-
Иравани: Иран Ауғанстанда бейбітшілікті нығайтуға қатысты міндеттемесіне берік
Жел 21, 2023 20:56БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі: "Иран Ауғанстанда тұрақты бейбітшілікті нығайту үшін көршілес елдер, тиісті серіктестер және БҰҰ-мен тығыз ынтымақтастық жасауға қатысты міндеттемесіне берік",-деді.
-
Иран мен Оңтүстік Африка Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Жел 21, 2023 20:33Иран Сыртқы істер министрі Амир Абдуллахиан мен Оңтүстік Африка Сыртқы істер министрі Наледи Пандор телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты және аймақтық мәселелер, соның ішінде Палестина мен Газадағы өзгерістерді талқылады.
-
Раиси халықаралық ұйымдардың сионистік режимнің қылмыстарын тоқтатуда тиімсіз болып отырғанын сынады
Жел 21, 2023 15:16Иран Президенті Пәкістанның Президентімен телефон арқылы сұхбатында халықаралық ұйымдардың сионистік режимнің қылмыстарын тоқтатуда тиімсіз болып отырғанын сынады.
-
Раиси Иран мен Армения қарым-қатынасының кеңейіп, өзара келісімдердің орындалып жатқанына ризалық білдірді
Жел 21, 2023 15:02Ибрахим Раиси сәрсенбі күні кешке Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесіп, келе жатқан Иса пайғамбардың (ғ.) туған күні және Жаңа жылмен құттықтап, екі ел қарым-қатынасының кеңейіп, өзара келісімдер орындалып жатқанына ризалық білдірді.
-
Раиси Иран мен Кувейттің қарым-қатынас деңгейі жоғарылайтынына үміт білдірді
Жел 21, 2023 14:45Иран Президенті сәрсенбі күні кешке Кувейттің әмірімен телефон арқылы сөйлесіп, осы елдегі жаңа билеушінің кезінде екі еклдің қарым-қатынасы одан ары дами түсетініне үміт білдірді.
-
Амир Абдуллахиан: Сионистік режимнің үздіксіз қылмыстары ДАИШ-тен асып түсті
Жел 18, 2023 18:33Иран Сыртқы істер министрі сионистік режимнің үздіксіз қылмыстарын ДАИШ-тен де ауыр деп атап, мұны масқара жеңілістерді өтеу үшін жасап жатқанын айтты.
-
Аббас Әлиабади: Оманмен сауда айналымын жылына 3,5 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр
Жел 18, 2023 16:46Иранның Сауда, кен және өнеркәсіп министрі Аббас Әлиабади: "Бірінші кезекте Оманмен сауда айналымын жылына 3,5 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр. Бірақ зерттеулер көрсеткендей, өзара айналымды оп-оңай 5 млрд долларға жеткізе аламыз",-деді.
-
Амир Абдуллахиан: Иран мен Ирак қарым-қатынасының даму үдерісі екі ел мен аймақтың мүддесіне сай келеді
Жел 15, 2023 19:19Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Ирактың бауырластық қатынасының тереңдігіне тоқталып, екі ел байланысының түрлі салаларда қарқынды дамып жатқанына ризалық білдіріп, бұл қатынасты екі ел мен аймақтың мүддесіне сай деп атады.
-
Иран мен Алжир Парламенттерінің төрағалары Газа секторында сионистердің қылмыстарын тоқтату керегін баса айтты
Жел 15, 2023 16:41Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Палестина халқын қолдауға бағытталған практикалық шешім жолдарын талқылау үшін ислам елдері Парламенттері төрағаларының деңгейінде Палестина тұрақты комитетінің төтенше отырысын ұйымдастыруға дайын екенін хабарлады.
-
Амир Абдуллахиан босқындарға кемсітушілік қатынас болмауы керегін баса айтты
Жел 15, 2023 16:10Иран Сыртқы істер министрі халықаралық ұйымдар мен комиссарияттардың әртүрлі елдердің мигранттары мен босқындарына кемсітушілік қатынас көрсетпеуі керегін баса айтты.