Пезешкиан: Соғыстың аяқталуы үшін болашақта мұндай агрессиялардың қайталанбауын кепілдендіру қажет
https://itolqyn.com/news/iran-i83294-Пезешкиан_Соғыстың_аяқталуы_үшін_болашақта_мұндай_агрессиялардың_қайталанбауын_кепілдендіру_қажет
Pars Today- Иран Президенті Масуд Пезешкиан аймақтағы соғыс пен қақтығыстың аяқталуы үшін АҚШ пен сионистік режимнің агрессияларын дереу тоқтату және болашақта мұндай агрессиялардың қайталанбауын кепілдендіру қажеттігін айтты.
(last modified 2026-03-22T10:25:05+00:00 )
Нау 22, 2026 14:43 Asia/Almaty
  • Пезешкиан: Соғыстың аяқталуы үшін болашақта мұндай агрессиялардың қайталанбауын кепілдендіру қажет

Pars Today- Иран Президенті Масуд Пезешкиан аймақтағы соғыс пен қақтығыстың аяқталуы үшін АҚШ пен сионистік режимнің агрессияларын дереу тоқтату және болашақта мұндай агрессиялардың қайталанбауын кепілдендіру қажеттігін айтты.

Pars Today-дің агенттігінің «Mehr» жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, ИИР Президенті Масуд Пезешкиан, жексенбіде Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қатынастар, аймақтық және халықаралық оқиғалар, АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы әскери агрессиялардың жалғасуы аясында пікір алмасты.

Пезешкиан АҚШ пен сионистік режимнің агрессия мен заңсыз шабуылдарының, сондай-ақ жасалған қылмыстардың ауқымын сипаттап, былай деді: «Иран соғысты бастамаған. Агрессор жау ешқандай себеп, логика және заңды негіз болмаса да, ядролық келіссөздер кезінде Иранға қарсы әскери агрессия жасап, Ислам революциясының жетекшісін, аға әскери қолбасшыларды және қорғаныссыз азаматтардың, соның ішінде мектеп оқушыларын шәһид етіп, еліміздің азаматтық нысандарын нысанаға алды».

Ол сондай-ақ Батыс Азияда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату мақсатында аймақ елдерінен тұратын қауіпсіздік құрылымын құруды ұсынды, осылайша бейбітшілік пен қауіпсіздікті аймақ елдері өз бетінше, шетелдіктердің араласуынсыз қамтамасыз етеді.

Пезешкиан Үндістанның BRICS-тегі мерзімдік төрағалығына байланысты Иранға қарсы агрессияларды тоқтату және аймақтық пен халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау бағытында осы топтың тәуелсіз рөл атқаруын сұрады.

Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бұл сөйлесу барысында Батыс Азиядағы шиеленістің және қақтығыстың күшеюінен терең алаңдаушылық білдіріп, аймақтағы энергия инфрақұрылымдарына кез келген шабуылды азық-түлік қауіпсіздігіне, энергия қауіпсіздігіне және ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға ауқымды қауіп төндіретіндіктен қатты айыптады және Ормуз бұғазындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және Парсы шығанағында кеме қатынасының еркіндігін жалғастыруды талап етті.