АҚШ әскери бюджетін қаржыландырушы қаржы институттарына Қалибафтың ескертуі
ParsToday - Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы АҚШ әскери бюджетін қаржыландырушы қаржы институттарына ескерту жасады.
ParsToday-дің хабарлауынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф өзінің жеке парақшасында АҚШ әскери бюджетін қаржыландырушы қаржы институттарына былай деп жазды: «Сіздердің акцияларыңызды бақылауда ұстаймыз; бұл соңғы ескерту».
Қалибаф жалғасында: «Әскери базалардың қатарында АҚШ әскери бюджетін қаржыландыратын сол қаржы институттары біздің заңды нысаналарымыз болып табылады», - деп жазды.
Ол былай деп қосты: «АҚШ қазынашылық облигациялары ирандықтардың қанына былғанған. Егер сіздер оларды сатып алсаңыз, өз штабтарыңыз бен мүлкіңізге шабуыл жасауды сатып алғаныңыздың өзі».