Pars Today
Венгрия Сыртқы істер министрі Петер Сийярто дүйсенбі күні бұл ел ЕО-ның Ресейге қарсы жаңа санкцияларына қосылмайтынын баса айтты.
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко Сеулде Оңтүстік Корея басшыларымен кездесуінде: "АҚШ-тың аймақтағы бүлдіргі әрекеттері қаламаған қақтығыстар туындау қатерін арттырады",-деп ескертті.
Ресей Президенті Владимир Путин президенттік сайлауда қайта жеңіске жету үшін бастаған науқан барысында Ресейді сақтап қалу жолындағы Украина соғысының маңызы туралы айтты.
АҚШ бастаған НАТО-ға жаңа қосылған елдердің бірі Финляндия Премьер-министрі сенбі күні Ресеймен шекараның жабық болатынын хабарлады.
Украина Президенті Владимир Зеленский сенбі күні кешке Ресейдің дрондық шабуылы салдарынан елдің бірқатар өңірлерінде электр қуатымен қамтамасыз ету тоқтатылғанын растап: "Электр стансаларын қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр",-деді.
Ресейлік ұшқышсыз ұшақтардың Украина инфрақұрылымына шабуылдарының жалғасуы елдің әртүрлі аймақтарында электр қуатының үзілуіне әкелді.
Астана отырысында Иран, Ресей мен Түркия ортақ мәлімдеме жасап, сионистік режимнің Палестина халқына қарсы шабуылдарын шұғыл түрде тоқтатып, Газаға гуманитарлық көмек жеткізу керегін баса айтты.
Ұлыбритания қарулы күштерінің қолбасшысы елінің халқынан Ресеймен болуы мүмкін соғысқа дайындалуды сұрады.
Германияның қорғаныс министрі сәрсенбі күні Ресейге қарсы соғысу үшін Украина әскеріне алты көпмақсатты тікұшақ жіберетінін айтты.
"ДАИШ-Хорасан" тобының Ауғанстан аумағынан басқа елдерге, әсіресе көршілеріне шабуылдары мен диверсиялық және лаңкестік бағдарламаларының күшеюімен бұл топпен аймақтық консенсус түрінде әрекет ету қажеттілігі артты.