-
Даңқты сайлау – сыртқы саясаттағы халықтың қолдауы
Нау 01, 2024 18:54ИИР Сыртқы істер министрі әлеуметтің желідегі жолдауында: "Даңқты сайлау – сыртқы саясаттағы халықтың қолдауы. Сайлауға құлшыныспен қатысу күшті парламенттің қалыптасуына және сайып келгенде, халықтың сыртқы саясаттағы үлкен қадамдарға қолдау көрсетуіне негіз қалады",- деп жазды. Амирабдуллахиан сайлауды Иран үшін күшті ұлттық биліктің көрінісі деп атады.
-
Иранның түпкір-түпкірінде Ислам Кеңесі Мәжілісінің 12-ші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің 6-шы сайлауы өтіп жатыр
Нау 01, 2024 17:22"Сахаб" желісінің мәліметі бойынша, Ислам Кеңесі Мәжілісінің 12-ші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің 6-шы сайлауы таңғы сағат 8.00-де басталды. Дауыс беру 10 сағатқа созылады және қажет болған жағдайда ұзартылады. Бүгінгі сайлауға 61172 298 адам дауыс беруге құқылы.
-
Ислам революциясының жетекшісі сайлау уақыты басталысымен дауыс берді
Нау 01, 2024 16:54Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бүгін, жұма Ислам Кеңесі Мәжілісінің 12-ші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің 6-шы сайлауы күні таңертең дауыс беру басталуының ең алғашқы сәтінде Имам Хомейнидің Хосейниесіне келіп, жүзден астам отандық және халықаралық БАҚ журналистері мен операторларының алдында дауыс берді.
-
"Pars 1" ирандық жерсерігі ғарышқа сәтті ұшырылды
Нау 01, 2024 00:51"Pars 1" ирандық жерсерігі "Восточный" ғарыш алаңынан "Союз" ресейлік зымыран тасығышымен ғарышқа сәтті ұшырылды.
-
Салауатты сайлау – ұлттық мүдденің кепілі
Нау 01, 2024 00:32Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлау жақындап қалғандықтан, үміткерді дұрыс таңдау мәселесі өткен барлық сайлаулар сияқты Ислам революциясы жетекшісінің ерекше назар аударған негізгі мәселелердің бірі болды.
-
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлаудың үгіт-насихат науқаны аяқталды
Ақп 29, 2024 20:55Бейсенбі сағат 08:00-де сайлауға 24 сағат қалғанда Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі мен Эксперттер кеңесіне сайлаудың үгіт-насихат науқаны аяқталды.
-
Иран Президенті Алжирге барады
Ақп 29, 2024 19:02Иран Президенті Газ экспорттаушы елдер (GECF) басшыларының жетінші отырысына қатысу үшін Алжирге барады.
-
"Pars 1" - ұшыруға дайын ең жаңа ирандық жерсерігі
Ақп 28, 2024 19:14Иран Ғарыштық зерттеулер институтының қоғаммен байланыс бөлім: "Pars 1" жерсерігі – зерттеу-өлшеу спутнигі. Жобалау, құрастыру және сынақтан өткізу кезеңдерін елдің мамандары мен жас ғалымдары Иран Ғарыштық зерттеу институтында жүргізді. Жақында ол Жер бетінен 500 шақырым қашықтықта Күн орбитасында орналасады",- деп хабарлады. Ғарыш саласы ғалымдарының бұл жетістігіне қатысты қосымша жаңалықтар алдағы күндері жарияланады
-
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Германиядан адам құқықтарын қорғауда өз талаптарын дәлелдеу үшін Газадағы геноцид фактілерін анықтау комитетін құруды сұрады
Ақп 28, 2024 18:52Германия Сыртқы істер министрі Аналена Баербок Женева отырысында Ирандағы адам құқығының бұзылғанын алға тартып, БҰҰ-ның осыған байланысты фактілерді анықтау топтың миссиясын ұзартуды талап етті.
-
Алғаш рет дауыс беретіндер Ислам революциясының жетекшісімен кездесті
Ақп 28, 2024 18:09Ислам Кеңесі Мәжілісінің 12-ші сайлауы мен Эксперттер кеңесінің 6-шы сайлауы қарсаңында алғаш рет дауыс беретіндер тобы мен шәһидтердің жанұялары Ислам революциясының жетекшісімен кездесті.