Аятолла Систани: Біз Иранға қарсы әділетсіз соғысты ең қатты сөздермен айыптаймыз
ParsToday- Ирак шиіттерінің жоғары діни ғұламасы АҚШ-сионистік агрессияға қатысты хабарлама жариялап: «Біз бұл әділетсіз соғысты ең қатты сөздермен айыптаймыз» деді.
Pars Today-дің хабарлауынша, Аятолла Систани, Ирак шииттерінің жоғары д діни ғұламасы, жексенбіде барл ық халықаралық әсер ететін тараптардан және әлем елдерінен, әсіресе ислам елдерінен АҚШ-сионистік агрессияны тоқтату үшін барынша күш салуын сұраған мәлімдеме жариялады.
Аятолла Систанидің осыған қатысты жариялаған жолдауында былай делінген:
بسم الله الرحمن الرحیم
Уа, мұсылман әйелдер мен ерлер! Берекетті ораза, түнде құлшылық ету мен ғибадат айы өтіп, кешірім мен мейірім мерекесі - Ораза айт мерекесі келді. Бұл күн – илаһи сыйлар күні; Алла періштелеріне сіздер туралы мақтанатын күн. Сондықтан сіздердің амалдарыңыздың қабыл болуы құтты болсын, және мен Алладан бұл мерекені бізге, сіздерге және бүкіл ислам үмметіне жақсылық, берекет және игілікпен қайтаруын сұраймын.
Уа, құрметтілер! Мерекенің қуаныш пен шаттық мағыналарына толы болғанына қарамастан, бүгін мұсылмандардың жүректері үзіліп-жарылып тұр, өйткені олар дін және адамдық тұрғыдан біздің бауырларымызға қандай апаттар мен сынақтар түсіп жатқанын көреді. Біз Алланың нығметтеріне шаттанамыз деп тәкбір айтқан кезде, балалардың айқайы күшейеді, аналардың көз жасы төгіледі, Иран мен Ливандағы қауіпсіз үйлердің үстінде оттың жалындары биіктейді, ал бұл екі [елге] қарсы әскери агрессия жалғасуда.
Біз бұл әділетсіз соғысты ең қатты сөздермен айыптаймыз және барлық мұсылмандардан және әлемнің бостандық талап етушілерінен оны айыптауды және Иран мен Ливанның зардап шеккен халқымен бірлік көрсетуді сұраймыз. Сондай-ақ барлық халықаралық әсер ететін тараптардан және әлем елдерінен, әсіресе ислам елдерінен бұл соғысты тоқтату үшін барынша күш салуын сұраймыз.