-
Иран: "Қури қалле" үңгірі (188)
Жел 05, 2023 23:33"Қури қалле" (Quri Qaleh) үңгірі – Таяу Шығыстағы ең ірі су үңгірі. Оның 64 млн жылдық тарихы бар. Үңгір Керманшах қаласынан 86 км жерде Равансар ауданындағы Раванруд қаласының солтүстігіндегі Паве тас жолы бойында орналасқан. Үңгірдің ұзындығы – 12 км, тереңдігі – 3140 метр. Қазба жұмыстарының нәтижесі бойынша үңгірдің айналасын шамамен 50 мың жылдан 12 жылға дейін тас ғасырының аңшылары мекендеген.
-
Иран: Деһбакри ауылы (186)
Қар 11, 2023 19:15Деһбакри (Dehbakri) ауылы Керман облысындағы Бам қаласынан 55 км қашықтықта орналасқан. Бұл ауыл ауа райына байланысты Бам ауданының жазғы жайлауы болып саналады. Жергілікті дереккөздерге сәйкес, Бакр тайпа ақсақалдарының бірі болған. Ауыл осы кісінің атымен аталған. Ауылдың 2 ғасырлық тарихы бар.
-
Иран: Ширван сайы (183)
Қыр 02, 2023 21:23Ширван сайы (Shirvan Valley) – Ардебиль облысының Сабалан ауданындағы әдемі аймақтардың бірі. Сайға баратын жол болмағандықтан оның табиғаты тың қалпында сақталған. Иранның он бірінші қорығы болып саналатын бұл табиғи саябақ Таяу Шығыстағы екінші геопарк ретінде ЮНЕСКО-ға тіркелді. Бұл аймақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесі тұрғысынан теңдессіз ерекшеліктерге ие.
-
Иран: Тоубирун сайы (181)
Маусым 20, 2023 15:05Тоубирун сайы (Towbiroun Valley) Дезфул қаласының солтүстігінен 20 км жердегі Сәрдәшт ауданында орналасқан.
-
Батыс Әзірбайжанның туристік жұмағы Сильвананың көктемгі табиғаты
Maм 09, 2023 13:15Урумиенің Сильвана туристік аймағы көктем күндерінде әдемі сурет сияқты өте әсерлі және көз тартады.
-
Иран: "Жаһаннама" қорығы (176)
Сәу 09, 2023 22:10"Жаһаннама" қорығы Иранның солтүстік-шығысындағы Гүлістан облысында орналасқан. 31747 га ауданды алып жатқан қорық теңіз деңгейінен 600-3086 метр биіктікте орналасқан. Бұл қорық облыс бойынша Гүлістан ұлттық саябағынан кейінгі екінші ірі қорғалған аудан болып саналады. Бұл жер жолбарыстар емін-еркін тіршілік ете алатын елдегі жалғыз мекен деседі. Қорықтағы Гиркан орманы әлемнің ең көне ормандарының қатарына жатады. Жаһаннама ауылы да осы әдемі ауданда орналасқан.
-
Иран: Лейлей шатқалы (168)
Жел 03, 2022 22:41Лейлей шатқалы – Луристанның ең әдемі туристік аудандарының бірі. Шатқал Дуруд ауданы орталығының батысынан 20 км қашықтықта Сейре және Чамнар ауылдары арасында орналасқан. Шатқалда ағып жатқан суы сұп-суық өзеннің жолында әдемі хауызшалар бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Луристанның бұл ауданында шие ағаштары көп өседі. Мұндағы шие басқа шие түрлерінен ұсақ. Жергілікті тұрғындар оны "лейлей" деп атайды. Сол себепті шатқал "Лейлей" деп аталып кеткен.
-
Ирандық гепард баласы Пируздың өмір сүруіне үміт
Қаз 26, 2022 20:18Жаңа туған гепардтардан жалғыз аман қалған Пируздың жағдайы жақсы. Туылғанына 169 күн өтіп, салмағы 8 келіге жеткен. Пируздың тууы және оны күтіп-баптау Азиялық гепардты өсіру және көбейту жөніндегі Қоршаған ортаны қорғау ұйымының мақсаттарының бірі болып табылады. 6 айда оның табиғатта өмірін жалғастыру үшін қажетті шешімдер қабылданады.
-
Мазандеранның сұлу табиғаты
Там 16, 2022 15:10Иранның солтүстігіндегі Мазандеран облысы – елдің ең әдемі әрі турист көп баратын облыстарының бірі. Ондағы кейбір панорамаларды әлемнің басқа жерлерінен іздеп таба алмаймыз.
-
Шаһруд – кіші құрлық
Нау 30, 2022 16:16Иранның Шаһруд ауданы солтүстікте Гүлістан облысымен, оңтүстікте Исфахан және Йезд облыстарымен, шығыста Хорасан-е Разави облысы мен Миами ауданымен және батыста Дамған ауданымен шектесіп жатыр.