Иран және халықаралық ұйымдар 2
https://itolqyn.com/radio/world-i11830-Иран_және_халықаралық_ұйымдар_2
Бүгінгі әлем мен халықаралық байланыстардың іргелі өзгерістер үдерісіндегі саяси, экономикалық және мәдени мәселелер мемлекеттердің бір-бірімен әрекеттестікке ие болуын қажет етеді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 27, 2016 17:36 Asia/Almaty
  • Иран және халықаралық ұйымдар 2

Бүгінгі әлем мен халықаралық байланыстардың іргелі өзгерістер үдерісіндегі саяси, экономикалық және мәдени мәселелер мемлекеттердің бір-бірімен әрекеттестікке ие болуын қажет етеді.

Әрекеттестік көбінесе халықаралық ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Себебі бұл ұйымдар шын мәнінде халықаралық пікірлестік пен серіктестіктің орталығы саналады. Халықаралық ұйымдарға қосылудың маңызы мен қажеттілігі олардың әрқайсының пікір алмасу мен пікірлестіктің ошағы саналуымен қатар, жеке түрде өздері атқара алмайтын мүше елдердің қажеттіліктерінің бір бөлімін қанағаттандырып, олардың қиындықтарының бір бөлігін шеше алуымен түсіндіріледі.  

Халықаралық ұйымдар мемлекеттер арасындағы байланыстардағы заманауи кезеңнің құбылысы саналады. Мемлекеттер әдетте өздерінің билігі мен егемендігінің бір бөлігін халықаралық ұйымдарға тапсырудан сақтанғанымен, оларға көзжұмбайлық танытпайды, сол ұйымдарға қатысудың артықшылығына немқұрайды қала алмайды. Бұл үдеріс бүгінгі әлемде халықаралық ұйымдарға мүшелік пен сол ұйымдарда белсенділік таныту үкіметтердің ықпалдығы мен заңдылығы саналатындай, үкіметтер үшін таңдау варианты болудан бұрын халықаралық байланыстардағы бір қажеттілік есептелетін жағдайға жетті

Бүгінде халықаралық ұйымдар идеясы һәм сөзде, һәм істе көбірек маңызға ие болып барады.

Үкіметтер өзінің тәуелсіз билігін халықаралық ұйымдарға мойынсұндырмағанымен өздерін соларға қатысты міндеттерді орындауға мәжбүр санайды. Тіпті тәуелсіздікке жаңадан қол жеткізген үкіметтер де ең алдымен халықаралық ұйымдарға, соның ішінде БҰҰ-на қабылдануға деген өздерінің ықыластарын көрсетті. Сонымен қатар қатты алауыздықтар мен түрлі көзқарастардың болуына қарамастан үлкен алпауыт елдердің де осы ұйымдардан шығуға ықылас танытпайдынқтары байқалады. Себебі бүгінде барлық үкіметтер халықаралық ұйымдарды өздерінің пікірлерін айтып, бір-бірімен байланыс орнататын маңызды мекен және өздерінің қажеттіліктерін шешу үшін құрал санайды.

Бірақ Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған халықаралық ұйымдардың негізгі мақсаттарының бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату болғанына назар аударған жөн. Осы кезеңдегі халықаралық ұйымдардың көптеген кикілжіңдерді шешу үшін жасаған істері маңызды болды.

Себебі бұл ұйымдардың көбісі халықаралық ұйымдар ретінде ықпалды рөл атқаратын әлеует пен заңдылыққа ие.  

Сол себепті бейбітшілік тақырыбын осы ұйымдардың құрылуындағы негізгі фактор деп атау керек. Бірақ бүгінде әлемдік үлкен қауымдастықта халықаралық ұйымдар бейбітшілікті сақтау, қарусыздандыру, қару-жарақты бақылау сынды үкіметтердің істерінде белсенділік танытуымен қатар техникалық, сауда, өнеркәсіп, қоршаған орта және халықаралық қоғамды басқару салаларында да маңызды рөлге ие.

Халықаралық ұйымдардың түрлері көп. Халықаралық маңызды ұйымдардың ең маңыздылары шын мәнінде толығымен әртүрлі ұйымдардың екі түрін қамтиды: бірінші түріне ұлттық үкіметтер құрып, басқаратын халықаралық үкіметтік ұйымдар жатады. Үкіметаралық халықаралық ұйымдардың ең танымалы – БҰҰ. Екінші түріне үкіметтік емес халықаралық ұйымдар жатады. Ұлттық үкіметтер оны құру мен басқаруда тікелей рөлге ие емес. Үкіметтік емес халықаралық ұйымдардың қатарында Қызыл крест, Адам құқығын қорғау ұйымы сынды тағы да басқа мыңдаған ұйымды атауға болады.    

Халықаралық ұйымдар, мейлі үкіметтік немесе үкіметтік емес болсын, жұмыс істеу саласы бойынша БҰҰ сынды әлемдік немесе Еуропа Одағы сынды аймақтық бола алады. Бүгін сарапшылар үкіметтік халықаралық ұйымдардың санына қатысты 300-400 деген санды ұсынып отыр. Бірақ үкіметтік емес халықаралық ұйымдардың саны туралы нақты статистика жоқ. 1995 жылы БҰҰ тарапынан дайындалған әлемдік билік туралы есеп онда шамамен 29000-ға жуық халықаралық үкіметтік емес ұйымның бар екендігін көрсетті. Бірақ бұл санның қазір үкіметтік халықаралық ұйымдардан он есе көп екендігі және Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін олардың санының әрдайым артып отырғаны анық.

