Дем ала алмаймын (1)
(last modified Thu, 18 Jun 2020 11:26:48 GMT )
Маусым 18, 2020 17:26 Asia/Almaty
  • Дем ала алмаймын (1)

Джордж Флойдтың өліміне байланысты Батыстағы нәсілшілдік пен түрлі нәсілділердің тақырыбына арналған бірнеше бағдарламаны ұсынамыз.

 

 

Тізе мойынға қойылды, қысым жасалды, дем алу қиындады, тыныс тоқтады...

Бұл оқиға қысқа болғанымен, Флойдтың өмірі  үзілді. Алайда оқиға аяқталмады. Бұл оқиғаны естіп, видеоларды көргендердің көбінің тынысы тарылды. Америкалық қара нәсілді Джордж Флойдтың мойны полицияның тізесінің қысымының астында қалып, өлім жақындаған кезде анасын шақырды. Бірақ оның жанайқайын басқа көптеген адам естіп, оның үмітсіздігі басқалардың жанын жаралады. Оның үні өшуі көптеген дауыстың шығуына  себеп болды. Бұл дауыстар зұлымдыққа жиіркеніш білдіреді.

Зұлымдық дастаны – адамзаттың ең ұзақ дастаны. Бірақ  бұл қайталанатын дастан еш уақытта адамның болмысына сай емес. Залымдардың өздері зорлық-зомбылыққа төзе алмайды.  Адамзатпен бірге осы кезге дейін жеткен зорлық-зомбылық еш уақытта түрлі-түсті, әсіресе қара нәсілділерден алыс болмады. Джордж Флойд Атлант мұхитының батысындағы АҚШ-тың Миннеаполис қаласының көшесінде өлгенімен, бұл зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық даусы аталмыш мұхиттың шығысындағы Британия қалаларының көшелерінде дүрбелең тудырды.

Өз дамуын «ақ нәсілділерді артық» деген негізге сүйеген қоғамнан не күтуге болады?

Батыстағы өнеркәсіптік революцияны қалыптастырып, Еуропа мен АҚШ-тың дамуына әкелген капиталды жинақтау – еңбек ресурстары тұрғысынан құлдыққа, материалдық және қаржы тұрғыларынан отаршылыққа,  басқаша айтқанда, түрлі-түстілердің жерлерін тонауға сүйенді.

 

Негізінде Джордж Флойдтың атымен байланыстырылған «Тыныстай алмаймын»  деген сөйлем құлдық кезеңінде еуропалық ақ нәсілділердің кемелерінің ауасы ауыр қоймаларында тыныс алуы қиындаған бірнеше миллион қара нәсілділердің даусы болып табылады. Олар тауар сынды бір-бірінің қасында жиналып, ауа жетпей, құлдарды тасымалдаған кемелердің қоймаларының ішінде өліп, мың-мыңдап, Атлант мұхиты мен Жерорта теңізінің суларына тасталды.    

АҚШ полициясына «сэр» деп сөйлеген Джордж Флойдтың даусы – ондаған жылдар бойы АҚШ жерлерінде жұмыс істеп, соққыға жығылған, бірақ рақымсыз иелерін «сэр» деп атаған мыңдаған қара нәсілді құлдардың даусы. Флойдтың өлімі ескі жаралардың аузын ашып, Батыс қоғамдарындағы зорлық-зомбылықты қайтадан қоғамдық ой-пікірдің ортасына салды. Құлдық кезеңі мен олардың өмірі адамзат тарихының ең ауыр кезеңдерінің бірі болған шығар, бірақ ол аяқталған жоқ, әлі жалғасуда.

Америкалықтар құлдықты жойған құжатты ел  Конституция сынды құрметтеп, мақтан тұтады. Бірақ ақ нәсілділердің өздерін артық санауы бұл құжатпен жойылмады. Америкалықтардың көбі бұл елдің Конгресінен  Ку-клукс-клан (Ku Klux Klan) тобын лаңкестік топ деп жариялауды сұраған бірқатар азаматты мақтан тұтатын болар. Бірақ бұл АҚШ-та осы кезге дейін құлдық дәуірінде қара нәсілділерді қудалап, азап көрсетіп, жабайы түрде өлтірген және әлі де өлтіретін топқа қарсы ешбір заңның қабылданбағанын көрсетеді. Негізінде АҚШ заңы – қоғамдық лаңкестіктің көрінісі. Бұл елде нәсілшіл ой-пікірге ие топқа қатаң шара қолданбайды. Ку-клукс-клан тобының қара нәсілділерге қарсы шабуылы күнделікті хабар болмағанымен, түрлі түстілерге қарсы қатыгездіктер соның ішінде полицияның қара нәсілділерге қарсы зорлық-зомбылығы АҚШ-тың күн сайынғы хабарларына айналды. 

 

 

Ку-клукс-клан тобының ешбір сот шешімінсіз қара нәсілдіні өлтірер алдындағы көрініс

Қара нәсілдінің полиция қолынан өлгені туралы хабардан кейінгі кейбір наразылықтар АҚШ-тағы түрлі нәсілділерге қарсы зорлық-зомбылықтардың одан сайын кеңейіп, күшейіп келе жатқанын көрсетеді.  Бұл наразылықтардың «Қара нәсілділердің өмірі құнды» және «Мен дем ала алмаймын» деген ұрандармен қайталануы түрлі нәсілділерге қарсы зұлымдықтың Батыс қоғамындағы қоғамдық пікірдің төзімділігінен жоғары екенін көрсетті. Флойд Миннеаполис қаласының көшесінде өмірінің соңғы сәттерінде оның өлімінің Батыстың көптеген атаулы адамдарының есімдерін тарихтан шығарып, қоғамдық пікір сотында айыпталатыны туралы ойламады. АҚШ пен Еуропа көшелеріне «Мен дем ала алмаймын» деп жазылған плакаттармен шыққан наразылар басшларды ғана емес, есімдері құлдықпен, яғни нәсілшілдіктің төзуге болмайтын түрінің біріне байланысты Батыс тарихының саяси және экономикалық салаларындағы адамдарды да дағдарысқа тіреді. АҚШ пен Еуропадағы құлатылып, теңізге тасталып немесе қызылға боялып жатқан ескерткіштер тек ақ нәсілділердің артықшылығын көрсететін өркениеттің мақтаныштары. Бүгін түрлі нәсілділер ғана емес, азат ақ нәсілділер де бұл ескерткіштердің қасында суретке түспейді. Бірақ олардың теңізге құлатылуын видеоға түсіреді.

 

Батыс қоғамындағы екіжүзділік, яғни адамның дамуы туралы уәждер бір жағынан, толеранттылық пен практикалық төзімділік екінші жағынан жаңа кезеңге енді. Бұл кезеңде бүгін ғана емес, кеше де батыс қоғамдары қоғамдық пікір сотында жауапкершілікке тартылды. АҚШ енді ел тарихының сегіз жылдық кезеңінің бірінде қара нәсілдінің президент болуына сүйеніп, қара нәсілділердің күн сайын бетпе-бет келіп отырған зорлық-зомбылығын жасыра алмайды.