ИИР Президенті әлем мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады
(last modified Wed, 10 Apr 2024 12:45:51 GMT )
Сәу 10, 2024 18:45 Asia/Almaty
  • ИИР Президенті әлем мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Иран Президенті Сейед Ибрахим Раиси ислам елдерінің басшылары мен халқын Ораза айт мерекесімен құттықтаған жолдауында: «Исламдық елдер сионистік режимнің Газаға жасаған шабуылдарын шұғыл шаралармен тоқтату үшін гуманитарлық және діни міндеттерге ие» деп баса айтты.

 

Бүгін, сәрсенбі   Иран мен басқа да ислам елдерінде Ораза айт  мейрамының бірінші күні.

Иран Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси кеше ислам елдерінің басшылары мен халқына жолдаған жолдауында Ораза айт мейрамының келуімен құттықтап, бұл айт мейрамын мойынсұнушылық пен құлдықтың көрінісі және адамдық рухтың асқақтауы, ораза ұстаушылар мен салих құлдар үшін сауап уақыты деп атады.

Ибрахим Раиси осы құттықтауында барша әлем мұсылмандары, әсіресе Газа және Палестинадағы мазлұм халқы үшін осынау берекелі күннің ашылуын және жеңіске жетуін тілеп: «Бүгінде Палестина қарсыласуына, әсіресе Газадағы басқыншылық пен қылмысқа қарсы күресте алдыңғы қатарда тұрған бауырластарға қолдау көрсету мұсылмандар үшін жай ғана діни міндет емес, адамзат үшін адами, ахлақтық және ар-ождандық парыз болып табылады",- деді.