-
АҚШ Газада атысты тоқтату туралы қарарға вето жариялаймын деп тағы да сес көрсетті
Ақп 18, 2024 19:47БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі АҚШ өкілі: "Егер Газада атысты шұғыл түрде тоқтату туралы қарардың қазіргі нұсқасы дауысқа салынса, бекітілмейді",-деді.
-
Amnesty International Метаның антисионистік мазмұнды шектеу туралы жаңа шешімі туралы ескертті
Ақп 10, 2024 21:24Америкалық Meta компаниясы жуырда сионизм сөзі Израиль немесе еврей сөздерін азғындықпен алмастыратынын жариялады. Компания сионизм сөзі бар мазмұнды тексеріп, егер олар Израильге қарсы болса, оларды жоюды жоспарлап отыр.
-
БҰҰ Бас хатшысы: Иран аймақтық өзгерістерде маңызды және сындарлы рөл атқарады
Ақп 09, 2024 19:29БҰҰ Бас хатшысы шиеленістің артуы, Израильдің Газаға қарсы соғысынан кейін аймақтағы қақтығыстардың таралуы және АҚШ-тың Тель-Авивті қолдауына байланысты алаңдаушылықтан кейін Иранның аймақтық оқиғаларда «конструктивті рөлі» бар екенін айтты.
-
Қейс ул-Хазали: Бағдат БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шетелдік күштерді елден шұғыл түрде шығару туралы өтініш беруі тиіс
Ақп 08, 2024 20:34Ирактың "Асаеб Әһл ул-Хақ" қозғалысының бас хатшысы Бағдатта Хашд аш-Шааби ұйымы қолбасшыларының біріне террор жасалғанына реакциясында Ирак үкіметінен АҚШ-тың осы қылмысына кесімді түрде жауап беруді талап етті.
-
Иран бұл елдің қарулы күштеріне қарсы АҚШ-тың негізсіз айыптауларын жоққа шығарды
Ақп 07, 2024 18:12Иранның БҰҰ-дағы елшісі және тұрақты өкілі: «Иран бұл елдің қарулы күштеріне қарсы АҚШ-тың негізсіз айыптауларын үзілді-кесілді жоққа шығарады",- деді.
-
Израиль әскери кемелері Газа секторының солтүстігінде азық-түлік тасымалдайтын көлікті нысанаға алды
Ақп 06, 2024 20:46Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестиналық босқындарға көмек көрсету агенттігінің (UNRWA) хабарлауынша, сионистердің гуманитарлық көмекке тосқауыл қоюы салдарынан Газа секторының әртүрлі аймақтары ашаршылықпен бетпе-бет келіп отыр, бірақ солтүстік аймақтардағы жағдай әлдеқайда нашар. Сионистік режим ашаршылық қаруы арқылы Палестина халқының Газа секторының солтүстігіндегі тұрғылықты жерлеріне оралуына жол бермеуге тырысуда.
-
АҚШ мәселелерді шешуде әскери күшке сүйену арқылы қате әрі сәтсіз қатынасты жалғастырып отыр
Ақп 04, 2024 17:01Иран Сыртқы істер министрі БҰҰ-ның Йемен істері жөніндегі арнайы өкілімен сұхбатында Вашингтонның әскери қатынасын, АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге қарсы әскери шабуылдарын жағдайды күрделендіретін фактор деп атап: "Бұл әрекеттер саяси шешім жолдарын тығырыққа тіреді",-деді.
-
Блинкен: UNWRA-ға қарсы айыптаулар тексеріледі
Ақп 01, 2024 17:00АҚШ Мемлекеттік хатшысы UNWRA-ның палестиналық босқындарға көмектесіп жатқан 12 қызметкеріне қарсы айыптаулардың тексерілуін талап етті.
-
БҰҰ-дағы Иран өкілі: Иранның Иорданиядағы шабуылдарға еш қатысы жоқ
Қаң 29, 2024 16:08БҰҰ-дағы Иран өкілі The Wall Street газетіне берген сұхбатында: "Иранның Иорданиядағы шабуылдарға еш қатысы жоқ",-деді.
-
БҰҰ Бас хатшысы: Гаагадағы Дүниежүзілік соттың шешімдері міндетті
Қаң 27, 2024 16:41Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Газадағы соғысқа байланысты сионистік режимнің Гаага сотының бұйрықтарын орындау қажеттігін қуаттады.