Pars Today
ИИР Президенті америкалықтардың Ауғанстанда болуы соғыс, қантөгіс және сәтсіздіктен басқа ештеңеге қол жеткізбегенін қуаттады.
ИИР Президенті дұшпандардың лаңкестікке қолдау көрсету және халықты қолдаймыз деген екіжүзді әрекеттеріне тоқталып: «Дұшпанның ақпарат империясы сахналау және өтірік айту арқылы фактілерді бұрмалайды»,- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары Жол және қала құрылысы министрі болуға ұсынылған үміткер Мехрдад Базрпашқа сенім дауысын берді.
Иран Президенті Студенттер күнін студенттердің дұшпанды танып, оған қарсы күресуі және қырағылық танытып, жауапкершілік сезінуінің символы деп атады.
ИИР Президенті Иран Ислам Республикасы Конституциясының тығырыққа тірелмейтініне тоқталып: «Конституция Республика мен Исламға, Ислам революциясының дамуы мен іске асуына кепілдік береді»,- деді.
Иран Президенті Күрдістанда бүліктен қаза тапқандардың жанұяларымен кездесіп: "Бүлік пен бейберекеттік кезінде кісі өлтіріп, бейбіт халық пен қауіпсіздік күштерін жаралаған адамдар әділетті жазасын алуы тиіс",-деді.
Санандаджға іссапармен барған Иран Президенті Ибрахим Раиси кеше кешке осы қаланың негізгі базарын аралады. Базаршылар Президентті кәмпит беріп күтіп алды.
Иран Президенті: "Америкалықтар Иран халқының жүрегінен орын алмағанын және орын алмайтынын білсін, өйткені ирандықтарда жанпидалық пен қарсыласу мәдениеті кең таралған",-деді.
Иран Ислам Республикасының Президенті Теһрандағы Саадабад тарихи-мәдени кешенінде Ирак Премьер-министрін ресми түрде қарсы алды.
Иран Президенті Макран жағалауының теңіз саудасындағы маңызына тоқталып: "Бұл өңір еліміздің стратегиялық аймағына айнала алады",-деді.