Pars Today
Иран мен Әзірбайжан республикасы сауда- саттық және экономикалық байланыстарды кеңейту мақсатында банк жүйесінде байланыс орнатуға, сондай- ақ екі елдің ATM жүйелерін қосу үшін тиісті жағдай жасауға келісті.
Үндістандағы Иранның елшісі Үндістанның UCO банкінің Иранда өзінің филиалын ашуды Үндістанда ирандық банктердің филиалын ашу шартымен байланыстырғанын хабарлады.
Англия Қаржы министрінің орынбасары Иранмен банк саласында әріптестік жасауда сақталып отырған кедергілерді жоюды қуаттап: «Лондон осы кедергілерді жою үшін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы аясында өзінің міндеттемелерін орындауға әзір» деді.
Бакудегі Иран елшісі Әзірбайжан республикасы орталық банкі төрағасының Теһранға сапар шегетінін хабарлады.
Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ мемелекеттік хатшысы Джон Керридің мәлімдемелері банктердің АҚШ-тың қатынасына қатысты алаңдаушылығын тудырып отырған мәселелердің шешілуіне жол ашады" деп үміт білдірді.
Иранның орталық банк төрағасының орынбасары Иран мен Германияның банк саласындағы және экономикалық ынтымақтастықтарының кеңейетінін хабарлады.
Еуропалық Одақтың сыртқы саясат жетекшісі еуропалық банктердің Иранмен ынтымақтастық жасауы үшін жаңа нұсқаудың даярланғанын және олардың Иранмен ынтымақтастық жасауы үшін еш кедергі жоқ екендігін мәлімдеді.