-
Иранның ең әдемі темір жолы
Там 06, 2021 17:06Иранның солтүстігінде Теһран-Сари темір жолы бар. Оны Ирандағы ең әдемі темір жол деп атауға болады.
-
Сеймаре өзені – жартастардың ортасындағы тұмса табиғат
Там 03, 2021 13:54Сеймаре (Seimare) өзені Илам облысында ну орман мен биік жартастарды жарып өтіп ағып жатыр. Бұл маңның табиғаты теңдессіз.
-
Ураман әлемдік мұра тізіміне тіркелді
Шіл 28, 2021 17:02Хураманның мәдени келбеті сайтының директоры Пуйа Талебниа: «Ураман ауданы ісі UNESCO-ның әлемдік мұра комитетінің 44-ші отырысында мүшелердің қолдауына ие болып, әлемдік тіркеуден өтті»,-деді.
-
Гиляндағы күріш алқаптары
Шіл 28, 2021 14:19Гилян облысындағы күріш алқаптарында дәстүрлі және механизацияланған қалыпта күріш жинау науқаны басталды. Науқан 40 күнге созылады.
-
Ясудждағы Таморади шатқалы
Шіл 27, 2021 17:56Таморади шатқалы Ясудж қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан.
-
Иран: Холиндәрре ауылы (124)
Шіл 24, 2021 14:26Холиндәрре ауылы (KHOLIN DARREH) – Гүлістан облысының Катул ауданындағы ең әдемі жайлаулардың бірі. Ауыл Астарабад округінде, Әлиабад Катул ауданының оңтүстік-батысынан 35 км қашықтықта орналасқан. Қазіргі таңда Холиндәрре ауылының тұрғындары өз үйлерін жаздық мекен ретінде қолданады. Тұрғындар басқа ауылдағылар сияқты мал және егін шаруашылығымен және қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысады.
-
Иран: Сустан тоғаны
Шіл 23, 2021 14:19Сустан тоғаны (Soostan Lagoon) – Гилан облысының Лахиджан ауданында орналасқан әдемі тоғандардың бірі.
-
Қори Қалье үңгірі - Иранның батысындағы туристік жер
Шіл 20, 2021 19:0065 миллион жылдық тарихы бар және геологияның екінші кезеңіндегі Қори Калье үңгірі Керманшах облысында орналасқан. 1976 жылы бір топ ағылшын геологтары Қори Қалье үңгірін ашты және үңгірде геологиялық зерттеулер басталды. Қори-Қалье үңгірі 40-60 пайыз ылғалдылыққа ие және оның температурасы 7-11°C. Сүңгілер мен түрлі геологиялық құбылыстарды тамашалауға болатын бұл үңгірде жарғанаттың тышқан жарғанаты деп аталатын сирек кездесетін түрі мен сары саламандра жәнтік өмір сүреді.
-
Мешхедтегі Кухшар - Ирандағы ең үлкен жасанды сарқырама
Шіл 20, 2021 16:43Хорасан Разави облысының орталығы Мешхедте орналасқан биіктігі 192 метрлік Кухшар - Ирандағы ең үлкен жасанды сарқырама. Бұл жасанды сарқыраманың құрамына ұзындығы 252 метр, ені 5 метр және ұзындығы 320 метр болатын өзендер кіреді. Жердің табиғи беткейіне бейімделуіне байланысты ол екі деңгейде, айырымы 2 жарым метр болатындай етіп салынған. Кухшар Мешхедтің оңтүстік биіктігінде орналасқан және оның ауданы 79 гектарды құрайды.
-
Мешхедтің геологиялық мұражай-бағы – геология тарихына саяхат
Шіл 18, 2021 14:46Мешхедтің геологиялық мұражай-бағы – 10 мың шаршы метр ауданда орналасқан Иранның ең ірі геологиялық мұражайы. Ол геофизика, барлау, шахталық туннель және геология бөлімдерінен тұрады. Мұражайда 775 асыл тас, қазба жұмыстары кезінде табылған 550 зат және 800 тас түрі жинастырылған. Tyrannosaurus деп аталатын динозаврдың қаңқасы – осы мұражайдың ең көрнекті экспонаты.