Лаңкестік – әлемдік қатер 2
(last modified Sun, 04 Sep 2016 11:24:14 GMT )
Қыр 04, 2016 17:24 Asia/Almaty
  • Лаңкестік – әлемдік қатер 2

Иран халқы лаңкестіктің негізгі құрбандарының бірі. Иран халқы қалайша лаңкестіктің құрбаны болды? Иранға қарсы лаңкестікті кімдер қолдайды?

8-ші шаһривар (30-шы тамыз) Иранның күнтізбесінде «Монафеқин» лаңкестік тобының жүздеген қылмыстарының біреуін еске алатын күн болып белгіленген.

Осыдан 35 жыл бұрын «Монафеқин» лаңкестік тобы Иран Премьер-министрінің кеңсесінде бомба жарып, бұл елдің сол кездегі Президенті Раджаи мен Премьер-министрі Бахонарды шәһид етті. Бұл «Монафеқин» лаңкестік тобының Ирандағы бірінші және соңғы қылмысы болмады, бірақ Иран халқының лаңкестіпен күресінің маңызды оқиғасы болды. Осылайша Иранның күнтізбесінде «Лаңкестікпен күрес күні» деп аталған күн тіркелді. Бұл күн Иранның лаңкестікті тамырымен құртудағы жігерін көрсетеді. Ислам революциясы жеңіске жеткен алғашқы жылдардан бері «Монафеқин» лаңкестік тобы қарулы әрекеттерді пайдаланып, Ислам республикасы жүйесіне қарсы шықты. Бұл топ 1980-шы жылдары бірінен соң бірі жасалған бірнеше лаңкестік әрекеті және бомба жарылыстарымен Иранның көптеген қайраткерлері мен қарапайым халқын қаза етті. Лаңкестіктің құрбаны болған 17 мыңнан астам  Иран халқына қарсы лаңкестікті қолдаушылардың ащы оқиғалары мен зұлымдықтарын еске салады. Осы кезде Сауд Арабиясының режимі сынды режимдер лаңкестік топтарды қолдайтындықтарын жасырмай, әшкере түрде оларды қолдауды өздерінің сыртқы саясаттарының бір бөлігі ретінде жариялады. Сауд Арабиясының Барлау ұйымының бұрынғы басшысы, Арабстан мен Құдсты басып алушы режимнің жасырын қарым-қатынастарының жобалаушысы Торки әл-Фейсал таяуда Парижде «Монафеқин» лаңкестік тобының отырысына қатысып, саяси іс-қимыл жасап, аталмыш топты марапаттап, оны толық қолдайтынын қуаттады. Рияд осы уақытқа дейін «Монафеқин» лаңкестік тобына қаржылай көмек көрсетті. Бұл көмектер өткен екі жылда 800 пайыздан астам мөлшерге артып, биыл Рияд тіпті Парижде «Монафеқин» ұйымының отырысын өткізудің қаржысын өз мойнына алды. Торки әл-Фейсал  өзі аталмыш отырысқа қатысып, Сауд режимінің бұл топпен екенін жариялады. Рияд сұрақ тудыратын бұл әрекетімен  аймақ пен әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне қатер төндіруімен бірге Саддамның жолын қуып отыр. Сондықтан бұл режим де Саддамның тағдырын қайталайтын болар. Сауд Арабиясының экстремистік шейхтерінің «Монафеқин» лаңкестік тобын әшкере қолдауы Риядтың экстремистік топтардың қолдаушысы және олардан айырмашылығы жоқ, яғни Рияд режимінің болмысы «Монафеқин»  немесе ДАИШ тобына ұқсас деген жолдауды жеткізеді. Осыдан бірнеше ай бұрын Францияның Ницца қаласындағы ДАИШ-тың қорқынышты лаңкестік әрекеті және «Монафеқин» лаңкестік тобының оны растауы шын мәнінде ортақ нүктеге ие. Бұл ортақ нүкте – Сауд Арабиясы. ДАИШ Ирактың Мосул қаласын жаулап алған кезде «Монафеқин» лаңкестік ұйымының сайты: «Мосул революцияшылдардың қолына түсті»- деп жазды. «Монафеқин» лаңкестік тобының аты аймақта АҚШ мүддесіне қарсы лаңкестік әрекет жасаған кезде лаңкестік тобының тізіміне тіркелді. Бірақ  бұл топ АҚШ-ның мақсаттарына қызмет етіп,  Иранға қарсы әрекет жасағанда  АҚШ оның атын лаңкестік топтарының тізімінен шығарды. Расында  бұл топтың әрекеттері лаңкестік әрекеттер болып табылады. Аталмыш топтың қолы тек ирандықтардың ғана емес, соынмен қатар 1991-ші жылдағы Ирактың  оңтүстігіндегі қатыгез басып-жаншуларда Ирак халқының қанына да малынды. 1979-шы жылы Ислам революциясы жеңіске жеткен соң «Монафеқин» лаңкестік тобы Иранның  17 000-нан астам азаматы мен жоғары лауазымды қайраткерлеріне қарсы лаңкестік әрекет жасады. Саддамның Иранға қарсы әскери шабуылында Саддамның арнайы әскері ретінде өз елінің жерлеріне шабуыл жасап, өз отандастарын қырып, Иран халқының жиіркенішіне тап болды. 