-
Иран: Лейлей шатқалы (168)
Жел 03, 2022 22:41Лейлей шатқалы – Луристанның ең әдемі туристік аудандарының бірі. Шатқал Дуруд ауданы орталығының батысынан 20 км қашықтықта Сейре және Чамнар ауылдары арасында орналасқан. Шатқалда ағып жатқан суы сұп-суық өзеннің жолында әдемі хауызшалар бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Луристанның бұл ауданында шие ағаштары көп өседі. Мұндағы шие басқа шие түрлерінен ұсақ. Жергілікті тұрғындар оны "лейлей" деп атайды. Сол себепті шатқал "Лейлей" деп аталып кеткен.
-
Иран: Әдемі көрініс (6)
Жел 03, 2022 18:31Батыс Әзірбайжанның жасыл табиғаты мен тарихи ескерткіштері бұл облысты туристерді қызықтыратын көрікті жерлердің біріне айналдырды.
-
Иран: Шахзада бағы (167)
Қар 30, 2022 23:05Шахзада бағы (Shazdeh Garden) – Ұлы жібек жолының Керманнан Бамға баратын көне тармағының бойында Қаджарлар заманында ақсүйектерге арналып салынған бақ. Кейін "Шахзада" немесе "Шаздеһ" деген атпен танымал болды.
-
Иран: Йездтің көне үйлері
Қар 28, 2022 20:46Йезд облысы 131575 шаршы метр ауданды алып жатыр. Аудан бойынша елдің төртінші ірі облысы саналатын Йезд Иран үстіртінің орталық бөлігінде Кавир және Лут шөлдеріне жапсарлас орналасқан. Су қоймалары, желтартқыштар, диірмендер, көне үйлер мен көшелер осы облыстың ерекшеліктерінің қатарына жатады.
-
Иран: Джульфа алқабы (166)
Қар 24, 2022 01:33Көктем келіп, жауын-шашын мол жауғанда Иранның солтүстік-батысындағы Джульфа шекаралық аймағында жабайы көкнәр өседі. Бұл гүл парсы әдебиетінде жабайы лалагүл және жабайы көкнәр (Common poppy) деген аттармен танымал.
-
Иранның туристік тартымдылықтары (20)
Қар 22, 2022 23:08Исфахан облысын аралауды жалғастырып, Кашан қаласына сапар шегеміз. Бізбен бірге болыңыздар!
-
Иран: Әдемі көрініс (5)
Қар 16, 2022 16:09Мәңгі жасыл Гилан облысы Иранның солтүстігінде орналасқан. Бұл облыстың орталығы Рашт жаңбырлы қала болғанымен, мыңдаған туристерді өзіне тартатын жағымды да жайлы ауасы бар.
-
Савенің орталық мешіті – ирандық сәулет өнерінің әсем үлгісі
Қар 14, 2022 22:58Діни-тарихи ғимараттардың бірі ретіндегі Савенің орталық мешітінен Ирандағы үш тарихи кезең – исламға дейінгі, исламның алғашқы ғасырлары және Сефевилер заманының белгілерін көруге болады.
-
Мазандеранның қолөнер бұйымдары
Қар 14, 2022 19:59Иранда тарихтың кеңдігіндей жер бар. Бұл бағдарламада Иранның әрбір облысы, ауданы мен ауылынан видео көрсетеміз. Бүгінгі бөлімде Мазандеран облысының қолөнер бұйымдарымен таныстырамыз.
-
Иран: Кептерхана мұнарасы (165)
Қар 12, 2022 22:53Кептерхана мұнарасы Иранның Йезд облысындағы Мейбод қаласында орналасқан. 400 жыл бұрын салынған мұнара кептерлерге қамқорлық жасау және олардың саңғырығын егін шаруашылығында қолдану үшін салынған.