-
Рамазан айының жиырма алтыншы күнінің дұғасы
Maм 20, 2020 06:44Уа, Алла! Бұл күні менің істерім мен талпыныстарымды қабыл ете гөр! Осы айда күнәларымды кешіріп, ғамалдарымды қабылдап, кемшіліктерімді жасыра гөр, уа, дұғаларымызды естуші!
-
Рамазан айының жиырма бесінші күнінің дұғасы
Maм 19, 2020 06:18Уа, Алла! Осы күні мені достарыңның қатарына қосып, дұшпандарыңның дұшпанына айналдыр. Соңғы пайғамбарыңның ізбасарларының қатарына қос, уа, пайғамбарлардың жүректерін нұрландырушы!
-
Рамазан айының жиырма төртінші күнінің дұғасы
Maм 18, 2020 06:17Уа, Алла! Бүгін Сенен Өзіңді риза ететін нәрсені сұрап, сені наразы ететін нәрседен өзіңді паналаймын. Өзіңе бағынуда табысты етіп, саған бағынбаушылық танытпаудан құтқар. Уа, мұқтаждардың Қолдаушысы!
-
Қадір түні: Аспандықтардың қонағы (3)
Maм 17, 2020 16:18Қадір түндерін ояу, ғибадат жасап өткізу – бұл түндердің ең маңызды амалдары. Келесі Қадір түні Рамазан айының жиырма үшінші түнінің маңыздылығы туралы имам Хасан Аскари (ғ.с.): «Егер басқа түндерді ояу, ғибадат жасап өткізе алмасаң, жиырма үшінші түні талпыныс жасап, одан айырылма»,- деген.
-
Рамазан айының жиырма үшінші күнінің дұғасы
Maм 16, 2020 23:53Уа, Алла! Осы айда менің күнәларымды жуып, кемшіліктерімді жоя гөр.Жүрегімді тақуалықпен сына, уа, күнәһарлардың қателіктеріне көзжұмбайлық танытушы!
-
Рамазан айының жиырма екінші күнінің дұғасы
Maм 16, 2020 13:14Уа, Алла! Осы күні маған Өз даналықтарыңның есіктерін ашып, берекеңді бере гөр! Мені Өзіңнің ризашылығыңның себебі етіп, жәннаттың ортасынан орын бер, уа, құлдарының талап-тілектері мен дұғаларын орындаушы!
-
Хазірет Әли (ғ.с.) – әділет мизаны
Maм 15, 2020 10:48Қасиетті Рамазан айының 21 жұлдызы – хазірет Әли (ғ.с.) шәһид болған күн.
-
Рамазан айының жиырма бірінші күнінің дұғасы
Maм 15, 2020 03:43Уа, Алла! Осы күні мені Өзіңнің ризашылығыңа бөлейтін жолға нұсқа. Жолыма шайтанды жолатпай, мені тыныштық табатын мекен – жәннатқа орналастыр, уа, ізденімпаздардың қажеттіліктерін орындаушы!
-
Қадір түні: Аспандықтардың қонағы (2)
Maм 14, 2020 21:47Қасиетті Рамазан айының 21-ші түні – Қадір түні мың айдан артық түн; алдағы бір жылдық тағдырымыз белгілі болатын түн. Рауаяттар бойынша Рамазанның 19-шы түнінде адамдардың тағдырының кітабы ашылады. Ең жоғары мәртебеге ие 21-ші түнде әлемнің бүкіл істері, әсіресе әр адамның жағдайы жазылады. 23-ші түні илаһи халифа растайды. Бұл кезеңдер мүмінді тынышытық пен Қадір түнінің қадір-қасиетін түсінуге жеткізеді.
-
Рамазан айының жиырмасыншы күнінің дұғасы
Maм 14, 2020 15:07Уа, Алла! Осы күні менің алдымнан жәннәттың есігін ашып, тозақ отының есігін жаба гөр! Осы күні қасиетті Кітабыңды оқуға көмек бер, уа, мүміндердің жүректеріне тыныштық сыйлаушы!