• Шахреза – ұлттық қыш қаласы

    Шахреза – ұлттық қыш қаласы

    Шіл 31, 2019 19:38

    Исфахан облысындағы Шахреза ауданы қыш бұйымдарын жасайтын 30 шеберхана орналасқандықтан елдегі қыш өнімдерін өндіретін орталықтардың бірі саналады. Бұл аудан топырағының 70 пайызы қышқа қажетті балшық жасауға қолайлы. Сол себепті аудан өткен жылы "Ұлттық қыш қаласы" атағын ала алды. Бұл қалада қыштан бұйым жасау кәсібі 700 жыл бұрын Сефевилер заманында басталған.

  • Сұлтание күмбезі – әлемде кірпіштен салынған ең үлкен күмбез

    Сұлтание күмбезі – әлемде кірпіштен салынған ең үлкен күмбез

    Шіл 30, 2019 17:17

    Сұлтание күмбезі Зәнджан облысының Сұлтание қаласында орналасқан. Ол Ильханилер заманындағы Иран сәулет өнерінің теңдессіз ғимараттарының бірі саналады.

  • Қешм аралы

    Қешм аралы

    Шіл 29, 2019 14:04

    Қешм аралы – Иранның әдемі туристік тартымдылықтарының бірі. Арал Хормозган облысында орналасқан.

  • Шахсеван көшпелі тайпасы

    Шахсеван көшпелі тайпасы

    Шіл 28, 2019 16:21

    Шахсеван көшпелі тайпасы – Иранның солтүстік-батысындағы аудандарда, соның ішінде Дәшт-е Мұған, Урумие мен Ардебильде өмір сүретін әзірбайжан халқының бір тармағы. Бұл тайпаны Иранның басқа көшпелі тайпаларынан ерекшелендіретін нәрсе – жарты сфералы алашықтар.

  • Иран: Исфахан (23)

    Иран: Исфахан (23)

    Шіл 27, 2019 14:45

    Исфахан – Иранда тұрғындар саны бойынша Теһран мен Мешхедтен кейінгі үшінші қала. Ал турист тарту бойынша Мешхедтен кейін ең жоғары статистикалық көрсеткішке ие.

  • Теһран: Аббасабад – мәдени-туристік аймақ

    Теһран: Аббасабад – мәдени-туристік аймақ

    Шіл 24, 2019 14:40

    Бұрын Теһранның адам аяғы баспаған аймағы саналған Аббасабад аймағы 68 гектар көлемімен осы кезде үлкен демалыс-сауықтыру кешеніне айналды. «Кітап әлемі», «Өнер әлемі», «Музыка әлемі», «Философия әлемі» ғимараттары мен «Қасиетті қорғаныс жылдары» мұражайы Теһранның Аббасабад аймағының халықты ерекше қызықтыратын жерлері.

  • Иран: Чакруд аңғары

    Иран: Чакруд аңғары

    Сәу 24, 2019 18:44

    Чакруд – Гилан облысында орналасқан әдемі аңғар. Бұл аңғар Рахимабад аймағынан басталып, Каспий теңізіне ұласады. Бұл аңғар бір негізгі және екі қосымша аңғардан тұрады. Бұл жердегі сарқырамалардың биіктігі 5 метрден төмен. Тек қосымша аңғардың бірінен биіктігі 30 метрлік бір сарқыраманы көруге болады.

  • Иран: Мейманд ауылы

    Иран: Мейманд ауылы

    Сәу 20, 2019 18:17

    Мейманд ауылы – Иранның тарихи ауылдарының бірі. Ол Керман облысында Бабак қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан. Қолда бар деректерге сәйкес, жартастардың ортасында ойылып салынған бұл таңғажайып ауылдың 2-3 мың жылдық тарихы бар. Мейманд ауылындағы бір немесе бірнеше бөлме мен қорадан тұратын үй "кидже" деп аталады.

  • Иран: Ағаш ауыл

    Иран: Ағаш ауыл

    Сәу 13, 2019 19:21

    Жергілікті ағаш ауыл Иранның Хорасан-е Разави облысының Нишапур қаласына жақын жерде орналасқан. Бұл – Иранда сирек кездесетін теңдессіз ауыл. Ол инженер Хамид Моджтахедидің арқасында толығымен ағаштан салынған. Бұл ауылдың көрнекті жерлерінің қатарына ағаш мешіт, мұражай, кітапхана, мейрамхана, дүкен, наубайхана, күрке, жалға берілетін шағын бөлмелер мен жасыл кеңістік жатады.

  • Иран: Маһнешин таулары

    Иран: Маһнешин таулары

    Нау 28, 2019 19:30

    Маһнешин таулары Табриздің солтүстік-шығысынан 25 км жерде Зәнджан облысында орналасқан. Тартымды төбелердің жергілікті атауы – "Аладағлар"-Алатаулар. Бұл таулар қызыл, қоңыр, жасыл, қызыл-сары, сары және ақ түсті болып келеді. Мұндай түстер алуан түрлі минералды заттардың шөгіндісінен пайда болған.