-
Рамазан: он бесінші күнінің дұғасы
Нау 26, 2024 22:18Уа, Алла! Бұл күні маған қарапайым пенделеріңнің мойынсұнуын нәсіп етіп, Өзіңе қарай жүрегімді аша гөр, уа, тақуаларға пана беруші!
-
Рамазан: он төртінші күнінің дұғасы
Нау 25, 2024 16:34Уа, Алла! Бұл күні мені қателіктерім үшін жазғырма. Бұл күні мені қателіктерден сақтап, менің басыма бақытсыздық пен қиыншылық тудырма, уа, мұсылмандарға абырой сыйлаушы!
-
Рамазан: он үшінші күнінің дұғасы
Нау 24, 2024 18:43Уа, Алла! Бұл күні мені ластық пен кесапаттардан тазарт. Маңдайыма жазылғанға шыдамды ет. Бұл күні маған сабырлық пен тақуалық сыйлап, ізгілермен кездесуге жәрдемдес, уа мұқтаждардың жанарларын нұрландырушы!
-
Рамазан: он екінші күнінің дұғасы
Нау 24, 2024 18:39Уа, Алла! Осы күні маған қарапайымдылық пен тақуалық бере гөр және барға қанағат еткіз. Маған әділдік пен адалдық беріп, күнә саналатын әр нәрседен сақтай гөр, уа тақуаларды күнәлардан сақтаушы!
-
Рамазан: он бірінші күнінің дұғасы
Нау 21, 2024 22:08Уа, Алла! Бұл күні мені жақсы істерге қарай бұр. Бұзақылық пен күнәләрдан алыстат. Ашу-ызаға ерік беруіме тыйым сал, уа панасыздардың Құтқарушысы!
-
Рамазан: оныншы күнінің дұғасы
Нау 20, 2024 22:06Уа, Алла! Осы күні мені Өзіңнің дәргаһыңа тәуекел ететіндер мен бақыттылардың, Өзіңнің жақсылығыңа жақындардың қатарына қос, уа, мақсатқа жетуге талпынушылардың соңғы үміті!
-
Рамазан: тоғызыншы күнінің дұғасы
Нау 20, 2024 22:02Уа, Алла! Осы күні маған Өзіңнің кең рақымыңды нәсіп ете гөр! Мені Өзіңнің жарық та жарқын дәлел-дәйектеріңе нұсқа. Маңдайымды Өзіңнің жан-жақты ризашылығың мен достығың және мейірімің жаққа бағытта, уа, армандаушылардың Арманы!
-
Рамазан: сегізінші күнінің дұғасы
Нау 20, 2024 21:58Уа, Алла! Осы күні маған жетімдерге мейірімділік көрсететін, аштарды тамақтандыратын мүмкіншілік бере гөр, асыл жандармен араласуды нәсіп ете гөр, уа, армандаушыларды паналатушы!
-
Рамазан: жетінші күнінің дұғасы
Нау 17, 2024 17:13Уа, Алла! Осы күні маған ораза ұстап, ғибадат етуге көмектес. Менен қателік пен күнә және күмәндарды алыстат. Әр уақытта Сені еске алуға рұқсат етіп, табыс сыйла, уа, қателескендерді дұрыс жолға бағыттаушы.
-
Рамазан: алтыншы күнінің дұғасы
Нау 17, 2024 17:07Уа, Алла! Бұл айда күнәләрім үшін мені кішірейтпе, мені жазалама және Өзіңнің ашуыңнан алыстат.