-
Əлемдегі ең үлкен резеңке қоқысы
Там 24, 2022 15:50Əлемдегі ең үлкен резеңке қоқысы Кувейтте орналасқан. Бұл жерде 50 млн ескі шина жинастырылған. Резеңке жанғанда осылай болады.
-
Ауғанстанда жойқын су тасқыны болды
Там 22, 2022 14:29Ауғанстанның түрлі аудандарында нөсер жауыннан сел жүріп, соның салдарынан осы уақытқа дейін 20 адам қаза тауып, 3 мың үй қирады.
-
Сауд Арабиясы сахарасында сел жүрді
Там 22, 2022 14:24Сауд Арабиясында болған нөсер жауын салдарынан әлемнің ең құрғақ жерлерінің бірі саналатын «Руб әл-Хали» сахарасында сел жүрді.
-
Францияда құрғақшылық болып жатыр
Там 20, 2022 14:30Францияның 62 ауданында құрғақшылық салдарынан су тұтынуға шектеу қойылды. Биылғы шілде айы Франция үшін 1961 жылдың наурыз айынан бергі ең құрғақ ай болды.
-
Қытайдың Кинхай облысында жойқын сел жүрді
Там 19, 2022 14:16Қытай ақпарат құралдары Кинхай облысында болған жойқын сел салдарынан 16 адамның қаза тауып, 36 адамның із-түссіз жоғалғанын хабарлады.
-
Испания өртке оранды
Там 18, 2022 15:32Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, Испанияның оңтүстігі мен шығысында алапат өрт басталғанына бірнеше күн болды. Өрт сөндірушілер оны ауыздықтай алмай жатыр.
-
Стамбұлда сел жүрді
Там 16, 2022 15:02Стамбұлда кенеттен қатты жаңбыр жауып, қала көшелерінде сел жүрді.
-
Лос-Анжелестегі жаңбырлы күндер және баспанасыздардың жағдайы
Там 16, 2022 14:50Лос-Анжелес қаласында жауған жаңбыр Венеция жағалауындағы баспанасыздардың жағдайын ауырлатып жіберді. Бұл – АҚШ-тың қақ ортасы, әлемдегі кейбір адамдардың арманы болған жер.
-
Ұлыбританияда аптап ыстықтан алқаптар өртеніп жатыр
Там 14, 2022 14:24Ұлыбританияда ауа температурасы бұрын-соңды болмаған деңгейге көтеріліп, саябақтар, алқаптар мен көгалдарда өрт шыққан соң бұл елде өрт қаупінің ең жоғары деңгейі жарияланды.
-
Лас-Вегас көшелерін су басты
Там 14, 2022 14:03АҚШ-та бұрын-соңды жаумаған маусымдық жауын-шашын салдарынан Невада штатының оңтүстігінде орналасқан Лас-Вегаста су тасқыны болып, осы күнге дейін екі адам қаза тапты.