• Рамазан айының он үшінші күнінің дұғасы

    Рамазан айының он үшінші күнінің дұғасы

    Maм 06, 2020 20:30

    Уа, Алла! Бұл күні мені ластық пен кесапаттардан тазарт. Маңдайыма жазылғанға шыдамды ет. Бұл күні маған сабырлық пен тақуалық сыйлап, ізгілермен кездесуге жәрдемдес, уа мұқтаждардың жанарларын нұрландырушы!

  • Рамазан айының он екінші күнінің дұғасы

    Рамазан айының он екінші күнінің дұғасы

    Maм 06, 2020 15:20

    Уа, Алла! Осы күні маған қарапайымдылық пен тақуалық бере гөр және барға қанағат еткіз. Маған әділдік пен адалдық беріп, күнә саналатын әр нәрседен сақтай гөр, уа тақуаларды күнәлардан сақтаушы!

  • Рамазан айының он бірінші күнінің дұғасы

    Рамазан айының он бірінші күнінің дұғасы

    Maм 05, 2020 12:46

    Уа, Алла! Бұл күні мені жақсы істерге қарай бұр. Бұзақылық пен күнәләрдан алыстат. Ашу-ызаға ерік беруіме тыйым сал, уа панасыздардың Құтқарушысы!

  • Рамазан айының оныншы күнінің дұғасы

    Рамазан айының оныншы күнінің дұғасы

    Maм 03, 2020 14:54

    Уа, Алла! Осы күні мені Өзіңнің дәргаһыңа тәуекел ететіндер мен бақыттылардың, Өзіңнің жақсылығыңа жақындардың қатарына қос, уа, мақсатқа жетуге талпынушылардың соңғы үміті!

  • Рамазан айының тоғызыншы күнінің дұғасы

    Рамазан айының тоғызыншы күнінің дұғасы

    Maм 02, 2020 19:00

    Уа, Алла! Осы күні маған Өзіңнің кең рақымыңды нәсіп ете гөр! Мені Өзіңнің жарық та жарқын дәлел-дәйектеріңе нұсқа. Маңдайымды Өзіңнің жан-жақты ризашылығың мен достығың және мейірімің жаққа бағытта, уа, армандаушылардың Арманы!

  • Рамазан айының сегізінші  күнінің дұғасы

    Рамазан айының сегізінші күнінің дұғасы

    Maм 01, 2020 19:46

    Уа, Алла! Осы күні маған жетімдерге мейірімділік көрсететін, аштарды тамақтандыратын, жомарттармен бірге отыратын мүмкіншілік бере гөр, уа, армандаушыларды паналатушы!

  • Рамазан айының жетінші күнінің дұғасы

    Рамазан айының жетінші күнінің дұғасы

    Сәу 30, 2020 17:43

    Уа, Алла! Осы күні маған ораза ұстап, ғибадат етуге көмектес. Менен қателік пен күнә және күмәндарды алыстат. Әр уақытта Сені еске алуға рұқсат етіп, табыс сыйла, уа, қателескендерді дұрыс жолға бағыттаушы.

  • Рамазан айының алтыншы күнінің дұғасы

    Рамазан айының алтыншы күнінің дұғасы

    Сәу 29, 2020 18:53

    Уа, Алла! Бұл айда күнәләрім үшін мені кішірейтпе, мені жазалама және Өзіңнің ашуыңнан алыстат.

  • Рамазан айының бесінші күнінің дұғасы

    Рамазан айының бесінші күнінің дұғасы

    Сәу 28, 2020 18:00

    Уа, Алла! Бұл айда мені Саған құлшылық етіп, тәубеге келушілердің қатарына қос. Бұл айда мені Өзіңе жақын құлдарың мен достарыңның арасына енгіз, уа, Рақымды және Мейірімді!

  • Рамазан айының төртінші күнінің дұғасы

    Рамазан айының төртінші күнінің дұғасы

    Сәу 27, 2020 15:41

    Уа, Алла! Бұл айда маған Өзіңнің бұйрық, нұсқауларыңды орындауға шыдамдылық бере гөр. Бұл айда Өзіңді еске алудың ләззатын беріп, маған берген нығметтерің үшін шүкір айтуды үйрет. Мені күнә жасаудан сақтай гөр, уа, бақылаушылардың ең сұңғыласы!