Pars Today
Басқарушылар кеңесінің отырысы қарсаңында Рафаэль Гросси Ирандағы байытылған уран қорының соңғы үш айда азайғанын мәлімдеді.
Ресейдің Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі Иранда уранның 84 пайызға байытылғаны туралы уәждердің шешілгенін хабарлады.
Иран Атом қуаты ұйымының баспасөз өкілі: "АҚХА-ға мүше елдердің міндеті – оның кәсіби орнын сақтап қалу. Олар осы халықаралық ұйымның саяси мақсаттарда қолданылуына жол бермеуі тиіс",-деді.
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Еуропа үштігі мен АҚШ-тың Ирандағы бейбіт ядролық жұмыстар туралы мәлімдемесіне реакциясында: "Форду нысанында уранның 60 пайызға байытылатыны 2022 жылы 17 қарашада АҚХА-ға хабарланды",-деді.
Атом қуаты ұйымының төрағасы: "Елде стратегиялық іс-шаралар заңын орындау уран байытуды осы өнеркәсіп тарихындағы жалпы көлемнен екі есе арттыруға себеп болды",-деді.
ИИР алғаш рет Фордода 60 пайызға байытылған уран өндіруді бастады.