-
Амирабдуллахиан Арбағин рәсімі күндеріндегі Ирак үкіметі мен халқының қонақжайлылығын жоғары бағалады
Қыр 06, 2023 12:24Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амирабдуллахиан сейсенбі күні Ирактың Сыртқы істер министрі Фавад Хұсейнмен телефон арқылы сөйлесуінде Ирак үкіметі мен халқының ұлы Арбағин рәсімін өткізудегі көмегі, қарсы алуы және қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді және алғыс айтты.
-
Бүгін Арбағин күні; Исламдық Иран аза тұтуда
Қыр 06, 2023 11:20Исламдық Иран Имам Хұсейн (ғ.с.) мен оның адал серіктерінің шәһид болғанының 40-шы күні - Арбаин күні аза тұтуда.
-
Әлемдегі ең үлкен ортақ газ кен орны Оңтүстік Парстың 11-ші фазасынан газ өндіру басталды
Қыр 05, 2023 16:50Иран президенты Ибрахим Раиси бұл кезеңнің іске қосылуын елдің мұнай және газ өнеркәсібіндегі үлкен және ұзаққа созылатын қадам деп санап, былай деді: "Келісімшартқа қатысушы шетелдік компаниялар санкцияны сылтауратып, өз міндеттемелерінен бас тартты. Ел ең қатал санкцияларға ұшыраған кезде бұл жобаны білікті отандық мамандар жүзеге асырды".
-
Иранда швед тыңшысы қамауға алынды
Қыр 05, 2023 13:17Швеция үкіметі өз азаматының Иранда ұсталғанын растады, бірақ бұл адамның кім екені әлі жарияланған жоқ. Өткен жылы Барлау министрлігі Швеция азаматының тыңшылық жасағаны үшін ұсталғанын хабарлады. Ақпарат министрлігінің хабарлауынша, айыпталушының Иранға дейін басып алынған аумақтарға саяхаттаған.
-
Bloomberg биылғы жылдың басынан бері Иранның мұнай экспортының 54%-ға өскенін хабарлады
Қыр 05, 2023 12:25Bloomberg ақпарат арнасы өз есебінде 9 шаһриварда Иранның тәулігіне 1,7 миллион баррель шикі мұнай мен 152 мың баррель конденсат экспорттағанын мәлімдеді.
-
Иран Түркия мен Сирияның қарым-қатынасын екі елдің мүдделері негізінде түзеуге талпынуда
Қыр 04, 2023 19:58Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Иран екі көршілес ел Сирия мен Түркияның қарым-қатынасын түзеуге бағытталған талпыныстарының екі ел мен аймақтың мүдделеріне сай нәтиже беретініне үміттеніп отыр",-деді.
-
Әскери атташелер Иран армиясы әуе-қорғаныс кешенінің қолбасшысымен кездесті
Қыр 04, 2023 18:21Теһранда орналасқан шет елдердің әскери атташелері Иран армиясының әуе-қорғаныс күштері күніне орай өткен 15-ші рәсімде Иран армиясы әуе-қорғаныс кешенінің қолбасшысымен кездесті.
-
Иранға Як 130 жаттығу ұшағы келді
Қыр 04, 2023 16:07Як 130 - ресейлік Якулов компаниясы әзірлеген және жасаған жетілдірілген оқу-жауынгерлік ұшағы. Ол Әскери-әуе күштері ұшқыштарының 4-ші буын әскери ұшақтармен ұшуды үйрену үшін оқу қажеттіліктерін қамтиды.
-
Амир Абдуллахиан: Иран мен Түркияның сауда айналымын 30 млрд еуроға жеткізу көзделіп отыр
Қыр 04, 2023 15:21Иран Сыртқы істер министрі Теһранда өзінің түрік әріптесімен бірге өткізген баспасөз конференциясында: "Екі ел арасында сауда айналымын 30 млрд еуроға жеткізу көзделіп отыр. Қазір орта жолдамыз",-деді.
-
Иран Кавказ аймағында қандай да бір геосаяси өзгерістің болуына қарсы
Қыр 04, 2023 14:49Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Теһран үкіметінің Кавказ аймағында қандай да бір геосаяси өзгерістің болуына қарсы екенін мәлімдеді.