Осы ұйымдардың әрқайсы мүше елдер өкілдерінің консенсусымен қалыптасқан әртүрлі механизмдерге ие. Бұл механизмдер көп жақты келіссөздер сынды дипломатиялық қалыпты үдерістердің жанында осы тектес ұйымдардың жұмысының негізгі діңгектері.  

Олардың әрқайсы әдетте шешімдерді қадағалап, оны жүзеге асыру мақсатындағы әртүрлі елдердің азаматтарынан құралған хатшылыққа ие. Бірақ Қосылмау қозғалысы сынды кейбір ұйымдар хатшылықтары мен Жарғылары болмауының нәтижесінде өзінің көбірек иілгіштігі мен өзіне мүше елдер арасындағы қақтығыстар үдерісін тезірек шешуге негіз дайындады.

Осылайша халықаралық ұйымдардың әрқайсы заң бойынша өзіне мүше елдердің ортақ мүдделері мен ұстанымдарын ілгерілету үшін талпыныс жасауы керек деп айтуға болады. Әрбір үкімет өзінің мүддесін қамтамасыз етіп, әлемдік қауымдастықта рөл атқаруы үшін талпыныс жасайтындықтан осы ұйымдар мен органдарда құзырға ие болуды қажет етеді.

Алайда соңғы он жылдықтарда осы тектес ұйымдардың шешімдері мен шараларының ішкі және сыртқы қысымдардың ықпалында болғанын мойындау керек. Кейде жалпы мүдденің де  назарға алынбауымен қатар, қабылданған шешімдер кейбір мүше елдердің үкіметтерінің қысымымен жасалды. 

Мәселен, жақында БҰҰ мен адам құқығын бақылаушы ұйымның зерттеулері Йемендегі әскери емес адамдардың, әсіресе балаларды өлтіру мен адам құқығын бұзудың көп жайттарына Сауд Арабиясы жетекшілігіндегі коалицияның жауапты болғанын көрсетті.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Арабстанның қысымымен осы елдің атауын балалардың құқығын бұзушылардың тізімінен шығарды.

Адам құқығын бақылаушы ұйым мамандарының бірі Балғис Вили осы мәселеге наразылық білдіріп: «Арабстанды балалардың құқығын бұзушы елдердің тізімінен шығару есеңгіретерлік шара болды. Бұл оқиға БҰҰ-ның жұмысына күмән тудырады» деп сөзінің жалғасында саудиялықтардың БҰҰ-на қаржылай көмек саласында қоқан-лоққы жасауына сілтеме жасап: «Бұл – үкіметтің ақшаны БҰҰ-н бопсалау құралы ретінде пайдалануының айқын үлгісі. Өкінішке орай, БҰҰ да қысымға мойынсұнды» деді.

Осындай жайттарға байланысты халықаралық ұйымдар мен келісімдердің екі қырға ие семсер сынды әрекет ететіндігін түсінуге болады. Олардың қаулылары һәм әлемде тәртіп қалыптастыру мен билікке ие елдердің монополия талап етушілігі алдында барлық елдерге бірдей қолдау көрсетуде үміт болып, һәм кейбір авторитарлық, бейберекет орнатуды қалайтын үкіметтердің ұлттар қоғамының құқығын бұзуы үшін қолындағы сылтау бола алады.  

Бірақ бұл тақырып осы уақытқа дейін әлемдік қауымдастықтың әлемдік даму мен консенсус жаққа қарай әрекет етуіне тосқауыл бола алған жоқ. Бұл ұйымдар өздерінің тәуелсіздігін сақтап, өз биліктерін басқа елдермен бөлісуден тартынатын елдердің қолындағы құралға айналмайды деген үміт әлі өшкен жоқ.  

Соңғы жылдары БҰҰ-ғы осындай үдерістің орын алып отырғаны туралы шағым айтатын елдердің бірі ИИР болып отыр. ИИР жағырапиялық жағдайы мен дикурсы және өзінің ұлттық мүддесіне байланысты ислам революциясының жеңісінен кейінгі жылдары халықаралық ұйымдарға мүшелікке өтуге және сол ұйымдармен бірлесіп қадам жасауға ықылас танытты.

 

Бұл елдің саясаты көбінесе интеграция мен халықаралық ұйымдармен серіктестік жасауға негізделгенімен, ИИР әлемдік үстемшіл мемлекеттермен қарсыласуына байланысты көп жағдайда осы ұйымдар тарапынан әртүрлі әрі екіұшты ұстанымдармен кездесті. Мысал ретінде халықаралық ұйымдардың ядролық іс-қағаз бен адам құқығы тақырыбына қатысты ұстанымдары мен  халықаралық ұйымдардағы екіұшты стандарттардың болуы Ираның зиялы қауымының ойында «Иран әрдайым осы ұйымдардың дискриминациясына ұшырап келеді» деген сенімнің қалыптасуына себеп болды.

Осы тақырыпты қарастыру мақсатында бұдан былай назарларыңызға ұсынатын бағдарламалар жинағында халықаралық ұйымдарды таныстырумен қатар осы ұйымдарға қатысты ИИР-ның саясаты мен олардың Иранмен өзара қатынасын қарастыратын боламыз.