң намазын оқыған. Пайғамбардың миғражы ұйқы кезінде немесе ессіз күйде емес, физикалық түрде орын алды. Оның қағидасы Ислам дінінің қажеттіліктерінің бірі әрі барлық ислам мазхабтарының бірлігінің тақырыбы саналады. Жаратушы хазірет Адамды аспаннан жерге түсірді. Бірақ хазірет Пайғамбарды (с.ғ.с.) жерден аспанға көтерді. Пайғамбар сол түні аспандардың ғажайыптарын көріп, пайғамбарлармен кездесті. Осы сапарында хазірет киелі хадистерді білді. Осы сапарда Алланың соңғы елшісі жұмақ пен тозақты көріп, жұмақтағылардың нығметтері мен тозақтағылардың азаптарын көзімен көрді. Кейбір рауаяттарда әл-Харам және Нәби мешіттерінен кейін әл-Ақса мешіті ерекше бағаланады. Бұл мешіттің негізін хазірет Дәуіт қалап, одан кейін перзенті хазірет Сүлеймен аяқтады. Одан кейін тарих бойында бірнеше рет жаңартылды. Әл-Ақса мешіті бір қатты жер сілкінісінде қирады. Милади жыл санағы бойынша 585 жылы (қамари жыл санағы бойынша 583 жылы) Салахаддин Аюбидің бұйрығымен қайта қалпына келтірілді. Хижри жыл санағы бойынша 9-шы ғасырда мешіттің тағы бір бөлігі салынды. Мәсихилердің жорықтары кезінде олар осы мешітте тұрақтады. Тіпті, бұл жердің олардың қару-жарақ қоймасы болғанын көрсететін дәлелдер де бар. Екінші халифаның көзі тірісінде хижри жыл санағы бойынша 15-ші жылы Құдс қаласы мұсылмандардың қарамағына көшіп, Құдс қаласы ретіндегітарихын бастады.