Pars Today
Теһран жұма намазының құтпагері Иранның тәртіп күштері, армиясы, Сақшылар корпусы мен Басидж күштерін Ислам республикасы айбынының символы деп атап: "Бүлікшілердің мақсаты – Ислам республикасының жүйесіне нұқсан келтіру",-деді.
Иранның Хорасан-е Разави облысының орталығы Мешхед әкімі осы қалада екі басидждің (ерікті күштер) қаза тапқанын хабарлады.
ИИР Қарулы күштері бас қолбасшысының кеңесшісі: "Дұшпан исламдық республиканың ғана емес, Иранның жойылуын қалайды",-деді.
Бір топ бүлікші Иранның батысындағы Күрдістан облысының орталығы Санандадж қаласында қоғамдық мүлікке зиян келтірді.
Хузистан облысының Әділет департаментінің басшысы: "Изе ауданында бүлік шығарғандардың үшеуі ұсталды",-деді.
Иран Сыртқы істер министрі: "Шетелдік барлау қызметтері Иранда азаматтық соғыс тудырып, елді бөлшектеуді көздеп отыр",-деді.
Ислам – теңдік діні, адамдардың жалғыз артықшылығы – иман мен тақуалық деп біледі. Ислам діні адам баласының қасиеттілігі мен қадір-қасиеті үшін әйел мен еркек үшін айырмашылық қоймаған.
Мұхаммед Джавад Хадж Әли Акбари жексенбі күні Ислам революциясы жетекшісінің атынан жоғары лауазымды делегацияны бастап Систан мен Белуджистанға барды.
Теһран жұма намазының имамы Иранның зымыран өнеркәсібін жергілікті етуі Ислам республикасының тежеу күшінің дамуына әкелгенін қуаттады.
Иран Президенті: "Санкция мен тұрақсыздық тудыру – дұшпанның Иран халқына қатысты екі стратегиялық қателігі. Бұл салаларда ол үнемі жеңіліс тауып келеді",-деді.