Берлиннің Батыс Азиядағы саясатына қарсы немістердің жаппай шерулері
Қыр 14, 2025 18:44 Asia/Almaty
ParsToday - Германияның астанасы Берлинде мыңдаған адам көшеге демонстрацияға шықты, Германия үкіметінің Украинаға қару жіберу әрекеттеріне және оның Батыс Азиядағы (Таяу Шығыс) саясатына наразылық білдірді.
15 мыңға жуық Германия азаматы Берлиндегі Бранденбург қақпасына жиналып, Палестина туын көтеріп, Берлиннің Батыс Азиядағы саясатына наразылық білдірді. Шерушілер «Газадағы геноцидті тоқтат» деген ұрандар айтып, Германия үкіметін Газа секторындағы соғысты тоқтату үшін дипломатиялық әрекеттерін арттыруға шақырды.
Сондай-ақ шерушілер Берлиннің Украинаға қару жіберу әрекетін сынап, Украинадағы соғысты тезірек шешуге шақырды.
Тегтер