1994-ші жылдың қазанында The Wall Street Journal газеті АҚШ-тың алдағы президенттік сайлауының үміткері Хиллари Клинтонның сөзінен: «Саддам моджахединдерге өз әскерінен артық сенім артты»,- деп жазды. Өткен жылдары бұл топ Иранның ядролық ғылыммен айналысатын кейбір ғалымдарына террор жасады. АҚШ-тың NBC арнасы 2012-ші жылы Израильдің бұл топтың Иранның атом саласындағы ғалымдарын террор жасауға дайындағанын әшкере етті. АҚШ алдап, лаңкестікпен күресудің орнына  бұл құбылысты қолдайтынын жасырғысы келеді. Егер «Монафеқин» лаңкестік тобы өзінің әрекеттерін Батыстың критерийлеріне сай ақтап, АҚШ оның атын лаңкестік топтар тізімінен алып тастамағанда, мүмкін қазір осы кезде лаңкестік сондай арсыз түрде сахнаға шықпайтын еді. Аймақтың осы кездегі жағдайы Ислам революциясы жеңісінің алғашқы кезіндегі Иранда қолданылған, бірақ негізгі мақсаттарына жетпей, сәтсіздікке ұшыраған сценарийлердің қайталануы. Бүгін дәл сол сценарий кең ауқымдырық, яғни аймақтың бір емес, бірнеше мемлекетінде іске асырылуда. Ислам революциясының алғашқы жылдарында лаңкестік топтар «Монафеқин» және кейбір басқа экстремистік топтар арқылы Иранның шығыс, оңтүстік  шекараларымен, тіпті Теһранда әрекеттер жасады. Көптеген деректер АҚШ-тың сан рет ұйымдастырылған лаңкестікті ИИР-на қарсы саяси және қысым көрсететін құрал ретінде пайдаланғанын көрсетті. Осы күні де лаңкестікті қолдаушылар лаңкестер мен экстремистерді  Иранның ішіне енгізіп, лаңкестік әрекеттерді іске асырғылары келеді.  АҚШ, Франция және Ұлыбритания сынды мемлекеттер «Монафеқин» лаңкестік тобына екіжүзді ұстаным білдіреді. Олардың аймақтағы одақтастары, атап айтқанда Сауд Арабиясы осы топты қолдап, геополитикалық мүдделерін қорғап қалу үшін лаңкестік топтарды «жақсы» және «жаман» деп бөліп отыр. Негізінде олардың мұндай іс-әрекеттері әлемдік қауіпсіздікті қатерге тіреуде. Ұлыбритания Парламенті жуырда Парсы шығанағы аймағындағы араб үкіметтерінің кейбір лаңкестік топтарды қаржымен қамтамасыз ететінін растады. Франциядағы Ницца мен Шарли Эбдо оқиғалары сынды ащы оқиғаларға назар аударып, әлемдік қауымдастық лаңкестік топтардың қоқан-лоққыларының әлемдік құбылыс және бірнеше елдің шекарасынан кең ауқымдырақ екенін түсінгені жөн. Сондықтан әлемдік қоғамдастық әлемдік қауіпсіздікке қауіп-қатер тудырып отырған лаңкестіктің тамырын құрту үшін онымен бар күшімен және жан-жақты күресуі керек. Басқаша айтқанда, мыңдаған адамның өліміне соқтырған Ницца, Бағдат немесе Америкадағы лаңкестік оқиғаға және мыңдаған ирандықтың «Монафеқин»  тобының қолынан қырылуына бірдей назар аудару қажет. Шын мәнінде бұл қылмыстардың орындаушылары мен олардың идеологиялық, қаржылай және қару-жарақ тұрғысынан қолдаушылары бір пазылдың бөлшектері, оларға қарсы шығу керек. Әлемдік лаңкестіктің қоқан-лоққы мәселесі бір уақытта іске асырылатын  шынайы шараларсыз шешілмейді. Сондықтан лаңкестіктің алдын алатын әрекеттермен бірге «Монафеқин»  тобынан бастап ДАИШ-ке дейін қолдап көмектесетіндермен қарсы  шығу қажет. Өткен жылдардағы оқиғалар лаңкестік, экстремизм және әлімжеттіктің шегі мен шекарасының жоқ екенін көрсетті. Сондықтан лаңкестіктің тамырын халықаралық деңгейдегі шынайы жігермен жоюға болады. Лаңкестікпен күресу жолдарының бірі оның түп-тамырларын анықтауда. Осыдан  34 жыл бұрын Иранда әлімжеттіктің тұқымын сепкендер осы кезде өздері лаңкестік пен әлімжеттікке шырмалды. Сондықтан Батыс өзі мен өзгені алдап, лаңкестіктің шынайы тамырларын анықтаудан алыстауда. Бұл лаңкестікпен күрес саласындағы Батыстың үлкен қатесі болды.